Тәуелсіздікке 25 жыл
классный час (2, 3, 4 класс) на тему

Тақырыбы:   «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!»

 

Мақсаты:  Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру.

     Ата бабаларын, тәуелсіздік жолында күрескен аға апаларын құрмет тұтуға, мақтан тұтуға, өз елін, жерін қорғайтын ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін ояту, елжандылық рухқа баулу, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 

    Қазақтың атақты адамдары туралы біліктерін, танымдарын кеңейту, өлең айту, би билеу, өлеңді мәнерлеп оқу қабілеттерін ашу арқылы шығармашылық, өнерпаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Көрнекілік: «Тәуелсіздікке 25 жыл» стенд, слайдтар, нақыл сөздер,  шарлар мен жалаушалармен  безендірілген бөлме.

Түрі: ертеңгілік

Әдісі: әдеби-музыкалық монтаж, 

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon tuelsizdik_biik_bolsyn_tugyryn_25_zhyl.doc81.5 КБ

Предварительный просмотр:

Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі Аймухамбетова Ләззат Сәндібекқызы

Тақырыбы:   «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!»

Мақсаты:  Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. 

     Ата бабаларын, тәуелсіздік жолында күрескен аға апаларын құрмет тұтуға, мақтан тұтуға, өз елін, жерін қорғайтын ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін ояту, елжандылық рухқа баулу, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 

    Қазақтың атақты адамдары туралы біліктерін, танымдарын кеңейту, өлең айту, би билеу, өлеңді мәнерлеп оқу қабілеттерін ашу арқылы шығармашылық, өнерпаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Көрнекілік: «Тәуелсіздікке 25 жыл» стенд, слайдтар, нақыл сөздер,  шарлар мен жалаушалармен  безендірілген бөлме.

Түрі: ертеңгілік

Әдісі: әдеби-музыкалық монтаж,


Барысы. 
Кіріспе сөз. 
Жүргізуші: 

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін, кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

  •  Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Мереке құтты болсын!

Осыған байланысты бүгінгі «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!» атты ертеңілігіне  қош келіпсіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымызда  егеменді еліміздің өткен шағы мен осы шағына, яғни  «Тәуелсіздік толғауларына» көз жүгіртіп, құлақ түреміз. 

Шарықта, шарла көкте көк байрағым,

Арманым,  Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.

ҚР әнұраны орындалады.

Жүргізуші:    -  Ертеңгілігімізді Тәуелсіз ел аясында,  бейбіт өмірдің, қамқор Отан – ананың құшағында бақытты балалық күндерін кешіп жүрген жас достарымызды,  яғни 2-класс оқушыларын  «Жас қыран» ұйымының қатарына қабылдаудан бастамақпыз.
    Мектебімізде  «Жас қыран» ұйымында 3 – 4 класс оқушыларынан  6 – оқушы бар болса,   бүгін біз «Жас қыран» ұйымына  2 - класс оқушыларын  Сағынтаева Аяулым мен Киреева Ариананы қабылдамақпыз.

  • Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін  «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
    Отанның ер ұланы,
    Жер қайысқан қалың қол,
    Тәуелсіз ел қыраны
    Ант беруге дайын бол!
    Салтанатты түрде ант беру рәсімі:
  • Анттың мәтіні: 
    Мен, ____________________, Республикалық  «Жас Қыран» балалар ұйымының қатарына кіре отырып:
    Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
    Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
    Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
    Ата-анамды қадірлеуге;
    Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
    Білімге табандылықпен ұмтылуға;
    Салауатты өмір салтын ұстануға;
    Табиғатты аялауға;
    «Жас Қыран»  Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
      Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
    АНТ ЕТЕМІН,  АНТ ЕТЕМІН,  АНТ ЕТЕМІН!
  • Құрметті  2-класс оқушыларының ата-аналары, сіздерді  «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға  төсбелгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

  «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігіне ақ жол тілеп, құттықтау сөзі мектеп меңгерушісі және  төсбелгі тағу рәсімі – 2-класс оқушыларының ата-аналарына беріледі.   (Құттықтау сөздер айтылып  төсбелгі тағылады.)
Жүргізуші:   -  Құрметті, оқушылар  «Жас Қыран» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

1-Жүргізуші:

Тәуелсіздік.

Тәуелсізбін  мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен елдігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Қанатыңнан қайрылып,

Қыл-арқаңнан айрылып

Қонақ-  Тәуелсіздіктен,

Қала көрме айрылып!

2-Жүргізуші:

 «Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…» Ж. Молдағалиевтің  осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап

бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37-жылдардағы нәубет,  1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі...          Тәуелсіздіктің құны міне осындай…

І- жүргізуші: 

        Биыл 2016 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды.    Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздік алғанына  25 жыл толған мерейлі күнін қазақ халқы дүбірлі  тойлап жатырмыз.

      Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

 «Жылдар сөйлейді»  оқушылар қолында елеулі жылдар жазылған қима қағаз. бір-бірлеп шығып, оқиғамен кезекпен таныстырып тұрады. Сахна ортасындағы стендке жылдарың баспалдақ түрінде іліп тұрады. Ең биік шыңда ТУ, Шұғылалы күн, Қыран бейнесі тұрады.

1723-1725 жылдар -  Ақтабан шұбырынды         /Айболат/

Әз бабам азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңлақ құрбан кеткен.
Солардың құдіретті ой - арманы,
Таң боп тәуелсіздік бізге жеткен

«Жау жүрек мың бала» кинофильміне үзінді көрсету. (Сартайдың сарбаздардан қол жинау сәтінен көріністі көрсету)

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып,

                       Атам қазақтың абыройын сақтайық.           (Төле би)

1941-1945 жылдар  - Ұлы Отан соғысы.       /Инара/

Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Жасасын Жеңіс! Болмасын соғыс!  Болмасын!

1986 жыл -  Желтоқсан оқиғасы - біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.    /Аяулым/

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

  Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы» толғау-өлеңіне  бейнеролик көрсету.

Жаннұр-1991жыл:

1991 жылы 29-тамызда -  Семей полигоны  жабылды.    

                         Айшолпан:              Ұлан-байтақ жеріңді

Бөтен ел таптамасын!

Ешқандай жау аттамасын!

Ие болып өзің туған жеріңе,

Жер-ана қызмет етсін еліңе,

Атом жарылмасын төріңе,

Ие болып, қорғасақ,

Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.

«Невада-Семей» ядролық палигонының жабылуы туралы бейнеролик көрсету.

2-жүргізуші:

      Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге 

енбеген оқиғалар болды, сол  жетістіктерді атап өтейікші.

1991 жылы 1-желтоқсанда  - еліміздің  түңғыш президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев сайланды.        

Сымбат:    Тоқсан бірде Президентті сайладық,

        Еркіндікке белді бекем байладық.

Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,

          Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.

Тұңғыш президентті сайлау туралы бейнероликтен үзінді көру.

1991 жылы 2-қазанда – қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты 

Айбар        Алтын бесік тербеткен,
       “Байқоңырдан ”аттандың.
  Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.

Т.Әубәкіровтың ғарышқа ұшу сәтінен көрініс

1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн – Тәуелсіздік күні.      

                Жаннұр:            Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!

Тәуелсіздік туралы бейнроликтен үзінді

25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

Бодандығым ғасырларға жалғасқан

Қазір, міне артта қалды келмес күн

1992 жылы 2-наурызда  - ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.    /Ариана/

1992 жылы  4-маусымда  - ҚР-ның  мемлекеттік рәміздері қабылданды.

Ел ұраны, Елтаңбасы,

Елдің туы – көк жалауы. 

Бәрімізге рух береді, 

Қазақ елі рәміздері.

Слайдтан Рәміздер суреттері көрінеді

1993 жылы 15-қарашада -  мемлекетіміздің ұлттық валютасы  теңге айналымға енді.   /Айбар/

Дүние, дөңгелеудей дөңгеледің.

Өзі тауып жатады ел керегін.

Қазақ, қазақ болғалы қолға ұстаған

Құтты болсын ағайын,

23 жыл толуымен теңгелерің!

Слайдтан Ұлттық валютамыз теңгенің суреттері көрінеді

 1995 жыл 30 тамыз  - ҚР - ның жаңа Конституциясы қабылданды.   /Сымбат/

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына 

Тікелей әсер еткен ғұмырына 

Айналды Ата Заңым мызғымайтын 

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Елбасының Конституцияны ұстап тұрған ант беру сәтінен көрініс
1998 жыл 10 маусым - Астананың халықаралық тұсаукесері.   /Айшолпан/

Ардақталды Астанам

Мәртебелі бас қалам 

Көркейе бер күн сайын

                                                                  Алға қарай, бас қадам.

Астана қаласының көрікті жерінен көрініс
2010 жыл - Қазақстан ЕҚЫҰ - ға (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) төрағалық етті.                        /Айболат/
2011 жыл - Қазақстанда ҮІІ Қысқы Азия ойындары өтті.       /Инара/
2012 Жылы - 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін тойлады      /Сымбат/

1-жүргізуші: - Міне, Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерін саралап, қорытындыласақ,   «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан» деп елбасымыз айтқандай, кең - байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу - барлығымыздың парызымыз.

2-жүргізуші: - Ендігі кезекті Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына арнаған оқушылардың ән-шашуына кезек берсек.

Ән:  Балсейтова Сымбаттың орындауында  «Туған жер»

Би:  «Флешмоб –Мен қазақпын»

Жүргізуші:

Тәуелсіздік, бабалардың ұраны,
Тәуелсіздік, бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар болып жанып қалған шырағы.

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

 Айболат:  /Жамбыл Дүйсенов  - ақын баланың өлеңдері/.

Мен, мен едім, мен едім, тәуелсіз елдің таңы едім.
Кіршіксіз көңіл ақ қардай халқымның аппақ ары едім.
Көмейден шығып көкке өрлеп, даламды кезіп жырлаған,
Аталар салған, апалар салған ән едім.

...Көк туым шалқып төрімде, елімнің бағы таймасын,
Жас болып ару - Астанам, құлпырып күндей жайнасын.
Тәуелсіздігім - тәтті сый тәңірден келген, ағайын,
Бар қазағым бақыттың 25-ші жылын тойласын

   Ән:  Рысқұлов Айболаттың орындауында «Қазақстаным»    әні

Жаннұр:

Мың өліп, мың тірілген қаһарман ұлт - қазағым, 
Аз ба сенің өткерген адам төзбес азабың.
Өткеніңе үңіліп, бүгініңе көз тастап,
Тарих бетін ақтарсам мұң шертеді азалы үн. 
 

Инара:

...Тәуелсіз күнге жеткенше айырылдық талай тарланнан,
Тайғанап тасқа құладық асусыз биік заңғардан.
Аққа да қара жағылып, телміріп темір торлардан 
Еркіндік күттік сарылып арайлап атқан таңдардан.

Айшолпан:

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім!

Ән:   Темірбекова Жаннұрдың орындауында «Тәуелсіздік толғауы»

Айбар: 

М.Мақатаев  «Отаным»

Сымбат: 

Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме!

Аяулым мен Ариана:

«Туған өлкем»

Би: «Қазақша би»

    

ІІ-жүргізуші 

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім!

 

Ән:    хор «Атамекен» 

І-жүргізуші. 

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!»   атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Тәуелсіздікке 20 жыл

"Тәуелсіздікке 20жыл" бастауыш класқа арналған кластан тыс мерекелік шара презентация...

«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» сайыс

Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерл...

Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың белгісі

Жас жеткіншектерді   еліміздің   тәуелсіздік  алғалы  20 жыл  ішінде  жеткен  табыстарымен таныстырып ,білімдерін   нығайту. Отанын  құрметт...

Тәуелсіздікке 25 жыл

Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі Аймухамбетова Ләззат Сәндібекқызы Тақырыбы:   «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!» Мақсаты:  Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен танысты...