Есеп. Қанша қымбат? 1-класс
план-конспект урока (математика, 1 класс) по теме

Жумагалиева Роза Матжановна

Математика пәнінен сабақ жоспарының үлгісі

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл matematika.docx17.21 КБ

Предварительный просмотр:

Тақырыбы: Есеп. Қанша қымбат?

Мақсаты: «Қанша қымбат?» ұғымымен таныстыра отырып,сол арқылы берілген есептерді шешудің жолдарын түсіндіру.

Міндеттері:

     -   есеп түрлері жайлы оқушылардың білімдерін жетілдіру;

  • есептеу дағдыларын, ой-өрісін,есте сақтауын дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру;
  • шыншыл, адал болуға, әдептілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын,АКТ технологиясы

Түрі: жаңа сабақ

Типі: дәстүрден тыс

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері,алтын ақшалар,қап,асық.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

-сабақтың мақсатын хабарлау.

-психологиялық дайындық.

               Үлкенге де сіз,

                Кішіге де сіз.

                Бар адамды құрметтеп,

                Бас иеміз біз.

-Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз ертегі түрінде өтеді.

     Ерте,ерте,ертеде бір бай мен Алдаркөсе болыпты. Бай өте қызғаншақ,үйіне адам келсе кіргізбейтін сараң болған. Ал Алдаркөсе болса - ақылды,айлакер,зерделі қу.Ол өзінің айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырған. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды әжуа ету болған.

    Сол Алдаркөсе бір күні Байды қайткенде де алдап, алтын ақшаларын алғысы келіп, байға келеді. Бай оған тапсырмалар орындаса ғана беретіндігін айтты.Сендер Алдаркөсеге көмектесесіңдер ме? Егер сендер оған көбірек көмектессеңдер оған бай да көп алтын ақша береді.

ІІ. А)Үй тапсырмасын тексеру

    Ә) Өткенді пысықтау.  «Бес асық» ойыны.

1.Бір таңбалы сандарды ата.

2.Екі таңбалы сан

3.Есептің құрамды бөліктерін ата

4.Екі сан аттай отырып тура сана

5.Бір сан аттай отырып кері сана

ІІІ.Негізгі бөлім

  • Балалар, енді Алдаркөсе мен Байдың киіміне назар аударайық.
  • Қайсысының шапаны әдемі?
  • Кімнің шапаны қымбат деп ойлайсыңдар?
  • «Қымбат» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

(Мысалдар арқылы түсіндіру)

Дәптер – 10тг         ? қымбат

Қарындаш – 7тг

10 – 7 = 3(тг)

Жауабы: дәптер 3 теңгеге қымбат.

ІV.Оқулықпен жұмыс

Тапсырмалар орындау. №1 (Тақтада) (Байдың 1-тапсырмасы)

Есептерді салыстыру.

  • Ұқсастығы қандай?
  • Айырмашылығы қандай?

V.Сергіту сәті.   Мультфильм «Сиқырлы қасық»

Мультфильмге қатысты 5сұрақ қою. Мақсаты: оқушының зейінін, есте сақтауын дамыту.

1.Ертегіде жылдың қай мезгілі суреттелген? (жаз)

2.Алдаркөсе неше қасық тауып алды? (1)

3.Байдың шапанының түсі қандай? (көк)

4.Байдың үйінің қасында неше қазандық құрылған? (1)

5.Алдаркөсенің киімінің түсі қандай? (қоңыр)

№2 (3 оқушы тақтада орындайды) (Байдың 2-тапсырмасы)

Теңдік,теңсіздік,өрнекті ажыратып үш бағанға жазу.

№3 (өз бетімен жұмыс).  Бір-бірін тексеру, дәптер алмастыру.

(Байдың 3-тапсырмасы)

        5, 4,

№5 (ауызша) ) (Байдың 4-тапсырмасы)

  • Міне,балалар Алдаркөсе сендердің арқаларыңда барлық тапсырмаларды орындап шықты. Оған бай өзінің барлық алтын ақшаларын беруіне тура келді. Ал Алдаркөсе болса сендерге «Жарайсыңдар!» деп рахметін айтып жатыр.  

VІ. Бекіту.

  • Бүгін қандай ұғыммен таныстық?
  • Заттардың бір-бірінен қанша қымбат екенін қалай табамыз?
  • «Қанша қымбат?» сөзі қай сөзді алмастырып тұр?

VІІ.Қорытынды

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?
  • Бай қандай адам? Ол неге үнемі алданып қалады?
  • Алдаркөсе қандай?

VІІІ. Үйге тапсырма беру

ІХ. Бағалау

Х. Мадақтау. Байдың алтын ақшаларын балаларға тарату.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Урок литературного чтения в 3-4 классах по темам "Мари калык муро. Мыскара влак." (3 класс), "Мари калык муро. Такмаквлак." (4 класс)

Урок проводится в малокомплектной школе на марийском языке. Урок посвящен использованию культуры, обычаев, традиции марийского народа в учебно-воспитательной работе. Культурно- педагогическое наследие...

Мастер-класс по технологии. Изготовление поделки "Весёлая обезьянка". Мастер-класс предназначен для детей начальных классов

Мастер-класс по созданию поделки из разных материалов "Весёлая обезьянка" в форме презентации...

Разработка урока литературного чтения во 2 классе Автор Пушкарных Людмила Ивановна, учитель начальных классов МОУ «СОШ № 17» г. Палласовки Волгоградской области 2 «А» класс 2010/2011 учебный год УРОК ЛИТЕРАТУРНОГО ЧТЕНИЯ (2 КЛАСС, СИСТЕМА Л.В. ЗАНКОВ

Разработка урока литературного чтения во 2 классеАвтор Пушкарных Людмила Ивановна,учитель начальных классовМОУ «СОШ № 17»г. Палласовки Волгоградской области2 «А» класс 2010/2011 учебный год...

Конспект урока по русскому языку в классе комплекте (1-2 класс) Тема урока: 1 класс Прописная буква З. 2 класс Проверяемые и не проверяемые гласные в корне слова

Конспект урока по русскому языку в классе комплекте (1-2 класс). По теме: 1 класс Правописание буквы З. 2 класс Проверяемые и непроверяемые гласные в корне слова. Поможет учителю при работе с двумя кл...

Прощание с первым классом «Прощай, 1 класс!» Оформление: шары, выставка тетрадей, плакаты «Прощай, 1 класс!»

Прощание с первым классом«Прощай, 1 класс!»Оформление: шары, выставка тетрадей, плакаты «Прощай, 1 класс!»Оборудование: мультимедийный проектор, компьютер, презентация.(Звучит торжественная музыка. Де...

Аншым –асыл әнім!

Аншым –асыл әнім!Мақсаты;  8 наурыз мерекесі халықаралық әйелдер мейрамы екенін ұғындыру ,ананың көңілі балада ,балаға деген сезімі ерекше екендігін сезіндіру және қыз балалардың өнерлерін тамаша...