«Желтоқсан оқиғасы»
классный час (8 класс) по теме
Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайлақ кешуден өтті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар намысы таразыға салынған сын сағаттың дүлей кешке қаймықпай арсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі туралы ақпарат беру.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
zheltoksan_okigasy.docx | 15.7 КБ |
Предварительный просмотр:
«Желтоқсан оқиғасы»
1-жүргізуші: Армысыздар қадірлі ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары!
Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайлақ кешуден өтті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар намысы таразыға салынған сын сағаттың дүлей кешке қаймықпай арсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
2-жүргізуші: Сол желтоқсан құрбандары бүгін мектеп оқушылары құрметтеп еске ала отырып, олардың рухына бүгінгі «Желтоқсан оқиғасы» атты кешімізді арнаймыз.
Қане, барлығымыз осы Желтоқсан боздақтарын еске алып, 1 минут үнсіздікпен еске алайық!
«Желтоқсан боздақтары» туралы арнау.
«Желтоқсан боздақтары»
Қайрат!Ләззат!Арман-ай,
Қыршыннан ғұмыр қиылды-ай.
Ашық күнде найзағай,
Ойнақтап тағдыр жарқылы-ай.
Рухтарыңа бас ием,
Қөңілінде бейнең жарқырай.
Сендерсіз өткен бұл күндер,
Өкініш отын жандырды-ай.
Жастықтың осы дер кезі,
Сендерге қалай дөп келді.
Жалын боп жанып кеттіңдер,
Мәңгілік әнін шертіңдер.
Онсыз да қысқа өмірде,
Көбелек ғүмыр кештіңдер.
Алаулап жанған сол өртке,
Еркеңмен барып түстіңдер.
Ерлікке кенде халқым бар,
Ерліктің даңқы бар мұнда
Ел болып ұл-қызұрпағың,
Ерлікті солай шырқадың.
Айта алмай кеткен шындықты,
Зобалаңның бұл ұрпағы.
Сендер боп мәңгі қалдыңдар.
Сендерді халқым құптады.
Артыңа өлмес ән қалды.
Жастықтың туы жығылмай,
Біздерге мұра боп!
1-жүргізуші: Ызғарлы сол бір желтоқсан
Жүректе мәңгі сақталды.
Дүр сілкінген бүкіл айма,
Ақтарды сол бір айларды
2-жүрізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсанда жергілікті сағат 10-00 де Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 5 пленумы болып өтті.
Ол ұзаққа созылған жоқ небәрі 18 минут ішінде ширек ғасыр бойы Қазақстан Компартия Орталық комитетінің 1 хатшысы Д.А.Қонаев орнынан алынып, оның орнына Қазақстан азаматы емес, Ульяновск облыстық партия комитетінің хатшысы Г.Б.Колбин сайланды
1-жүргізуші: Д.А.Қонаев орнынан алынып тасталу себебін білгісі келген қазақ жастары, оқу орындағы студенттері алаңға шықты. Ширек ғасыр Қазақстанды басқарған ел ағасының өз орнына қайта келуін талап етті.
2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасынан Қыздар педагогикалық институты жатақханасынан көрініс:
-Қыздар мен газетәкелдім.
-Қане, не жаңалық бар екен?
-Пленум болыпты.
-Қонаевты орнынан алды...... дейді.
-Онысы несі?
-Орнына кім болыпты?
-Қазақтың-ақ біреуді қойсайшы!(жастар шулап кетті.)
Қайрат: Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!(Қайратты ұрып соға бастайды)
Қайратт: Қайрат деген атым атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар.
Милиция: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайың. Бұзақы. Ұлтшыл.
1-жүргізуші: Сот залынан көрініс:
Хатшысы: Тынышталыңыздар! Сот келе жатыр, барлықтарыңыз орындарыңыздан тұруларыңызды сұраймыз .(сот орнына келіп отырады.)
Тергеуші: Айыпталушыны шақырыңыздар.
Хатшысы: Айыпталушы Қайрат Рысқұлбековты алып келіңіздер!
(Есік алдында екі милиционер Қайратт сот залына алып келеді.)
Тергеуші: Айыпталушы Қайрат Рысқұлбеков сөйлесін сөйлесін.
Қайрат: Біз Алмат алаңына келгенде, тып-тыныш едік, бір кездері түстері суық милиция әскери киімі бар адамдар адамдар қаптап кетті. Біз жайбарақат едік, бір кезде қасымызда тұраған қыздарды алаңға сүйрей жөнелді, біз арашалауға келгенде, бізді соққыға жықты. Тыныш халық сендей соғылып ығы-жығы болды. Қасымдағы досымды алып бар жатқанда мен құтқаруға кірістім. Осы арада мені 2 милиция ұрып соғып, Савицкиді өлтірген сен деп айыптап, қолыма кісен салып алып кетті.
Тергеуші: Куәгерді шақырамыз.
1 куәгер: Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қ.Рысқұлбековты Савицкиді өлтергеніне куә бола аласыз ба?
1куәгер: Иә, куәгер боламын.Өз көзіммен көрдім. Керек десенің менде қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол ұлтшыл.
Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып, Қ. Рысқұлбековты Қазақ ССР жоғарғы сотының
Қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы 1987 жылғы 16 маусымдағы істер кодексінің 60 – бабы бойынша қылмысты деп тауып, ең жоғарғы жаза өлім жазасына кесілді.
2-жүргізуші: Сот үкімі сізге хат келіп жатыр, шет елдерден, Қ.Рысқұлбековтың ісін қайта қарауды және ату жазасынан алыну жөнінде өтініш жазып, белгілі жазушылар және т.б. да мәдени қызметкерлерінің барлығы 41 адам қол қойылған хат әкелді.
Сот: Тыңдаңыздар! Айыпталушы Қ.Рысқұлбековты ату жазасын 20 жыл басбостандығынан айырумен ауычтырамыз. Сот аяқталды!
(Қайратты камераға екі милиция камераға алып кетеді.)
2-жүргізуші: Қ. Рысқұлбеков қысқа ғұмырында таңқаларлық үндестікпен тоғысқан.
21 саты 7 рет кездесуі сирек кездесетін құбылыс.
Олар:-желтоқсан зобалаңы қазақ еліне 21-ші басшы келуімен тұспа-тұс.
-21 жасында тұтқындалды;
-21 күн сот алдында жауапқа тартылды.
-21-ші камерада отырды.
-21-ші мамырда о дүниелік болды.
-21-шіақпандаақталды.
-21 жыл түрмеде отыра еді егер тірі болғанда;
-Барлығы жеті 21;
Жүрегінен намыс алауы лапылдаған осы жігіт тірі болса, үлкен ақын және қоғам қайраткері болар еді.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Викторина "Красный,желтый,зеленый"
Викторина по закреплению знаний правил дорожного движения для 4-7 классов....
Сценарий праздника "Красный, желтый, зеленый".
Данная разработка предназначена для проведения мероприятия в игровой форме по правилам дорогам движения....
«Листопад, листопад, листья желтые летят…» продуктивная деятельность для младшей группы
вызвать интерес к рисованию красками, учить рисовать правой рукой, левой придерживать лист бумаги, рисовать пальчиком...
«Листопад, листопад, листья желтые летят…» младшая группа продуктивная деятельность
учить рисовать пальчиком , рисовать правой рукоой , левой придерживать лист бумаги, формировать умение различать и называть цвет...
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне орай салтанатты жиынның сценарийі
№1 мектеп –гимназиясының 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне орай салтанатты жиынның сценарийі 1жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушы...
Конспект индивидуального занятия по сенсорике на тему «Соотнесение предметов по основным цветам (красный, желтый, синий, зеленый)»
Цель: закрепить умение соотносить предметы по основным цветам (красный, синий, желтый, зеленый).Задачи:ОбразовательныеЗакрепить умение соотносить предметы и изображения предметов по цвету (красный, си...
Соединение поэзии и живописи. Стихотворение В.Брюсова "Желтым шелком..." и картины М. Чурлениса
Одна из работ по проекту "Живопись поэзии или поэзия живописи"...