«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» сайыс
классный час (3 класс) по теме

Ахметжанова Нургуль Оразгалиевна

 

Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл tuelsiz_eldin_bilimdi_urpaktary.docx23.25 КБ

Предварительный просмотр:

 «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» сайыс

 Сайыстың мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет»Ш.Уәлиханов.

Көрнекіліктері: слайдтар,суреттер

Пәнаралық байланыс: математика,ана тілі,қазақ тілі

Сайыстың жүру барысы:

Жүргізуші:

 Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру:

Әділ- қазылар алқасын сайлау:

1.-----------------------------------------------------------

2.-----------------------------------------------------------

 Бағалау парағы беріледі. Әр топтың жеке таныстыруы.

Сайыс шарттарымен таныстыру:

  1. Әріптер сөйлейді
  2. Сандар сыры
  3. Пәндер сыры
  4. Мақал-мәтелдер

Алғашқы бөлім  «Әріптер сөйлейді». Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі.

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

Қ

Л

М

Н

Ң

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

Ш

Щ

Ъ

Ы

І

Э

Ю

Я

А- Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/

Ә- Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/

Б- Астана қаласының символы /Бәйтерек/

В- 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/

Г- Ауланың көркі /Гүл/

Ғ- Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ  /Ғасыр Адамы/

Д- Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы /Дін/

Е- «Алтын адам» қайдан табылды? /Есік қаланың маңынан/

Ё- Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? /1992ж 4 маусым/

Ж- Ф.Оңғарсынованың өлеңі /Жылу/

З- Сиырдың пірі /Зеңгі баба/

И- Елбасымыздың мамандығы /Инжинер- металлург/

Й- Жарақат алып қан ды тоқтату үшін қолданатын дәрі /Йод/

К- Жұмбақ.Қабат-қабат қаптама,Ақылың болса таптама /Кітап/

Қ- Біздің ұлтымыз /Қазақ/

Л- Мектептің бұрынғы атауы /Ленин орта мектебі/

М-Балапан қанат қақты іңгімесінің авторы/Мағжан Жұмабаев/

Н- Ас атасы / Нан/

Ң-Орманда нелер жүреді? /Аңдар/

 О-Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор/

Ө-Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/                 

П-Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/

Р-Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі /Р.Бағланова Р.Рымбаева/

С-Сиырдың беретін тағамы  /Сүт/

Т-Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел  /Түркия/

У-Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті  /Уыз/

Ұ-Құстың үйі  /Ұя/

Ү- Үй құсы /Үйрек/

Ф-«Екінші ұстаз» атанған ғұлама  /Фараби/

Х-Алыстағы ағайын,достарға жазатын ол не? /Хат/

Һ-Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халық қаһарманы/

Ц-Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/

Ш-Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы.

/Ш.Қалдаяқов/

Щ-Тіс тазалайтын зат /Щетка/

Ъ-Көп қабатты үйлерде не болады? /Подъезд/

Ы-Тағам салатын зат /Ыдыс/

І-Киім ілетін зат/Ілгіш/

Э-Трактордың бір атауы /Экскаватор/

Ю-Халқымыздың қолданбалы өнерінің  бірі  /Ою/

Я-Кеңес Одағы Батыры атағын алған қазақ қызы /Әлия/

 Екінші бөлім «Сандар сыры»

Бұл бөлімде әр топ бір сан таңдайды Сұрақ сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

3 саны

Ø      Үш дананы атаңыз /Абай, Шоқан, Ыбырай/

Ø      Үш байлық /Денсаулық, ақ жаулық, он саулық/

Ø      Үш тұл /Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым/

Ø      Үш алыс /Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы/

Ø      Үш қадірлі /Бақ, ырыс. Дәулет/

4 саны

Ø      Төрт тұлға /от, су, жер, жел/

Ø      Төрт маусым /Қыс, көктем, жаз, күз/

Ø      Төрт періште /Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил/

Ø      Төрт мұрат /Дау мұраты- біту, сауда мұраты- ұту, жол мұраты- жету, қыз мұраты- кету/

Ø      Төрт кітап /Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран/

5 саны

Ø      Бес парыз/Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық/

Ø      Бес қару /Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта/

Ø      Бес намаз /Таң, бесін, екінді, ақшам, құптан/

Ø      Бес жаратылыс /Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн/

Ø      Бес өсиет /Топасқа сенбе, Жауға иілме, Әрқашан сақ жүр, Аш үйге қонба, Жарлыдан сый алма/

 7 саны

Ø      Жеті күн  /Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі/

Ø      Жеті ата  /Бала, әке. ата, арғы ата, баба. ту ата, тек ата/

Ø      Жеті қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы/

Ø      Жеті жұт /Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық/

Ø      Жеті жоқ /Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт/ 

Үшінші бөлім «Пәндер сыры»

Қазақ тілі

10

20

30

Математика

10

20

30

Ана тілі

10

20

30

Сұрақтар өткен тақырыптардан алынады.Ұяшықты таңдағанына байланысты 10, 20, 30 баллдарымен бағаланады.

 Қазақ тілі

10-Мәтін деген не?Неше түрі бар?

 20-Жұрнақ пен жалғаудың ережесін айт

30- Сөз таптары  ережесін айт.      

Математика

10- Жұмбақ.Жоқ өзінде бас та,қас та, мойын да,Ұзындығы жазулы тұр бойында

20-Тік төртбұрыштың қасиеті

30-Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз

Ана тілі

10-Ы.Алтынсариннің қысқаша өмірбаяны

20- Диалог дегеніміз не?

30-Төрт түліктің атасын ата?

Соңғы бөлім  «Мақал-мәтелдер сайысы».

1.Отан туралы

2.Еңбек туралы

3.Тәртіп,тазалық туралы

Соңғы қорытынды сөз әділ-қазыларда.

 Сайысты қорытындылау.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

"ХХІ Көшбасшысы" зияткерлік сайыс

Шағын комплектілі бастауыш мектебінің 3-4класс оқушыларына арналған кластан тыс шара. Инттелектуалдық сайыс...

Тәуелсіздікке 20 жыл

"Тәуелсіздікке 20жыл" бастауыш класқа арналған кластан тыс мерекелік шара презентация...

Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың белгісі

Жас жеткіншектерді   еліміздің   тәуелсіздік  алғалы  20 жыл  ішінде  жеткен  табыстарымен таныстырып ,білімдерін   нығайту. Отанын  құрметт...

Тәуелсіздікке 25 жыл

Тақырыбы:   «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!» Мақсаты:  Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру.     Ата бабаларын, тәуелсіздік жолында күрескен аға...

Тәуелсіздікке 25 жыл

Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі Аймухамбетова Ләззат Сәндібекқызы Тақырыбы:   «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!» Мақсаты:  Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен танысты...