Абай "Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ"
материал (6 класс) на тему
Абайдың "Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ" өлеңі
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
shokparday_kekili_bar_kamys_kulak.docx | 22.46 КБ |
Предварительный просмотр:
Қысқа мерзімді жоспар
6 – сынып Қазақ әдебиеті
Апта | Күні: 11.10.2014 | Сабақ №2 | |
Сабақ тақырыбы: | Абай Құнанбаевтің «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі | ||
Жалпы мақсат: | Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзисының күн шуақты асқар биігі - Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімді толықтыру; мал патшасы жылқының сыны мен бағасының сипатталуын түсінуге бағыт беру; | ||
Сілтеме: | Қазақ әдебиеті, 6 - сынып, слайд, видеофильм | ||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | Білу. Өлеңнің мазмұнын түсінеді. Түсіну. Абай суреттеуіндегі жүйрік ат бейнесін таниды Қолдану. Абай өлеңіндегі теңеулерді түсініп, өз сөзінде қолдана біледі. Талдау. Өлеңді сатылай кешенді талдап біледі, өлең идеясын ашады, құрылысына, тіл ерекшелігіне талдай алады Жинақтау. Өз ойын еркін жеткізе алады. Өлеңді оқып, идеясын ашып, кішігірім эссе жазады | ||
Негізгі идеялар: | Ер қанаты – ат Жылқы – қазақ өнерінің басты бір тұлғасы | ||
Сабақта қолданылатын материалдар: | Слайд, видеофильм | ||
Оқыту әдістері: | АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту | ||
Дерек көздері: | Оқулық, интернеттен материалдар, сөздік | ||
Тапсырмалар: | Презентация қорғау, топтастыру, пікірлесу, Джигсо, | ||
Тапсырма | Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс - әрекеті | |
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (1 мин) | Сынып атмосферасын құру Абай өлеңдерінің қиындысын табу арқылы топқа бөлу | Бір – біріне сәттілік тілейді Өлең тақырыптарын құрастырып, топқа бөлінеді | |
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (12 мин)
(3 мин) | Презентация қорғау Сұрақ – жауап (викториналық сұрақ) 1. Абай Құнанбаев қай жерде, қашан дүниеге келген? 7. Абайдың шешесі мен әжесі 10. Абай рухани байлық алған үш саласы 12. Қалай ойлайсыздар, егер әкесі Абайды оқудан шығарып алмағанда, Абай қандай болар еді? | Презентация қорғау арқылы Абайдың өмірбаянын айтады 1. Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың бауырында 2. Ауыл молдасынан. 3. Семейдегі Ахмет Риза медресесі 4. Ибраһим 5. Өскенбай 6. Құнанбай 7. Ұлжан, Зере 8. Ел билеу ісіне араластыру үшін 9. Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Салтыков - Щедрин, Добролюбов, Чернышевский 10. Шығыс әдебиеті, орыс жазушылары, халық ауыз әдебиеті 11. 1904 жылы | |
ІІІ. Жаңа тақырып (3 мин) (5мин) (3мин) (5 мин) (1мин) (5 мин) | Ой шақыру Жылқының шауып келе жатқаны туралы видефильм көрсетемін Топтастыру Жылқы сөзін топтастыру Өлеңді мәнерлеп оқимын Оқушыларға оқуға тапсырма беріледі. Жеті қазына видеофильмінің жылқыға арналған тұсын көрсетемін Тақтадан жылқының сыртқы мүшелері туралы мәлімет беремін. Сөздікпен жұмыс Джиксо стратегиясы арқылы оқулықта берілген таным дерек айдарын оқыту. Сергіту сәті «Артығын тап» ойыны Топқа тапсырма (кесте) 1) Өлеңнің алғашқы шумағынан жылқының дене мүшелерін тіркескен сөзімен теріп жаз 2) осы сөздерден омоним болатын сөздерді тап, мысал келтір 3) Тіркескен сөздердің ішінен тасымалдауға болмайтын сөздерді тап | Оқушылар жылқы туралы білгендерін айтады. Жылқы сөзін топтастырады Әр топтан бір оқушы мәнерін келтіріп оқиды. Оқушылар жылқының сыртқы мүшелерімен танысады. Өлеңді оқи отыра, түсінісіз сөздерді сөздіктен тауып, мағынасын табады. Әр топқа мәтіннің бөлігі беріледі. Топ талқылап, түсініп алғаннан кейін, басқа топқа барып, өз оқығандарын түсіндіреді. Оқушыларға сөздер тізбегі беріледі, артқы сөзді табу керек. 1) Шоқпардай кекіл, қамыс құлақ, қой мойын, қоян жақ, бөкен қабақ, ауыз омыртқа, майда жал, ой желке. 2) Қой 3) Қой, Жақ, Ауыз, Жал, Ой | |
ІV. Қорытындылау (4 мин) | Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу | 1. Авторы: 2. Тақырыбы: 3. Жанр түрі: 4. Идеясы: 5. Шумақ саны: 6. Тармақ саны: 13. Эссе: | |
V. Үй тапсырмасын беру (1 мин) | 1 – топ: Өлеңнен өздеріңе ұнаған 3 шумағын мәнерлеп жатқа оқу, жылқы туралы мақал – мәтелдер мен нақыл сөздерді табу. 2 – топ: мазмұнын қара сөзбен жазу. 3 – топ: теңеу сөздерді жазу, аттың суретін салу. 4 – топ: өздері оқыған батырлар жырындағы Байшұбар, Тайбурыл аттарының сипаты мен Абай сипаттаған аттың сынын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу | ||
VI. Бағалау (1 мин) | Формативті бағалау жүреді, топтық бағалау, критерий арқылы бағалау, суммативті бағалау | ||
VII. Рефлексия (1 мин) | Стикер таратамын | Стикер арқылы кері байланыс жасайды. |
Өз – өздерін бағалау
№ | Оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасы | Сөздікпен жұмыс | Кестемен жұмыс | Скт | Топ жетекшісінің бағасы | Қорытынды баға | |
Презент | Сұрақ | |||||||
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
4 | ||||||||
5 |
Критериалды бағалау
Критерийлер | Дискрипторлар | Ұпайы Мах 10 |
А Білу | Білу. Өлеңнің мазмұнын түсінеді. | |
В Түсіну | Түсіну. Абай суреттеуіндегі жүйрік ат бейнесін таниды | |
С Қолдану | Қолдану. Абай өлеңіндегі теңеулерді түсініп, өз сөзінде қолдана біледі. | |
Д Талдау | Талдау. Өлеңді сатылай кешенді талдап біледі, өлең идеясын ашады, құрылысына, тіл ерекшелігіне талдай алады | |
Е Жинақтау | Жинақтау. Өз ойын еркін жеткізе алады. Өлеңді оқып, идеясын ашып, кішігірім эссе жазады |
БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ
«5» 10-9 балл
«4» 8-7 балл
«3» 6-5 балл
«2» 4-0 балл