Өрмекші. құмырсқа. қарлығаш
презентация к уроку по теме

Сауат ашу 1-класс  Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Бас әріппен жазылатын сөздер тақырыбы

Скачать:


Предварительный просмотр:

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы 20121102_008

Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі

Нартаева Казина Жаксылыковна

Сабақтың тақырыбы:  Бас әріптен басталатын сөздер. « Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш» 103-105 жаттығулармен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:  Жер-су аттары бас  әріппен жазылатынын ұғындыру. Өлеңді  мәнерлеп оқу. Әңгімені түсініп оқу.  

2.  Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық.  Сөздік корын молайту, сөйлеу тілін дамыту,шығармашылыққа баулу.

Сабақтың түрі:  Пысықтау сабағы.

Оқыту әдіс- тәсілдері:  Сұрақ – жауап, сематикалық карта, ребуш шешу.

Көрнекілік- құрал жабдықтар:  Компьютер, слайдтар, бейне баян.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін-өзі тану

Сабақтың барысы:   I. Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасып алайық.
  • Қайырлы таң!

II.  Психологиялық дайындық: 1. « Көбелек  жаттығуы»  1-

Таңертең көбелек оянды, тартылды

Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

Азғана айналып, барлығына күліп,

Қайта гүліне оралды.

2. Көңіл күй сыйлайық                                              

  • Саған күннің шуағын,
  • Саған судың тазалығын,
  • Саған құлпырған жер бетін,
  • Саған көктемнің шуақты күніндей көңіл-күй сыйлаймын!!!

III.Үй тапсырмасын тексеру. « Екі соқа»  мәтінінің мазмұның сұрау.  

Венн сызбасын толтыру.

        Ережені сұрау. (  Кісі аты-жөні, жер – су аттары  бас әріптен жазылады)

IV.  Қызығушылықты ояту. « Ой қозғау» сұрақтарға жауап алу. 9-13 слайд

1.Туған жерлерін қалай аталады?

2. Құмсайда қандай өзен- көлдер бар?

3.Біздің еліміз қалай аталады?

4. Қазақстанда қандай ірі өзен- көлдер бар?

V. Жаңа сабақ.

1. Күннің жадың жазып, көркем жазу жазып алайық.

Наурыздың он екісі.

Сс  Сс  Сс

Судың да сұрауы бар.

Оқулықпен жұмыс . 1.103- жаттығу.  «Сырдария» өлеңін мәнерлеп оқып беремін. Содан соң  оқушыларға  оқытамын.16-19 слайд

Өлеңнен кісі аттары мен өзен аттарын тауып жазу.

   Тарас  -   Днепр  Пушкин -  Еділ

Әбділдә Тәжібаев – Сырдария

2. 105- жаттығу. Тақтада орындау. Сөздерді оқыңдар. Бірінші бағанға кісі аттарын, екінші бағанға  жер- су аттарын жазу.

Кісі аттары

Жер-су аттары

Аружан

Баянауыл

Үсен

Арал

Ақбілек

Маңғыстау

Қуаныш

Көкшетау

Айдар

Қызылжар

Алакөл

Хантәңірі

Түркістан

Іле

Ұлытау

VI. Сергіту сәті:  « Еңбекшіл бала»

3. Ребус шешу арқылы мәтіннің тақырыбын табу.

« Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» мәтінімен жұмыс. Слайдты пайдаланып өзім оқып беремін . Содан соң оқушыларға тізбектей оқытамын. Ыбырай Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет беремін.

4.Сөздік жұмыс.

  •  Нанның уағы - нанның үгіні, қиқымы .

5. Сұраққа жауап берейік: 

-Атасы немересіне нелерді байқатты?
-Немересі байқағандары жайлы не айтты?
-Атасы немересіне нені үлгі етті?

VII. Сабақты бекіту.

Еңбек туралы мақалды аяқта.

1.Еңбектің  наны тәтті,   ...  ...   ... .    (   жалқаудың жаны тәтті)

2. Еңбек етсең ерінбей,   ...   ...  ... .                             (тояды қарынын тіленбей.)

VIII. Сабақты қорытындылау.       Сематикалық  карта.

Сөздер

Жер атаулары

Су атаулары

Кісі аттары

Жануарлар аттары

Ақтөс

Жайық

Мұрат

Ақтөбе

Елек

Қарағанды

IX. Үйге тапсырма:  104- жаттығу.  « Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»  мәтіннің мазмұның айту.

X. Оқушыларды бағалау.мадақтау.

Құмсай бастауыш мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:

                                                          Өткізген: Нартаева К. Ж.

     C:\Users\Казына\Pictures\img045.jpg

                 2013 – 2014 оқу жылы


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Презентация по городу Арль

Красивая презентация города Арль, поможет в уроках по страноведению...

Работа с художественным произведением. Винсент Ван Гог "Комната в Арле" (на русском и французском языках)

Description et analyse          Van Gogh a choisi sa chambre dans la « maison jaune » comme sujet de sa toile. Il réalise cette peinture en octobre 1888, ...

«№ 12 орта мектепке қарасты «Қарлығаш» жазғы демалыс лагерінде «Балақай! Алақай!» қазақ тілі үйірмесінің атқаратын жұмыс жоспары»

«№ 12 орта мектепке қарасты «Қарлығаш» жазғы демалыс лагерінде  «Балақай! Алақай!» қазақ тілі үйірмесінің  атқаратын жұмыс жоспары»...