Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт. Күнтізбе.
план-конспект урока по физике (9 класс) по теме

Панабек Венера Жолдасқызы

Бұл материалда 9 класс физика пәнінен "Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт. Күнтізбе" тақырыбына сабақ жоспары қамтылған.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл aspan_sferasyny4_kozg.docx17.63 КБ

Предварительный просмотр:

9а сынып                                            

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт. Күнтізбе.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау, негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Физикалық диктант «Аспан сферасы. Аспан координаталар жүйесі»

І вариант

  1. Радиусы анықталмаған жорамал сфера - ...... деп аталады.
  2. Сферадағы екі нүктенің арасындағы доғамен өлшенетін қашықтықты немесе оған сәйкес орталық бұрыш шамасын.................... деп атайды.
  3. Аспан сөзі ежелгі үнді тілінен айдарғанда .................. деген мағына береді.
  4. Зенитке қарама – қарсы орналасқан нүкте  .................. деп аталады.
  5. Зенит пен надирді қосатын нүкте .................. деп аталады.
  6. Тік сызықққа перпендикуляр әрі аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін жазықтық  ............................. деп аталады.
  7. Төңірегінде аспан сферасының айналысы сағат тілінің айналу бағытына кері болатын полюс ..... деп аталады.
  8. Зенит және дүние осі арқылы өтетін жазықтық ............. деп аталады.
  9. Аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін және  дүние осімен тік бұрыш жасайтын жазықтық ..... деп аталады.
  10. Жер экваторына параллель бағытталған жазықтық аспан сферасымен қиылысқанда пайда болатын үлкен дөңгелек  ................. деп аталады.
  11. Дүние полюстері және шырақ арқылы өтетін үлкен дөңгелек  .............. деп аталады.
  12. ............... – Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек.
  13. .............. аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды.

Физикалық диктант «Аспан сферасы. Аспан координаталар жүйесі»

ІІ вариант

  1. Аспан сферасында тек ......... өлшеулер қолданылады.
  2. Түркі халықтарының ежелгі ұғымы бойынша аспан .......................  қабаттан тұрады деп есептелінген.
  3. Бақылаушының дәл төбесінде орналасқан нүкте................. деп аталады.
  4. Көкжиек аспан сферасын нешеге және қалай бөледі?
  5. Зениттен М шырақ арқылы надирге дейін өтетін үлкен  дөңгелек  ............... деп аталады.
  6. Аспан сферасы және шырақтарының тәуліктік айналысы ................. төңірегінде өтеді.
  7. Дүние осінің аспан сферасымен қиылысатын нүктелері .......... деп аталады.
  8. Төңірегінде аспан сферасының айналысы сағат тілінің айналу бағытында  болатын полюс .....  деп аталады.
  9. Аспан меридианының аспан сферасымен қиылысқан кезінде пайда болатын үлкен дөңгелек  ............ деп аталады.
  10. Аспан экваторы аспан сферасын ............ және ................. бөледі.
  11. Кез – келген шырақ аспан сферасының тәуліктің айналысына қатыса отырып ............... деп аталатын кіші дөңгелектер бойымен қозғалады.
  12. Күннің эклептика бойымен қозғалуы .............. туындайды. Эклептика жазықтығы аспан экваторының жазықтығына  ................ бұрыш жасай орналасқан.
  13. Көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикалына дейінгі бұрыш - ..................

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Шырақтардың әр түрлі ендіктердегі тәуліктік козғалысы. Бақылау орнының географиялық  ендігі  өзгеруіне байланысты аспан сферасының айналу осінің горизонтқа қатысты бағдарының өзгеретіндігін біз енді   білеміз.   Аспандағы   шарықтардың жердің Солтүстік полюс, экватор және орта ендіктеіндегі аудандарында көрінетін қозғалысы қандай болатындығьн қарастырайық.

  Жер полюсінде дүние полюсі зенитте тұрады да, жұлдыздар горизонтқа параллель дөңгелектер бойымен қозғалады(1, а-сурет). Бұл жерде жұлдыздар тумайды да, батпайды да, олардыц горизонттан биіктігі өзгеріссіз қалады.

Орта ендіктерде бататын да, туатын да және горизонттан төмен түспейтін де жұлдыздар болады (1, б-сурет). Мысалы, полюс маңындағы шоқжұлдыздар (1, б-сурет) КСРОның географиялық ендіктерінде ешкашан батпайды. Дүниенің солтүстік полюсінен жыракта орналаскан шокжұлдыздар горизонт үстінен азғана уақыт көрінеді. Ал одан гөрі оңтүстікке бейімдеуі тумайтын шокжұлдыздар.

 Бірақ бақылаушы оңтүстікке карай бет алып жүрген сайын, соғұрлым ол оңтүстіктегі шоқжүлдыздарды көбірек көре алады. Жер экваторында бір тәулік ішінде бүкіл аспандағы шоқжұлдыздарды көруге болар еді, бірақ оған күндіз Күн бөгет жасайды.

Экватордағы      бақылаушы үшін барлық  жұлдыздар горизонт жазықтығына перпендикуляртауды және батады. Мұнда әрбір жұлдыз горизонт үстінде өз жолының дәл жартысын өтеді. Ол үшін дүниенін солтүстік полюсімен солтүстік нүкте, ал дүниенің оңтүстік полюсімен оңтүстік нүкте беттеседі. Дүние осі горизонт жазықтығында жатады (1, в-сурет).

1. Үлкен және кіші уақыт аралықтарын өлшейтін табиғи бірліктер.

2. Нақты және орташа күн тәулігі.

3. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт.

4. Жұлдыздық уақыт

5. Күнтізбе.

6. Ай күнтізбесі.

7. Тоғыс күнтізбесі.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§43,44  дайындық сұрақтарын талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

33-жаттығу (1,2), 34-жаттығу (1)

Карточка№1

Картада берілген мекен-жайдың зенит нүктесінің орнын қалай табуға болады?

Карточка№2

Алматыда (φ=43025|)  Вега жұлдызының жоғарғы шарықтауы қандай биікте болып өтеді?

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §44, дайындық сұрақтары.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

«Игерілген әдістерден қозғалыс әрекетін құру»

Урок учителя СОШ имени Т.Жарокова ЗКО Ишангалиевой Улмаш Мектепкалиевны...

«Демалыс бағының адам денсаулығын жақсартудағы және жергілікті жердегі табиғи процестерге әсері »

Научный проект ученицы 11 класс СОШ им.Т.Жарокова Жанибекского района ЗКО Коныровой Айман.Руководитель проекта-учитель биологии Закарина Гулия Сансызбаевна.Ссылка для закачки  -  http://depo...

Мостай Кәрим "Һеңлемдең төшө", 5 класс

Технологическая карта урока  по башкирской литературе с презентацией, проведенный в 5 классе.  Урок разработан по требованиям ФГОС....

Конспект урока по башкирскому языку на тему Мостай Кәрим. Һеңлемдең төшө. Омонимдар.

Мостай Кәрим. Һеңлемдең төшө. Омонимдар. Маҡсат: М.Кәримдең тормошо һәм ижады менән таныштырыу,өҙөктөң йөкмәткеһен үҙләштереү, бөйөк әҙиптең тормошо һәм ижадына ҡарата һөйөү, хөрмәт тәр...