Кыстаубай Арайлым Аскербеккызы

сайт учителя начальных классов

Сенімділік мақсатқа жеткізеді

Профессия: учитель начальных класс

Профессиональные интересы: шить

Увлечения: шить, рисование

Страна: Республика Казахстан

Регион: Кемеровская область

Населенный пункт: Каркаралинский район, Карагандинской обл

Место работы: №44 школа

Навигация

Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/kystaubay-araylym-askerbekkyzy
"Ізгіліксіз берген білім, ақымаққа берген қылышпен тең"
Менделеев

«Қыран  түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғам тірегі.         

Қазақстан Республикасының  жоғары педагогикалық  білім беру тұжырымдамасында  «Жаңа  формация мұғалімі – кәсіби дағды мен  педагогикалық  дарыны қалыптасқан , жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген. Мен өз сабақтарымда оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алу, талдап, зерделей білу құзіреттіліктерін қалыптастыру үшін жаңа техналогияларды қолданамын. Яғни олар:  «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер»,  «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Тaлантты  және дарынды  балаларды оқыту»,  «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытa», «Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Сабағымды Блумның ( білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау)  таксономиясына салып құрамын. Атап айтқанда    жобалау технологиясы; саралап даралап оқыту; дамыта оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту;  деңгейлеп оқыту технологиясын сабақ барысында тиімді пайдалану арқылы мынадай нәтижелерге жеттім деуге болады.

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3. Олардың  әрқайсының деңгейін анықтай аламын.

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аламын.

5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретемін.

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігін арттырамын.

7. Оқушы өзіне және өзгеге баға беруге машықтанады.

О себе

Мен Кыстаубай Арайлым Аскербеккызы Қазақстан республикасы, Қарағанды обл, Қарқаралы қаласында тұрамын. №44 орта мектепте 2 сыныпқа сабақ беремін. Сабақты Кембридж тәсілі бойынша өткіземін. Отбасылымын. Жолдасым және 4 балам бар. І категориялы бастауыш сынып мұғалімімін. Жұмыс чтажым 16 жыл

Книги, которые сформировали мой внутренний мир

Абай жолы авт: Мухтар Ауезов

Мои достижения

тақырыбы

жұмыс түрі

қосымша

1

«Мектепалды даярлық сыныбының мектепке қалыптасу диагностикасын  құру» (баяндама)

Аудан көлемінде

Аудандық мұғалімдер конференциясы

2

Аудандық жазғы сауықтыру лагерлері арасында өткен сайыста «Шуақ» лагерінің жұмысы

Аудандық жазғы сауықтыру лагерлері

Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Алғыс хат ІІ орын 2010жыл

3

Тақырыбы: «Оқушылардың ғылыми зерттеу әрекеті» семинар

Облыстық семинар

Куәлік сертификат

Қарағанды 2012

№0065741

3

«Тұран –Астана » университеті «Туризм және сервис» кафедрасы  ұйымдастыруымен ХХІ ғасырдағы ұлттық білім беру моделі » атты семинар кеңесіне қатысқаны үшін

 Облыстық семинар

Сертификат 2012ж

4

Аудандық «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби дидактикалық құзыреттілігі – педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі факторы»

Аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің семинары

Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Мадақтама

22.05.2013

5

ІҮ Облыстық зияткерлік «Зерек бала» сайысы

ІҮ Облыстық зияткерлік «Зерек бала» сайысына дарынды балаларды дайындағаны үшін

Алғыс хат

Қарағанды-2013

 

6

Халықаралық КИО интернет олимпиадасы математика пәні

 

Х Халықаралық КИО интернет олимпиадасына математика пәнінен  дипломант оқушыны дайындағаны үшін

 

Грамота  -2014

1

«Зерде» интеллектуалды ойыны, «Мал атасы», «7 саны мен цифры »; 201

Ашық сабақтар

Білімділер веб порталы

Сертификат

В00744

2

«Қазіргі бастауыш білім берудің даму жағдайы мен келешегі» тақырыбында ғылыми практикалық конференция

Саран қаласы

баяндама

Ғылыми жинақ

Сертификат

 

Моё портфолио

Өзгеріске барар жолда

 

  Әлем жылдам өзгеруде, бұл қарқынмен мұғалімдер де өзгеріп отыру қажет. Себебі мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өзгертудегі негізгі тұлға – мұғалім.

«Ұстаз-ұлы тұлға»  Осы бір сөздің түп төркінінде  үлкен ой жатыр.Жаңа ғасырдың жан - жақты, талантты құзыретті тұлға тәрбиелеу,  қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.

 Басты байлық – адам, ал адам байлығы – білім. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа ғасыр білекке емес - білімге, күшке емес - епке тоқтаған заман.Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.Сондықтан біз өзгеруіміз қажет, себебі әлемдегі барлық адамзаттардың ішінде мұғалімдер ғана үздіксіз оқудың маңызын біледі.Оқу бір орында тұрмайды, өзгеріс болмаса, өсу де болмайды.Мұғалім үнемі ізденісте болу керек.Алдымыздағы қоғамның құндылығы баланы тәрбиелеп, білім беруде сындарлы оқытудың тиімділігі жоғары екені дәлелденген.
     Егеменді ел болып, « ел межесі - елулікке ену» басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек.

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан - жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды-машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбиеде Кембридж университетінің сындарлы оқыту бағдарламасы ұсынылып отыр. Басты байлық – адам, ал адам байлығы – білім. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді.

   Сондықтан да өз құзыреттілігі мен кәсіби дамуы үшін әлемдік желілік байланыста болу шарт. Сонымен қатар мұғалім:

1. Мұғалімнің өз пәнін жетік білуі керек.

2. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын білуі керек

3. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін игеруі қажет. Себебі сапалы білім беру осы 3 элементке негізделеді

Стэнфорд университетінің құрметті профессоры Шульман Ли зерттеп "Мұғалімнің 3 көмекшісі: бас, қол, жүрек", - деген тұжырым жасаған екен. Ол мұғалімдерді тиімді дайындау үшін білімнің екі базасы (мұғалімнің пәндік білімі және педагогиканы білуі) және мәдениеттілігі (мұғалімнің моральдық және мәдени құндылықтары) бірлікте болу қажет екендігі туралы ой қорытты.Бұл жайлы алғаш күннен бастап сөз етіп келеміз. Бұл ойды кезінде өзіміздің ұлы ақынымыз Абай "Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" деп өз өлеңдері арқылы кемел адам сипатына тән қасиеттерді көрсетіп кеткен екен. Білім алуда оқушыға ең күшті әсер ететін күш - кері байланыс екен. Сондықтан да жаңа оқыту әдісі бойынша білім берудегі ең маңызды мәселе оқушылармен қарым - қатынасты жақсарту болып отыр.

Конфуцийдің «естігенімді ұмытармын, көргенімді есіме сақтармын, ал өз қолымен жасағанда түсінемін» дегендей алдағы уақытта модулдік оқытуды пайдалансақ білім сапасы, оқушылардың құзіреттіліктері, алған білімдерін өмір кезеңінде пайдалануы артады деп ойлаймын.

Адам өзгергенде оның ішкі жан дүниесі, ойлауы, қиялдауы да сындарлы ойлай білуге дағдылану керек. Әлеуметтік сындарлы оқытуды түсіну Выготский(1998) осы бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Мерсер, 1995;Александер, 2008)метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» Флавелл, 1976;Выготский,1978) деген атаулармен педагогикалық тәсілдер әлеуметтік –сындарлылық идеяларының маңызды түсіндірмелері ретінде қарайды. Сыни тұрғыдан ойлау екі мағынада қарастырылады:Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Оқытудың тиімді бағасын және оқыту үшін бағалауды түсіну осы жаңа тісілдермен байланысты.Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, мұғалісмдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағаланады.

Қазіргі заман талабына сай, мұғалім өзі үшін және болашақ үшін өзгеру керек.Уақыт өткен сайын кешегі күнмен емес болашақты болжай отырып, алдағы кедергілер қайдан болатынын зетрттй отырым бойындағы барлық құзіреттіліктерін қолдана білуі тиіс.Ол үшін оқу, ізденуді тоқтатпаса ғана алға қадам басарымыз анық.

Мои публикации:
Публикации моих учеников:
Добавить грамоту в портфолио
Мои альбомы