Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың белгісі
классный час (1 класс) по теме

Бекбергенова Сара Алимжановна

Жас жеткіншектерді   еліміздің   тәуелсіздік  алғалы  20 жыл  ішінде  жеткен  табыстарымен таныстырып ,

білімдерін   нығайту.

Отанын  құрметтей  білетін , болашақта  Қазақстанды өркендетуге

 өз   үлестерін  қосатын  азамат  тәрбиелеу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Office presentation icon tauelsizdik_elim_menin.ppt1.93 МБ
Файл tuelsizdik_20_zhyl.docx18.59 КБ

Предварительный просмотр:


Подписи к слайдам:



Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы:     Тәуелсіз Қазақстан Бейбітшіліктің, келісім мен  

                                                 жасампаздықтың 20 жылы

Сабақтың мақсаты:  Жас жеткіншектерді   еліміздің   тәуелсіздік  алғалы

                                   20 жыл  ішінде  жеткен  табыстарымен таныстырып,

                                  білімдерін нығайту. Отанын  құрметтей  білетін,    

                                  болашақта Қазақстанды өркендетуге  өз   үлестерін  

                                  қосатын  азамат тәрбиелеу.

Әнұран орындалады.

Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,

Жиырма жыл тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы.

Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің,

Құтты болсын, еркіндігі, ата-баба арманы

Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында  ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 86 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады. Кімнің көңіліне жара салмады?!        

Тәуелсіздік бізг оңайшылықпен келген жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда өткен пленумда орталық комитетінің І хатшысы Д.Ахметұлы Қонаевты орнынан босатты. Орнына Г.Колбинді қойды.

1-оқушы:  Қасқалдақ ұшып көлінен,

                Шүрегей келіп қонған күн.

                Қыранды қуып көгінен

                Қарғалар билік алған күн.

2-оқушы: Нашақор деп, ұлтшыл деп

                Қазаққа күйе жаққан күн

                Базары кетіп, бір күнде

                Қайғыға халық батқан күн.

Бұрқ етті қазақ баласы,

Кеудеде өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып барлық шарасы.

Ән: «Желтоқсан желі ызғарлы».

Көрініс: «Қайрат деген атым бар...»

Қайрат, Ләззат желтоқсан құрбандары

 

Қайрат, Ләззат өз елі, отаны үшін, Қазақстанның тәуелсіздігі үшін құрбан болды. Бірақ кейінгі ұрпақ олардың ерліктерін ешқашан ұмытпайды.есине ал есине ал жас достар

Бул жерде батыр жок кол бастар

Бул жерде жүректе мұз жатыр

1996 жылы 9 жылтоқсанда Қ.Рысқұлбековке халық қаҺарманы атағы, Ләззатқа  «ақталуы» жөніндегі анықтама берілді.  

1-оқушы: Ұяңнан ұшып шығып оралмадың,

                Ауылыңа Ақжазықтың қона алмадың,

                Шілде айы туған күнің екен сенің,

                Ол күннің қонағы боп келе алмадың.

2-оқушы: Қайырылмай кеткен қарлығаш,

                Желбіреген қолаң шаш,

                Он жетіге келе алмай,

                Қиылып кеткен қыршын жас.

Үзінді: «Желтоқсан жалауы»

-Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Басымыздан құт-береке қашпасын деп найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.Достықты сақтай білген елміз,дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Ия, осылай деп тебіренген қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздікті  алғанымызға

 20 жыл толып отыр.

Биыл Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл. Сол 20 жыл ішінде Қазақ елінде көптеген өзгерістер болды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда президенттік сайлау болды.Оның қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланды. Осы 20 жыл ішінде коптеген өзгерістер болды.

1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.

1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.

1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.

1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.

1995жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.

1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.

1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.

1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.

2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы.

2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.

2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.

2005 жыл-«Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді

2008-09 жыл-Қазақстанда берілетін жәрдем ақы,айлық табыс,пенсия көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты.

2010 жыл-Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып, ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады.

Бүгінгі Қазақстан – әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан – әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет. Тәуелсіздік шаттығы, Тәуелсіздік қуанышы,Тәуелсіздік тойы тұғырлы, баянды болсын.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Эссе на тему: « Стань собой – стань свободным!»

Профилактика табакокурения среди молодёжи....

Кем станем мы, когда большими станем?

Использование  кейс - технологии обучения  во внеурочной деятельности " Мир профессий"  во 2классе *Вид 1 кейса – документальный*Учебный  видеокейс  Кейс-стади — это инте...

Тәуелсіздікке 20 жыл

"Тәуелсіздікке 20жыл" бастауыш класқа арналған кластан тыс мерекелік шара презентация...

«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» сайыс

Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерл...

Тәуелсіздікке 25 жыл

Тақырыбы:   «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!» Мақсаты:  Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру.     Ата бабаларын, тәуелсіздік жолында күрескен аға...

Тәуелсіздікке 25 жыл

Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі Аймухамбетова Ләззат Сәндібекқызы Тақырыбы:   «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!» Мақсаты:  Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен танысты...