Тәуелсіз Қазақстан: Бейбітшіліктің,келісім мен жасампаздықтың 20 жылы
материал (3 класс) по теме

Жумагалиева Роза Матжановна

Тәрбие сағаты 3-класс

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл trbie_sagaty.docx19.41 КБ

Предварительный просмотр:

Тәуелсіз Қазақстан: Бейбітшіліктің,келісім мен жасампаздықтың 20 жылы

Мақсаты:

Білімділік:  Тәуелсіздіктің 20 жылдығы жөнінде және осы жылдары жеткен

                      жетістіктер туралы әңгімелеу.Елбасының қоғамдағы орнын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың саналы ойлауын,ой қорыта білу,талдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:  Елжандылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.Отаншылдық сезім мен

                      тұрақты моральдық мінез-құлықтың беки түсуіне ықпал ету.

Көрнекілік: Ел рәміздері,нақыл сөздер,тақырыпқа байланысты суреттер,кітаптар.

Барысы:   I.Ұйымдастыру

  1. Сабақтың мақсатын хабарлау
  2. ҚР әнұранын орындау

II. Кіріспе бөлім.

     Бүгінгі тәрбие сағатымыз Елбасының мұраты- ел бақыты,гүлденген Отанымыздың тәуелсіздік алғанына  22 жыл толуына байланысты өткізіліп отыр.ҚР Президентінің 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік туралы Жарлығы жарияланысымен-ақ дүние жүзінің құлағы елең етіп,егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады.Бұл күнде қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел.Сондықтан да 1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып отырған республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл.Сол күні

республикамыздың аспанында Қазақ елінің өз Жалауы желбіреп,елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.Бұл рәміздер – еліміздің тәуелсіз,егемен ел екендігін паш ететін нышандар.Халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын,қаһармандығы мен даналығын,болашаққа үмітін,арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Еліміздің Туы мен Елтаңбасы 1992 жылы  4-маусымда ,ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.

   

   «Біздің туымыз-тәуелсіздік,тілегіміз-бейбітшілік,тыныштық,күш қолдану мен жанжал атаулыны болдырмауға бар ерік-жігерімізді аямаймыз.Осы мақсат жолында Қазақстандағы барлық ұлттар өкілдерінің бір кісінің баласындай,бір қолдың саласындай күш біріктіруіне мүдделіміз»

                                                                                                                         Н.Ә.Назарбаев

III. Негізгі бөлім.

       Міне,осындай бақытты Отанымыздың одан әрі гүлденуіне,көркеюіне  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың орасан зор еңбегін айтуға болады. Н.Ә.Назарбаев – қалың елінің жанашыры,мұңдасы,қорыққанға қорған,тарыққанға пана болатын елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары,ертеңін оза ойлай білетін көсем,сөйлескенде сөз алатын, егескенде еңсесін басатын,елдескенде мейірімін шашатын,туған халқының тағдыры үшін күрескен сарабдал саясаткер.

Тақтамен жұмыс  «Елі сүйген,елін сүйген Елбасы»

«Нұрсұлтан Назарбаев – түрік әлемінің лидері.»

                                                                    Т.Ердоған. Түркия премьер-министрі

Н.Ә.Назарбаев – әлем мойындаған бүгінгі заман лидері.

   

     Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екендігін Түркия елі бірінші болып мойындады. Ендеше қазірде әлем Тәуелсіз Қазақстан туралы былай дейді:

    «Қазақстан және Н.Назарбаевтың өзі бейбітшілікті нығайтуға жеке үлес қосты. Қазақстаннан үлгі алған бірнеше мемлекет ядролық қарудан өз еріктерімен бас тартты.Менің ойымша, әлем Қазақстанға алғыс айтуға тиіс.»

                                                                                     Дж.Стро.

                                                                         Ұлыбританияның сыртқы істер министрі

   

   «...Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттік құрылыс пен экономикалық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп,үдере гүлдену мен тынымсыз ілгері басуды бастан кешіріп отыр.Біз Қазақстанның көршілесі ретінде бұл табыстарға шын жүректен қуанамыз.»

                                                               Цзянь-Цземин.

                                                           1993-2003 жылдардағы ҚХР-дың төрағасы

«Ой тастау»

1.Елбасының негізгі мұраты, яғни алға қойған мақсаты не деп ойлайсыңдар?

Елбасының мұраты:  

     -  Саяси тұрақты мемлекет құру

  • Тәуелсіздікті ұрпақтан ұрпаққа аманат ету
  • Дені сау,интеллектуалды  ұрпақ қалыптастыру
  • Экономиканы көтеру
  • Білімді ұлт қалыптастыру

2.Ел бақытының белгілеріне не жатады?

Ел бақыты:

  • Білімді ұрпақ
  • Тәрбиелі ұрпақ
  • Салт-сананы ұстанған ұрпақ
  • Ата-ананы құрметтейтін ұрпақ
  • Отанын шын сүйетін патриоттар

  Біздің елімізді АҚШ,Еуроодақ «Стратегиялық әріптесіміз» деп атайды.Іргеміздегі Қытай,Ресей секілді екі алып көршімен де Қарым—қатынасымыз күннен –күнге сапалық жоғары деңгейге көтерілуде.Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға берілді.Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерінің 95%-ы қосылды. 90 жылдардағы экономикалық қиындықтарға қарамастан «Болашақ» бағдарламасы құрылды. Енді әр жыл сайын 3 мың қазақстандық 25 мемлекеттің ең озық университеттерінде оқып жүр.Бүгінде жалпы саны 20 мыңнан асатын қазақстандық шетелде білім алуда. Сонымен қатар, Қазақстан – дүниежүзілік беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі.

  • 1992 жылы 2-наурызда БҰҰ-ға мүше болды.
  • 1992 жылы 30-қаңтарда ЕҚЫҰ – ға мүше.
  • Атом энергиясын басқару жөніндегі халықаралық агенттік
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамы т.б.беделді ұйымдардың мүшесі және

әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға.Осындай ауыз толтырып айтарлық жетістіктеріміз өте көп.

Сондықтан мазмұны мен өрнегі жарасқан Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,күніміз мәңгі сөнбесін деп тілейік!

( оқушылардың тақпақтары)

1.Мен жас ұланмын,

   Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі.

   Нұрға,гүлге толтырамын

   Өзім туған өлкемді.

2.Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

   Алу мақсат ел деп алғыс,сауапты.

   Әр отбасы,әрбір қазақ,әр адам,

   Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

3. Тапқандаймыз өрелі ісін,өрісін,

    Татқандаймыз Тәуелсіздік жемісін.

    Жар салатын біздің ұран бүгінгі –

    Ұлтаралық татулық пен келісім.

      4. Республикам мейірімді мәрт ана,

    Тосқауылды бұзып өттің қаншама.

     Қазыналы ұлан байтақ өлкеге

     Бүкіл ғалам көз тігеді тамсана.

5. Топырағыңмен тамырласып кіндігім,

     Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін.

     Нығайтамын елдігімнің тұғырын,

     Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін.

6. Әлемге атың жайылсын жарқын,

    Жасай бер,жаса Қазақстан!

          Баянды болсын бақытың,халқым,

          Жасай бер,жаса Қазақстан!

IV. Қорытынды

 

  Бүгінгі Қазақстан – әлем таныған егеменді,демократиялық және құқықтық мемлекет. Тәуелсіздіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.Тәуелсіздіктің бізге оңай келмегені бәрімізге белгілі.Қанша қиындықпен келсе де ХХ ғасырдың бізге сыйлаған ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Міне,осы жайнаған елімізді одан әрі өркендету бәріміздің парызымыз.

   Тәуелсіздік шаттығы,Тәуелсіздік қуанышы,Тәуелсіздік тойы тұғырлы,баянды болсын!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Эссе на тему: « Стань собой – стань свободным!»

Профилактика табакокурения среди молодёжи....

Кем станем мы, когда большими станем?

Использование  кейс - технологии обучения  во внеурочной деятельности " Мир профессий"  во 2классе *Вид 1 кейса – документальный*Учебный  видеокейс  Кейс-стади — это инте...

Тәуелсіздікке 20 жыл

"Тәуелсіздікке 20жыл" бастауыш класқа арналған кластан тыс мерекелік шара презентация...

«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» сайыс

Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерл...

Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың белгісі

Жас жеткіншектерді   еліміздің   тәуелсіздік  алғалы  20 жыл  ішінде  жеткен  табыстарымен таныстырып ,білімдерін   нығайту. Отанын  құрметт...

Тәуелсіздікке 25 жыл

Тақырыбы:   «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!» Мақсаты:  Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру.     Ата бабаларын, тәуелсіздік жолында күрескен аға...

Тәуелсіздікке 25 жыл

Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі Аймухамбетова Ләззат Сәндібекқызы Тақырыбы:   «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!» Мақсаты:  Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен танысты...