Ағымдар апанынан сақтанайық
классный час (9 класс) по теме
Әлемдік діндер және діни ағымдар,ұйымдар,секталар туралы мәліметтермен таныстыру. Қазіргі қоғамдағы діни проблематиканың өзектілігіне орай, елімізде толеранттылық сананы орнықтыру, сондай-ақ елдегі теріс пиғылды діни ағымдардың салдарынан қалыптасқан діни ахуалды реттеу мақсатында оқушылардың білімдерін, ой өрістерін қалыптастыру. Қазіргідей халықтың дінге қызығушылығы артып отырған тұста мемлекеттің саясатын, дін туралы ұғымды, дін туралы заңды түсіндіру халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ауадай қажет болып отыр. Себебі еліміздегі кейбір іс –әрекеттер ойланбасқа қоймайтын тығырыққа тіреп отырғаны шындық. Қазір дін мен экстремизмді шатастыру басталды. Шындығында діннің экстремизмге қатысы жоқ. Дін-тек мораль, адамгершілік тұрғысындағы ұғым, ал, экстремистер діннің терісін жамылып жүрген криминалдар, немесе тағы басқа теріс пиғылды адамдар. Қазір, бізге және жастарға дінге деген дұрыс пікір қалыптастырып, олардың ақ-қарасын ажыратуына көмектесетін ұйымдар керек-ақ. Осы бағытта мектептерде жыл сайын дін мәселесіне арналған ашық шаралар жиі өткізіліп тұрады.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
agymdar_apanynan_saktanayyk.rar | 685.21 КБ |
Предварительный просмотр:
Тәрбиелік шара
Дайындаған: Аубакирова К.Е.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Аксуат ауылы
2013-2014 оқу жылы
Тәрбиелік шараның тақырыбы:
Сабақтың білімдік мақсаты: Әлемдік діндер және діни ағымдар,ұйымдар,секталар туралы мәліметтермен таныстыру. Қазіргі қоғамдағы діни проблематиканың өзектілігіне орай, елімізде толеранттылық сананы орнықтыру, сондай-ақ елдегі теріс пиғылды діни ағымдардың салдарынан қалыптасқан діни ахуалды реттеу мақсатында оқушылардың білімдерін, ой өрістерін қалыптастыру
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға діннің адам өміріне тигізер ролімен таныстыра отырып,имандылыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу. Өзіне үлкен жиһад жариялау оның өміріне тигізер маңызын түсіне білуіне көмектесу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Баспасөз,интернет желісін пайдалана отырып қазіргі діни ағымдар мен секталардың,террорлық әрекеттердің зардаптары туралы материалдарды жинақтап келіп, өз пікірлерін ашық айта білуін дамыту
Сабақтың түрі: пікір алмасу
Сабақтың көрнекілігі: бейнефильмдер, таблицалар, анықтамалар
-Абайдың он төртінші сөзі
-Бауыржан Момышұлының сөзі
-Н.Назарбаевтың сөзі
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сабақ жоспарымен таныстыру
- 1.”Діни қарым-қатынас қашанда нәзік мәселе”- алғы сөз
2.Әлемдік діндер туралы түсінік - 3.”Кочевой народ” бейнефильмі
4.Халықаралық экстремизм және оның таралу жолдары
5. «Сақтаныңыз,секталар»бейнефильмі - 6.Секталардың құрбандары
7.Қазақстандағы тыйым салынған діни ағымдар
8. “Суфилер”, “Таблиғи жамағат” бейнефильмдері.
- Діни ұйымдарға еліктеуді ескерту шаралары
- 10.Соңғы пікір
ІІІ.Қорытындылау
Сабақтың жүрісі:
Оқытушының сөзі:
-Сәлематсыздар ма,құрметті оқушылар!
Қазіргідей халықтың дінге қызығушылығы артып отырған тұста мемлекеттің саясатын, дін туралы ұғымды, дін туралы заңды түсіндіру халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ауадай қажет болып отыр. Себебі еліміздегі кейбір іс –әрекеттер ойланбасқа қоймайтын тығырыққа тіреп отырғаны шындық.
Қазір дін мен экстремизмді шатастыру басталды. Шындығында діннің экстремизмге қатысы жоқ.
Дін-тек мораль, адамгершілік тұрғысындағы ұғым, ал, экстремистер діннің терісін жамылып жүрген криминалдар, немесе тағы басқа теріс пиғылды адамдар.
Қазір, бізге және жастарға дінге деген дұрыс пікір қалыптастырып, олардың ақ-қарасын ажыратуына көмектесетін ұйымдар керек-ақ.
Осы бағытта мектептерде жыл сайын дін мәселесіне арналған ашық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ендеше бүгінгі тақырыпты ашу үшін оқушыларға сөз кезегін берейін.
Теолог маман:
-2011 жылы елдегі теріс пиғылды діни ағымдардың салдарынан қалыптасқан діни ахуалды реттеу мақсатында Дін істері жөніндегі агенттік құрылды. «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Астанада агенттіктің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанынан әдістемелік кеңес те құрылды. Сол кеңес арқылы ай сайын БАҚ өкілдері арнайы ақпарат арқылы қоғамдық пікірлер туғызып, мемлекеттің саясатын жүргізуде.Бірақ мемлекеттік органдардың ғана күшімен қоғамдағы барлық мәселе шешіле салмайды. Ол үшін қоғамдық пікір, әр азаматтың өзінің ұстанымы керек. Ендеше біздер бұл жұмыстан тыс қалмауыз керек. Себебі біздің болашағымыз жастардың қолында. Олардың жақсы заманда өмір сүргені, еліміздің тыныштығы барлығымызға керек-ақ.
1-оқушы.Теолог маманға сұрақ:
-Қазір ақпарат құралдарында,ел аузында жастарымыз имандылыққа бет бұрып, мешіттеріміз адамға толды деп мақтанышпен айтқанмен, неге бізде қылмыстар азаймай, адам өлтіру кемімей отыр? Неге алдау көп? Неге жемқорлық белең алған? Отбасының ажырасуы, тағы басқасы бар, көп жағдайлар сол қалпында. Сонда оның жақсы жағы қайда, неге оны көрмейміз? Сондай-ақ ислам жолына түсіп,мешітке барып жүрген адам өзгерді ме, үй-тұрмысы, отбасындағы ахуалы қандай, біреуден кешірім сұрады ма,өзі кешірімді бола алды ма, яғни ол адамның әлемі қандай? Оның үстіне біздің әлі естімей жүрген ағымдарымыз бар. Оларды қайдан түсініп білуге болады? Шолақ шалбар киген жастарымыз бен қара жамылған қыздарымыздың саны көбейді, олармен қандай жұмыстар жүргізілуде? Осының барлығының жауабын, шешімін қайдан білуге болады?
Теолог маман:
Осы бағытта бүгін біздер дөңгелек үстелде осы тақырыптың айналасында мәселе қозғамақпыз. ..Себебі,бұл тақырып жастарға керек тақырып. Жастардың көзқарастарын қалыптастыруға бағыт беруге көмегі тиеді деген ойдамыз.
2-оқушы.Теолог маманға сұрақ:
- Біз әлемдік діндер мен діни ағымдарды айыра аламыз ба? Қазір әлемде және Қазақстанда қауіп төндіріп отырған діни ұйымдарды білеміз бе?
«Ата-аналарымыз бен оқытушылар қауымы неден қорқады?» деген сұрақтарымызға жауап іздеп көреміз.
Теолог маман:
-Исламда дағдарыс бар екенін ешкім толық теріске шығара алмайды. Бірақ ол рухани дағдарыс емес, мұсылмандар рухының дағдарысы емес, ол биліктің дағдарысы.
Өкінішке орай қазір мұсылмандардың талайы билікке моралді аяққа таптатқан, рухтан безген адамдар келген мемлекеттерде өмір сүріп жатыр.
Террорлық актілерді ұйымдастырушылардың мұсылман елдерінен көп шығып жүргені бүкіл исламның жақсы атына кір келтіруде. Мысалы Ауғанстанда дін,ислам бар деп айта аламыз ба? Айта алмаймыз. Құрандағы бірінші сөз «Оқы!» деген сөз. Ал, талибтер кітапқа тыйым салды, оларды өртеді. Шаһидтер деген шықты. Шаһид-діні үшін құрбан болған адам. Қазіргі шаһидтер өзге дін үшін өзгелердің жанын қиятын қылмыскерлерге айналды.
3-оқушы.Теолог маманға сұрақ:
Сонда дін дегеніміз не, діннің басты мақсаты не?
Теологтың жауабы:
-Мен осы жерден әлемдік діндер жөнінде сіздерге тағы да айта кетсем деп едім.
Ислам діні УІІ ғасырда Аравияда пайда болды. Қасиетті кітабы- Құран
Христиан діні Осыдан 2000 жылдай бұрын Рим империясында пайда болды. Қасиетті кітабы-Библия
Будда діні Үндістанда б.з.б YІ-Y ғасырда пайда болған. Қасиетті кітабы- Трипитака
Басты уағызнамасы:
Барлық тірі жәндікке сүйіспеншілік пен қайырымдылық
Басты мұраты: Бейбітшілік, имандылық, қайырымдылық
Басты идеясы: өлтірме, ұрлама, әкең мен шешеңді құрметте
4-оқушы.Теолог маманға сұрақ:
- Біздің көз алдымызда діннің жолында қаншама жастар жүргенін бәрімізде көріп отырмыз. Олардың іс-әрекеттері,мақсаттары бізге түсініксіздеу көрінеді. Қазіргі жастардың көзі ашық дегенмен де діни сауатсыздық көптеген жастарды адастырғаны жасырын емес. Ол туралы не айтасыз?
Теолог маман:
-Иә,сол жөнінде орыс тіліндегі бейнефильм қарайық.
(Бейнефильм «Кочевой народ»)
5-оқушы .Теолог маманға сұрақ:
-Олай болса,ваххабизм,экстремизм деген не?
Теолог маман:
-Исламизм –ислам деген сөз емес.Латынның осы «изм» жұрнағы жүрген жердің бәрінде дерлік саяси идеологияның құлағы қылтиып тұрады.
Фундаментализм ХХ ғасырдың басында АҚШ-тың солтүстігінде христиандықтан пайда болған ағым. Бұл ағымдағылар да мемлекетке қарсы шығып «дүниешіл гуманизм» деген жаңа дінді енгізу үшін күрес бастаған.
-Фундаментализм-іргетасқа, о бастағы негізге оралу деген сөз. Идеялық жағынан исламның алғашқы дәуірдегі мұсылмандар өмірін үлгі тұту. Он төрт ғасыр бұрынғы кезеңге қайта оралуды мақсат етеді. Сондықтан мемлекеттің зайырлы заңдарын харам деп жариялайды. Фундаментализм адам мен қоғамға,мемлекетке зиянды ілім. Керісінше қарулы қақтығыс пен діни экстремизмге арандататын саяси-идеологиялық қару. Жалпы «фундаментализм», «экстремизм», «ваххабизм» деген терминдер синоним сөздер десе де болады. Бұлар әртүрлі атаумен аталып жүрген бір құбылыс.
Ваххабизм, фундаментализм, салафизм ,экстремизм.
6-оқушы. Теолог маманға сұрақ:
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері де көруде. Соңғы жылдары АҚШта, Батыс Еуропа елдерінде саңырауқұлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты.
Теолог маман:
-Сіздерге түсінікті болу үшін жалпы секталар жөнінде алдымен бейнематериал ұсынамын.
(«Сақтаныңыз,секталар» тақырыбында бейнефильм көрсетіледі)
Енді мына таблицаға назар аударыңыздар:
Міне, таблицадан көріп отығаныңыздай мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә адамдарды жалған уағдалармен алдаушылық. Жалпы ел болып, осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз керек, жастар да, тіпті өздеріңіз көріп отырғандай үлкендер де кесірлі ағымдардан сақтануымыз керек.
Мемлекеті | Мекен-жайы | Сектаның аты | Адам саны
| Жылы,айы | Қандай оқиға болды? |
АҚШ | Калифорния штаты Сан-Диего қаласы | «Ұлық бұлақ» | 39 адам | 1997 жыл 26 наурыз | өз-өздерін улап өлтірген |
Оңтүстік Америка | Гуяна мемлекеті Джеймстаун қаласы | «Халықтың храмы» | 912 адам | 1978 жыл 18 қараша | Циан газымен уланып өлген |
Франция | Сан Пиер қаласы | «Күн храмы» | 16 адам | 1995 жыл 23 желтоқсан | өз-өздерін өртеп өлген |
Швейцария | Екі қалада | «Күн храмы | 15 адам | 1994 жыл 5 қазан | өртеніп өлді |
Канада | Морин төбесі мекені | «Күн храмы | 5 адам | 1994 жыл 4 қазан | өртеніп өлді |
| Сен-Касмир мекені | «Күн храмы | 5 адам | 1997 жыл 23 наурыз | өртеніп өлді |
АҚШ | Техас штаты Вако қалашығы | «Давидиан» | 80 адам | 1993 жыл 19 сәуір | өртеніп өлген |
Филиппин |
| «ату Мангайан» | 60 адам | 1985 жыл 19 қыркүйек | Улы газбен өлген |
Орталық Африкада |
| Католик шіркеуі | Мың адам |
| Бірдей жан қию рәсімін жасаған |
7-оқушы. Теолог маманға сұрақ:
-Мұның бәрін айтып отырған себебіміз діни экстремизм мен тұрақсыздықтың негізгі ошағы Орта Азияда Ауғанстан мен Тәжікстан еді. Ол кейінгі кезде Өзбекстан мен Қырғызстанды да қамтыды.
90 жылдардан басталған осы ағымдар Қазақстанды да жағалап келеді. Сол жайында білгіміз келеді.
Теолог маман:
-Қазірде елімізде етек жайып келе жатқан кері діни ағымдар мен секталар көп. Солардың төмендегі басты-басты дегендерімен таныстыра кетейік.
Діни ағымдар атаулары
| Пайда болуы
| Негізгі іс-әрекеттері, түсініктері |
Ахмади (қадияни) ағымы | Үндістанның Пенджаб өлкесі Қадян қаласында пайда болған. Ғұлам Мұртазаұлы Ғұлам Ахмад Қадяни(1835-1908) | Ахмадилықты қабылдамаған әр мұсылман кәпір. Жаназаларға кірмейді, бөлек жерленеді. Арақ ішу, апиын, героин қолдануға рұқсат береді |
Исматуллашылар тобы | Пәкістаннан келген Исматулла Мақсұм негізін салған | Зікірді мұсылманшылықтың негізгі шарты деп біледі. Намаз оқымайды |
Уаххабилік-діни-саяси ағым | УІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда болған. Мухаммед ибн Әбдел Уаһһаб | Мұхаммед пайғамбарға сыйынудың қажеті жоқ деп есептейді |
Салаф | ІУ ғасырда Арабияда п.б. Ахмад ибн Таймийя . уаһһабилік ілімнің жалғасы | Бүгінгі заманның озық тәсілдерін мойындамайды. Пайғамбар заманына кері оралуды мақсат етеді |
Әт-Тәкфир уәл Хижра |
| «Кәпірлерге» қарсы жиһад ұранын алға тартады |
Бабизм-Бехаизм | Иранда пайда болған | Құранды да Мұхаммед пайғамбарды да жоққа шығарады |
Хизбут-Тахрир | 1953 жылы Мысырда құрылған «Мұсылман бауырластар» қоғамының Палестинадағы бөлімшесі | Саяси және діни сипаттағы экстремистік террорлық ағым |
«Иегово куәлары» | АҚШ-та құрылған Милтон Эриксон | Сиқырлау әдісін қолданады. Ақырзаманнан кейін адамдар қайта тіріледі деп сендіреді |
Халықаралық Кришна санасы қоғамы | Нью-Йорк 1966 жыл | Индустерге тән вегетариандық тамақтану, отбасынан ажырасып бөлек тұру, транс күйге түсіру бағдарламалары пайдаланады |
Мормондар | Иисус Христос жайлы уағыздар айтқанымен діннен айырмашылығы бар. | Міндетті түрде отбасын тастап, жұптарға бөлініп басқа қалаларда жұмыс жүргізеді. Өлгендермен байланыс орнату рәсімдерімен айналысады |
Оккультизм | Латынша- Құпия-жасырын | Тылсым күштердің, сыйқырдың (магияның) құдіретіне сендіруге, жоққа табынушылыққа тырысады. |
Теолог маман:
Енді осы кері ағымдарды бейнефильмдерден көрейік.
«Суфилер» және «Таблиғи жамағат» бейнефильмдері
8-оқушы. Теолог маманға сұрақ:
- Сонда мұндай ағымдардың жетегінде еріп кетпеу үшін не істеуіміз керек?
Теолог маман:
Діни ұйымдарға еліктеуді ескерту шаралары
1.Көшеде,қоғамдық орындарда бөгде адамдармен сөйлесуден бас тартыңыз.
2.Көшеде,қоғамдық орындарда және т.б жерлерде діни әдебиетпен танысуды ұсынса,оны алмауға тырысыңыз. Алған жағдайда ата-анаңызға, сынып жетекшіңізге, психологке, оқытушыларға көрсетіңіз.
3.Егер бөтен адамдар лекция тыңдауға, семинарға қатысуға таныс емес жерлерге шақыратын болса, барудан бас тартыңыз, мекен-жайыңыз, телефондарыңыз, жақын адамдарыңыз жайлы ақпарат бермеңіз
4.Егер сізді адамдардың рухани өмірі, дін қызықтыратын болса, онда сізге көмектесетін ата-анаңыз, оқытушыларыңыз бар. Олар сіздерге арнайы әдебиеттер ұсынып, топ сағаттарын өткізіп, әңгіме жүргізеді.
5.Егер сіз діншіл адам болсаңыз, онда ата-анаңыздың ұсынған дінін қолдаңыз.
«Суфилер» және «Таблиғи жамағат» бейнефильмдері
11.Соңғы пікір
«…Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып алар жүректе жігер, қайрат, байлаулықтың жоқтығынан азады. Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады»
Абайдың он төртінші сөзі
«Жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмін, дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Мен солардан қорқамын»
Бауыржан Момышұлы
«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.
Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»
Н.Ә.Назарбаев
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Маадырлыг тоол "Танаа-Херел"
Технологическая карта по родной литературе 7-го класса по теме"Танаа-Херел"....