Желтоқсан қызғалдақтары
классный час (5 класс) на тему
Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Жас ұрпақтың жүрегіне ұлтжандылық дәнін салып, ұлан-ғайыр жерімізді, елімізді сақтайтын азаматтарды тәрбиелеу. Патриоттық сезім қалыптастыру.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
Желтоқсан қызғалдақтары | 50 КБ |
zheltoksan_kyzgaldaktary.doc | 50 КБ |
Предварительный просмотр:
Желтоқсан қызғалдақтары
Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Жас ұрпақтың жүрегіне ұлтжандылық дәнін салып, ұлан-ғайыр жерімізді, елімізді сақтайтын азаматтарды тәрбиелеу. Патриоттық сезім қалыптастыру.
І Ұйымдастыру бөлімі:
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 23 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 28 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Осыдан 28 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты. Ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.
Қаймықпады ызғарынан, бұлтынан
Қалтыратты империя іргесін.
Халықтардың бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір көшін.
Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Менің түсінігімше, ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдар да ұрғашысына мүйіз, я болмаса тұяғын көтермейді. Ал біз бәріміз аң емес, адамзаттың ұлы - адамбыз, сондықтан, ер адам әйел затына қол көтеріп, қол жұмсауға тиіс емес, әуелі еш правосы жоқ» деп жазады Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков өзінің түрмеден елге аманат етіп айтқан сөздерінің бірінде. Дәл сол күнге дейін қазақ қоғамына әйел теңдігін әперген Советтер Одағы болып дәріптеліп келген еді. Бәрі де өтірік екен. Бәрі де отардағы елді тұқыртып, тұзақтап ұстаудың амалы екен. Шындықтың беті ашылды. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді. - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
- Савицкиді өлтірген сен бе?
Жоқ, мен емес.
- Сен өлтірген. Мойныңа ал! - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»
КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.
Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.
Қайраттың хаты үнтаспадан жіберіледі.
«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»
1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 23 жыл толып отыр.
Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқа болды.1986 жылы желтоқсан айында қаны қазағым деп қайнаған, жүрегі жұртым деп жұлқынған жалынды жастар «Тәуелсіздік! Бостандық! Елге азаттық беріңдер!», деген талаппен Алматының орталық алаңына шықты. Шыбын жанын шүберекке түйіп. Шайқасты. Шегінбеді. Қаршадай қыздар «елім» деп еңіреді, жігерлі жігіттер «тәуелсіздік» деп тотолитарлық жүйеге тас атып түбегейлі қарсылық білдірді. Қаншама жас мерт болды, мүгедектер қатарына қосылды..
Жас ұрпақтың жүрегіне ұлтжандылық дәнін салып, ұлан-ғайыр жерімізді, елімізді сақтайтын азаматтарды тәрбиелеуде.
Абай ауданына белгілі ақын ұстаз Г.Г.Калышева ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына төмендегі «Рождение Свободы» атты өлеңін арнады.
Я помню!
Видела!
Я знаю!
Как в те декабрьские дни
Рождалась Независимость страны!
Вы слышите!
Я видела!
Я знаю!
Мороз застоя не сломил людей!
А вьюга наказаний всем грозила!
Но шли колонны девушек, парней!
Их блеск дубинок не остановил!
И в лютый холод!
Через стены тьмы!
Неслись свободы жаркие слова!
-Мы Независимости требуем страны!-Нам власть железного диктата не нужна!
Я счастлива,
Что в этом светлом зале
Встречаем мы сегодня юбилей!
Я видела рождение Свободы!
Мне не забыть тех славных, грозных дней!
Қорытынды:Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
№1 орта мектеп
Желтоқсан қызғалдақтары
Патриоттық тәрбие
Өткізген : Шакибаева Г.М.
Ақтөбе 2014ж

По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Викторина "Красный,желтый,зеленый"
Викторина по закреплению знаний правил дорожного движения для 4-7 классов....
Сценарий праздника "Красный, желтый, зеленый".
Данная разработка предназначена для проведения мероприятия в игровой форме по правилам дорогам движения....
«Листопад, листопад, листья желтые летят…» продуктивная деятельность для младшей группы
вызвать интерес к рисованию красками, учить рисовать правой рукой, левой придерживать лист бумаги, рисовать пальчиком...
«Листопад, листопад, листья желтые летят…» младшая группа продуктивная деятельность
учить рисовать пальчиком , рисовать правой рукоой , левой придерживать лист бумаги, формировать умение различать и называть цвет...
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне орай салтанатты жиынның сценарийі
№1 мектеп –гимназиясының 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне орай салтанатты жиынның сценарийі 1жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушы...
Конспект индивидуального занятия по сенсорике на тему «Соотнесение предметов по основным цветам (красный, желтый, синий, зеленый)»
Цель: закрепить умение соотносить предметы по основным цветам (красный, синий, желтый, зеленый).Задачи:ОбразовательныеЗакрепить умение соотносить предметы и изображения предметов по цвету (красный, си...
Соединение поэзии и живописи. Стихотворение В.Брюсова "Желтым шелком..." и картины М. Чурлениса
Одна из работ по проекту "Живопись поэзии или поэзия живописи"...