Урок казахской литературы "Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы"
методическая разработка (10 класс) по теме
Интересный материал для провеления урока и просто знакомства с творчеством писателя.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
zh.aymauytov_akbilek_romany..doc | 108.5 КБ |
Предварительный просмотр:
Қазақ әдебиеті сабағы
Пәні: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Сынып: 11- сынып
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын талдау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Романды өмірмен байланыстыра отырып мазмұнын ашу, ауызша және жазбаша сыни тұрғыда талдау.
2. Дамытушылық. Оқушының өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту. Ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік. Кішігірім топтарда жұмыс жасай отырып, қорытынды жасау, басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету. Жаман қасиеттерден жиреніп, адами қасиеттерді бойына сіңіре білуге баулу.
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыларын жетілдіру сабағы
Сабақтың түрі: Проблемалық- ізденіс сабағы
Сабақтың жабдығы: Мультимедиалық кешен, ақын суреті, шығармалары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен амандасып, оқушыларды түгендеу. Оларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
І. Қызығушылықты ояту.
Кілт сөздер: Рушылдық- феодалдық, теңсіздік, қасірет.
Еркін сөйлеу
Оқушылар берілген кілт сөздерді пайдаланып, өз ойларын 1-2 ауыз сөзбен ортаға салады.
Оқушы
Мұғалім
Өз ойын жеткізе
алады
Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындалады
Оқушының сабаққа байланысты білім деңгейін анықтайды
Бұрынғы білімдерін жүйеге келтіреді
Өз көзқарасын дәлелдей
біледі
Сабаққа қызығушы
лығын оятады
Баланы еркін сөйлеуге машықтан
дырады
Оқушының эмоцияларына әсер етеді
ІІ. Мағынаны ажырату.
«Блумның сұрақ қою жүйесі» әдісі бойынша романды талдайды (жеңілден күрделіге дейін).
Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы. | |
Білім | Романда ақын қандай мәселені көтереді? Тақырыбы не, идеясы қандай? Автор Ақбілектің аянышты тағдыры арқылы қандай мәселені көтеріп отыр? |
Түсіну | Романдағы басты кейіпкер, қазақтың таңдаулы қызы болып өсіп келе жатқан Ақбілектің басына түскен ауыртпалық пен күйініш қалай басталды? Қара мұрттың азулы, қатыгез екендігін романның қай жерінен көруге болады? Әлде ол ондай адам емес пе? Қалай ойлайсыңдар, «оқымаған әйел қор ғой, қапастағы құстай ғой» деген Ақбілек сөзінің жаны бар ма? |
Қолдану | Қалай ойлайсыңдар, Ақбілек өміріндегі Бекболат пен Балташтың рөлі қандай? Өз көзқарасыңды дәлелде. Ақбілекке қарап бұрынғы қазақ қыздары қандай болған деп ойлайсың? Оның бейнесінің негізіндегі халық арманын не деп түйіндер едің? Романның бас кейіпкері Ақбілек қандай мінез, іс-әрекеттерімен көрінеді? Оған ұқсас кейіпкерлерді білесің бе? |
Анализ | Мәтіннен жауынан құтылып, елін іздеп жолға шыққан Ақбілектің психологиялық монологын тап. Ақбілек сөзінің мәні неде? Қалай ойлайсыңдар, романдағы «жылан торғайды арбап жейді» деген жолдардан нені аңғаруға болады? Бұл сөздің Ақбілек өміріне қатысы бар ма? |
Бағалау | Қара офицер мен басқалардың жас қызға істеген зұлымдық ісіне қандай баға берер едің? Шынында да бұдан өткен жауыздық іс бола ма? Әлде одан басқа жол жоқ па? Ақын бас кейіпкерінің тағдырын дұрыс шешкен бе? Ол шешімге қосыласың ба? |
Синтез | «Қара мұрт офицерге», «Ақылды Ақбілекке», «Жүсіпбек атаға», «Бекболатқа» т.б. қалаған кейіпкерге сауаттылық хат жазу. |
ІІІ. Ой толғаныс.
Пікірталас кестесі
Ақбілектің қала өміріне бет бұруы дұрыс па?
Иә | Жоқ |
1. 2. 3. | 1. 2. 3. |
Түйін:
Оқушы
Мұғалім
Біреудің пікірін тыңдай білу
Дәлелдер келтіруге үйренеді
Өз көзқарасын өзгерте
алады
Әр түрлі көзқарасын білдіруге баулиды
Сабақты қорытынды
лап, түйіндеуге үйретеді
Шешім қабылдауға әсер етеді
Нақты, ашық пікірін айтуға дағдылан
дырады
Өз ойына тұжырым
жасай алады
Бағалау парағы
( Әр топтың алдында жатады).
Оқушының аты-жөні | Ой шақыру | Мағынаны ажырату | Ой толғаныс | Қорытынды | |
Еркін сөйлеу | Блум таксономиясы | Сауаттылық хат | Пікірталас кестесі | ||
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Урок казахского языка "Қыс"
Урок на казахском языке, знакомит с приметами зимы. Ведётся интересный диалог учитель и ученика....
Урок казахского языка "Ас атасы - нан"
Урок казахского языка по теме "Хлеб - всему голова"....
Урок казахского языка "Моя Родина - Казахстан"
Материал урока будет важен и интересен тем, кто хотел бы поближе познакомиться с народом Казахстана....
педогогический опыт "дидактическая игра как средства познавательного интереса младших школьников на уроке казахского языка"
Даннный материал является моей творческой темой по которой работаю 4 год. по данной теме защищалась на конкурсе "Учительказахского языка 2013"...
Урок казахского языка "Сәкен Сейфуллин"
Мақсаты: С.Сейфуллиннің шығармашылығымен таныстыру, өмірін өнеге ету.Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру сәті....
Конспект урока казахского языка в 5 классе по теме: 9 Мамыр-Женис куни
в данном конспекте описывается ход и проведение урока казахского языка в 5 классе по теме 9 Мая День Победы,знакомим детей с текстом "Памятник",беседа об участниках Великой Отечествееной Войны,о мемор...