Д.Бабатайұлы. «Аягөз қайда барасың?!»
методическая разработка (7 класс) по теме

 

Дулат Бабатайұлының  өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңнің негізгі идеясын ашу

мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлең құрылысының ерекшелігін жете талдай білу дағдысын дамыту

ақын шығармаларын оқи отырып, Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon 1urok.doc85 КБ

Предварительный просмотр:

                                                                                                             

Сабақтың тақырыбы:

Д.Бабатайұлы. «Аягөз қайда барасың?!»

Сілтеме:

Оқулық, интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты қосымша материалдар.

Мақсаты:

Дулат Бабатайұлының  өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңнің негізгі идеясын ашу

мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлең құрылысының ерекшелігін жете талдай білу дағдысын дамыту

ақын шығармаларын оқи отырып, Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Типі:

Жаңа сабақты игеру

Түрі:

Аралас сабақ

Әдісі:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, ойқозғау, талдау, суреттеу, қорғау, іздену.

Көрнекілігі:

Ақынның  өлеңдер жинағы, бейнефильм, қосымша деректер, суреттері,сызбалар, интерактивті тақта.

Оқыту нәтижесі:

Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын Дулат Бабатайұлының шығармашылығы мен нақыл сөздерімен, шешендік өнермен толықтыру.

Тірек ойлар:

«...ХІХ ғасырда Махамбет, Дулат, Сүйінбай сияқты ғасырлық тұлғаларға ұласып келе жатқан ақын-жыраулар мұрасы қазақ әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетінің бірегей, қайталанбас тарихының, төлтума мәдениеттің жарқын айнасы еді».

                                                                                                                Шәкір Ыбыраев.

Уақыты

Стратегиялар

Ресурстар

Сабақтың мазмұны

      Мұғалімнің әрекеті.

    Оқушының іс-әрекеті.

             5-7 мин.

Шақыру

I.Ұйымдастыру бөлімі

-Амандасу, назарларын бүгінгі сабаққа аудару.

Оқушылардың тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау.

Флеш-тренинг:

«Жүрек жылуы»

Флеш-тренингтің өтуіне ықпал жасайды.

Мақсаты: класта жылы, мейірімді атмосфераны орнату.

Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, сағат тілінің бағытымен бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп, жүрек жарды жылы сөздерін айтады. 

3минут

Топқа бөлу

II. Жиренше шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке бидің ойларын дұрыс жалғау барысында топқа бөлу.

1.Ағын су өлмейді,

Асқар тау өлмейді.

Аспанда ай мен күн өлмейді,

Әлемде қара жер өлмейді.

Жиренше шешен.

2.Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Төле би.

3.Бір дегеніміз-бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніміз-егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніміз-үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніміз-төсектен безген жас жаман.

Қазыбек би.

4.Суалмайтын суат жоқ

Тартылмайтын бұлақ жоқ,

Құйрығы суда тұрса да,

Уақытысы жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Әйтеке би.

Оқушылар өз топтарына отырады.

         

10

мин

10 мин

10

мин

5 мин

   

                                                       

Сахналық көрініс

Формативтік бағалау.

АКТ-мен жұмыс.

Постер,маркер, қосымша деректер.

III.Үй тапсырмасын тексеру.

«Дүниеде не өлмейді?», «Төленің түлкіге берген жауабы», «Қазыбек бимен Төле туралы», «Әйтекенің сөзі» сахналық көрініс дайындау.

Үй тапсырмасын топтық бағалау арқылы тексереміз.

IV Негізгі бөлім.

Интерактивті тақтадан Дулат Бабатайұлының өмірі туралы бейнефильмді қараймыз.

Д.Бабатайұлының өмірі жөніндегі дерек өте аз. Туған, өлген жылы да әртүрлі аталып келеді. Дулаттың өзіне ғана тән ерекшелігі-поэзияда бірінші рет қазақ жұртын тұтас алып қарай отырып, оны ел басшысынан бұқара халықты айыра бөліп алып сөз етті. Екіншіден, патша өкіметінің отаршылдық езгізін қоса сынау дәрежесіне дейін көтере алды.

V. Топтық шығармашылық жұмыс .

 «Шешендік өнер туралы» постер жасау.

VIІ.Бағалау.Қорытынды.

Оқушылар топ болып сахналық көріністі орындайды.

Оқушыларға топтың шығармашылық жұмысы, сахналық көрінісі ұнаса,қолдарын қаттырақ ұрады, ұнамаған жағдайда жай ғана шапалақ.

Оқушылар интерактивті тақтадан Д.Бабатайұлы туралы деректі көріп тыңдайды. Оқушылар бейнефильмді тамашалайды.

Әр топ өзіне берілген постермен жұмыс жасайды. Берілген уақыттан кейін постерлерін қорғайды.

Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне тоқталады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру.

Нәтижелі жұмысқа «Үш шапалақ».

Сабақты талдау

Не жақсы болды?

Қойылған мақсат пен міндеттер өз мәресіне жетті.

Қандай кемшіліктер болды?

Топ жұмысы барысында кейбір оқушылар толық жұмыс жасаған жоқ.

Жұмыс барысында қандай жетістіктер болды?

Кластың жұмыс жасау қарқыны өте жақсы.

Нені дамыта аласыз?

Сын тұрғысынан ойлау, АКТ-мен жұмыс жасау, өзін және өзгені бағалау,топта жұмыс жасау мәдениетін, кластастарын ынтамен тыңдауға дағдыландыру.

                         

Сабақ

тың

өтуі

Сабақ «Сын тұрғысынан ойлау», «АКТ қолдану», «Диалог» модулдерін, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлерін  қолдану барысында жақсы деңгейде өтті.

Не жақсы өтті?

Оқушыларға сабақта дәстүрлі емес жұмыс түрлерін қолданған ұнайды.

Қандай ойдасыз?

Жаңа технология бойынша сабақтарды жалғастыру.

Нені дамытар едіңіз?

Оқушыларды сапалы білім алуға дағдыландыру, сабақ жоспарына жеті модульді енгізу.

Нені өзгерткіңіз келеді?

Оқушылардың қызығушылық қабілетін оятып, дамыту.

Сізге қандай көмек керек?

Оқушылардың, себебі оларға сапалы білім керек және әріптестер мен мектеп әкімшілігінің қолдауы.

№1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:                Қалмағамбетова Г.Ш.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Д.Бабатайұлы. «Аягөз қайда барасың?!»

Дулат Бабатайұлының  өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.- оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және...

Речевые образные средства в поэзии Бараса Халзанова

Бурятская поэзия- неразрывно связана с развитием русской и мировой поэзии. В ней нашли отражение социально-политические, философские, нравственные проблемы современного мира. Современная бурятская поэ...