Ыбырай - балалар әдебиетінің атасы
классный час (9 класс) по теме

Макажанова Назгул Ахметовна

Ыбырай Алтынсарин туралы түсінік беру

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon ybyray_altynsarin.doc33.5 КБ

Предварительный просмотр:

Класы: 9 «А»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай-балалар әдебиетінің атасы.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетін                          

                                  жасауға бетбұрысын түсіндіру, балаларға арнап жазған

                                  әңгімелерімен және орыс жазушыларынан аударған өлең-

                                  дерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, мейірімділікке, адамгер-

                                  шілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Көркем сөйлеу,түсіну,мазмұндау

                                  қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктері: Оқулық, ақын сөзіне жазылған цитата.

                                Сабақтың барысы

Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесіп, кезекші мәліметімен танысу, сынып тазалығына мән беру,оқушы назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасы:

Жаңа сабақ: Ұлы орыс халқының XIX ғасырда жасалған классикалық мол әдебиеттерімен танысқан Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде,оқытуда,олардың ой-санасына қозғау салып жетілдіруде өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін,алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрды. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды,оларды жас ұрпақтарымызға үлгі етіп ұсынды. Бұл қазақ халқы үшін,әсіресе, оның жас ұрпақ балалары үшін аса игілікті іс, жаңа бастама еді.

     Ыбырай Алтынсарин И.Крыловтың «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі», Лев Толстойдың «Полкан деген ит», «Силинші», И.И Дмитриевтен «Екі шыбын», «Орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан, «Тәкәппаршылық», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Үш ұры», «Алтын шеттеуік», « Аурудан-аяған күштірек», « Әке мен бала», « Білгеннің пайдасы», « Асыл шөп», « Бақша ағаштары», « Жаман жолдас», « Мейірімді бала» сияқты көптеген шығармаларды аударды.

   Бұл шығармалардық барлығы да әрі қысқа,әрі мазмұнды, әрі көркем, баланың жас ерекшелігі мен білім көлеміне сай, түсінуге жеңіл, тәрбиелік жағынан шебер құрылған шығармалар.

      Халықты және олардың жас өрендерін оқуға,өнер – білімге шақыруда Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтергені, әрқашан жаңарып, түрленіп, құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін еңбегі:«Кел, балалар, оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар», «Әй, достарым», «Әй, жігіттер» деген өлеңдері:

                                             «Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

                                             Тілегенің алдыңнан

                                             Іздемей-ақ табылар.

                                            Кел, балалар, оқылық

                                             Оқығанды көңілге

                                             Ықыласпен тоқылық!»-

деп ұран салады.

      Ыбырай Алтынсарин шығармаларының барлығы да көркем, тілі шебер жазылған. Оны қарапайым, халықтық тілмен бейнелеген. Сол талаптарға орай мазмұны ықшам, оқиғасы қысқа әрі жеңіл, әрі қызықты болып келеді. Нысанаға дәл тиетін ойларды тұжырып айтады, бос сөзділік, артық суреттемелер жоқ.

       Қорыта айтқанда, балаларға арналған көркем әдебиет Ыбырай Алтынсарин жазғандай жас өспірімдерді өскелең мәдениетке жетелейтіндей өмір оқулығы, отаны үшін алысқан күрес құралы болуға тиіс. («Асыл шөп», «Мейірімді бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл», надандыққа байланысты әігімелермен таныстырамын)

Өткізілген материалды бекіту: сонымен, оқушылар, Ыбырай Алтынсарин кім? Ыбырайдың балаларға арналған қандай әңгімелерімен таныс болдындар?

Тест

  1. Ыбырай Алтынсариннің өлеңін ата?

А)Жазғытұрым   Ә)Күзгі таң     Б)Әй,жігіттер    В)Талай жылдар    өтіпті,талай заман

2.  Ақынның балаларға арналған әңгімесін ата?

     А)Жаз   Ә)Өзен     Б)Қысқы боран     В) Мейірімді бала

3. «Егіннің бастары» әңгімесін орыстың қай жазушысынан аударған?

          А)И.Крыловтан   Ә)Л.Толстойдан   Б)Паульсонның хрестоматиясынан      

                                           В)И.И Дмитриевтен

    4.  Ақынның «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесінің идеясы

А)Отырықшылық тұрмысты көрсетеді   Ә)Надандық     Б)Тәкәппарлық        В)Мейірімділік

Үйге тапсырма: Ақынның Паульсонның хрестоматиясынан аударған әңгімелерін оқу, жаттау.

Бағалау:


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Урок казахского языка "Ас атасы - нан"

Урок казахского языка по теме "Хлеб - всему голова"....

Ы Алтынсарин әдебиет

Ы Алтынсарин сабақ жоспары 6 сынып...

Сабақтың тақырыбы. Алтын сақа. Халық ауыз әдебиетін қайталау.

Сабақтың мақсаты.1.     Білімділік. Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту және естерінде сақтау. Халық әдебиетін қайталап , еске түсіру. Сабақ электрондық оқулықп...

Габдулла Кариев - татар театрының атасы

Габдулла Кариев - татар театрының атасы (презентация)...

Қазақ әдебиетінен 7 орыс сыныбына арналған күнтізбелік жоспар

                         1сағ/ апта,барлығы 34 сағ РЕТ №№ П.ПСабақ№№урокаСабақ тақырыбыТема урокаСағатЧасыМерзімі СрокиЕске...

Татар театрының атасы-Г.Кариев

В презентации излагается жизнь и творчества Габдуллы Кариева  - актёра, режиссёра, основоложника татарского профессионального театра. (Материал рассчитан на татарско-русскую аудиторию)...

Татар театрының атасы-Г.Кариев

В презентации излагается жизнь и творчества Габдуллы Кариева  - актёра, режиссёра, основоложника татарского профессионального театра. (Материал рассчитан на татарско-русскую аудиторию)...