Бала тәрбиесі – баршаның ісі
учебно-методический материал на тему
Баланың бойына жауапкершілік, ұқыптылық, күтімділік сияқты қасиеттерді қалыптастырған дұрыс. Институт инженерді дайындап шығармайды, тек инженер атағын береді емес пе, сол сияқты жоғарыда аталған қадір-қасиеттерді қалыптастырсақ, бақытты болуды үйретпегенмен, бақытты болатындай етіп тәрбиелер едік. Себебі, баланың алғашқы көргені – сіз, алғашқы естігені – сіздің сөзіңіз, алғашқы сезгені – сіздің бойыңыздағы қасиет. Міне, бұлар қандай дәрежеде болса, бала да сол дәрежеде болады. Әрине, түзетуге болмайды, енді бітті деп күдер үзуге де болмайды, қайта тәрбиелеудің де үлкен мәні бар. Бірақ бұл тәрбие ата-ананы әбден шаршатып барып, жемісін беруі мүмкін, сондықтан тәрбиені басынан, баланы жасынан бастап қолға алуымыз керек.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
abroy.odt | 27.75 КБ |
Предварительный просмотр:
Бала тәрбиесі – баршаның ісі
(ата-анамен кеңесу)
Біздер, ата-аналар, өзімізді өзіміз сыйлауға, күтуге, құрметтеуге қанша күш жұмсасақ, балаларымызды сыйлауға, күтуге, құрметтеуге екі есе күш жұмсауымыз керек. Өйткені біздер, ата-аналар болғандықтан өз дәуіріміз үшін де, балаларымыздың заманы үшін де жауап береміз. Бұны – әсіресе қазіргі жағдайымыз талап етеді.
Егер бала әкесінің не шешесінің ең сұлу, ең әділетті, ең ұқыпты, ең көңілді, аса байыпты өзін шын мәнінде сыйлайтын, күтетін, құрметтейтініне сенетін болса, сіз оның ең қадірлі адамысыз, сондықтан сіздің беделіңіз ең басты мәселе болып саналады. Балаңыз сізге ұқсауға тырысады. Демек, балалар алдында беделді ата-ана өз борышын, азаматтық міндетін орындадым деп есептей алады. Бала өзінің ата-анасын қалай сыйласа, қадірлесе, жақсы көрсе, жалпы үлкендер арасында өзін қалай ұстауды, үлкен кісілерді құрметтеуді білетін, қарттарға көмекке келуге әрқашан дайын тұратын, кішкентай бөбектерге қамқорлық көрсете алатын мәдениетті адам болып өседі. Мұндай балалар тәрбиелі, көргенді бала екен деген сенімге ие болады. Бұл – ата-анаға қандай қуаныш, қандай бақыт. Бұл – жақсы тәрбиенің нәтижесі.
«Баланың тәрбиесі жөнінді біреуден ақыл сұрауыңыз, өз балаңызды өзіңіз жақсы танымағаныңыз. Алдымен жақсы танысыңыз, содан кейін кеңес алыңыз», - дейді А.С.Макаренко. Дарынды педагогтың өмір окулығынан алған тәжірибесі – әрбір ата-ананың тәрбие жұмысындағы кемшіліктері жөнінде данышпандықпен айтылған кемеңгерлік пікір. «Баламыз, кейінгі кезде, айтқанды тыңдамайды. Өз бетінше жүреді. Ерте кетіп, кеш келеді. Мұның не десек, сендердің жұмыстарың емес, өзім білемін, қалай жүргім келсе, солай жүремін деп, тыңдамайды, не істесем екен, кімге барып ақыл сұраймын?» - дейтін ата-аналар да кездесіп қалады.
Бірде Ж.-ның анасы: «Қызым тілімді алмайды, баратын жеріне рұқсатсыз кетіп қалады. Кейде өте кеш қайтады, тіпті қонып қалатын кездері де болады. Тіл алмай қойған соң сіздерге келдім, жәрдем беріңіздер, болмаса қызымның бұзылып кететін түрі бар»,- деді. Дәл осы сияқты қыздарымыз бен ұлдарымыз бар екені рас. Ендеше мұндай балалардың ата-аналары тәрбие мәселесінде ағаттық кетіргені, тәрбие мәселесіне немқұрайлы қарағаны белгілі. Бала тәрбиесіне кішкене кезінде көңіл аз бөлінеді, өскен соң түзелер, әлі кішкентай деп ойлайды. Баласы өскен соң, кімді тәрбиелегенін, қалай тәрбиелегенін түсінбей қалады, өйткені алдында өзі танымайтын, танығысы келмейтін адам тұрады. Ал ата-анасын түсінбеген, тыңдамаған бала, басқаны да тыңдап жарытпайды. Сондықтан, баланы ешкімнің ақылынсыз-ақ өзіңізді сыйлай білетіндей етіп тәрбиелеу керек. Бұл тәрбие бала дүниеге келген күннен басталмақ: уақытында тамақтандыру, ұйықтату, мезгілінде ойнатып, ойыншықтарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретуден негізі қаланады. Ата-ананың әрбір басқан қадамы дұрыс болып, дәл орнын тапса, баласы үшін біреуден ақыл-кеңес сұрамайтын болады. «Не ексең, соны орарсың» деген даналық сөз дұрыс алынған ғой. «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-ана, екіншісі – ұстазы, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Қорықпақ пен сүймек – от пен су сияқты. Ол екі зат әсте бір жерге жуымайды. Адам сүйген адамының ғана ақылын ұғынады, содан тағылым алады. Қорқытып, ұрсып айтқан ақыл адамға дарымайды» - дейді Абай. Ұлы ақынның сөздері атақты педагогтардың пікірімен сәйкес келеді. Бала жаман я жақсы болып тумайды, оны жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбиесі мен тәрбиелейтін ортасы, ал бала ең алдымен ата-анасын көріп, сезіп өседі. Егер балаңызды мектепке барғасын бәріне үйренеді десеңіз, кеш қаласыз. Баланың санасына өзін-өзі тоқтата білу, кідірте білу, тежей білу дағдыларын қалыптастыру керек. Егер өзін-өзі тежеуге шамасы келмесе, ол баланың бойында намыс пен жігердің болуы екіталай. Намыссыз, жігерсіз бала- «құр қуыс кеуде» болады.
Екіншіден балаңыз неғұрлым батыл болса, соғұрлым шыншыл болады. Мұндай бала өтірікке жол бермейді. Ендеше, өзі жасаған қателігіне сізге түсінік берсін, сіз түсінік бере көрмеңіз.
Үшінші баланы жасынан шынайы сезімге дағдыландырған жөн. Жалған сезім абырой әкелмейді. Кейбір адамдардың жалған сезімдері, мысалы бастықтарға деген жағымпаздық тағы басқа балаларға оңай ауысады.
Сүйсе екеншын көңілмен кімді сүйсе.
Тұрса екен бір мінезбен жанса-күйсе.
Қырмызы қызыл жібек кейбір жандар,
Былғайды оңғақ бұлдай бір дым тисе,
- деп ұлы Абай айтқандай, балалардың құбылмалы екі мінезді, көрсе қызар болуы осындайдан шығады.
Төртінші, балаңыз өзімшіл болмай көпшіл болса, қоғамшыл болса, бұл да жан ұяда қалыптасатын тәрбие. Мысалы балаңыз жаңа киім киюге, тәтті тамақ ішуге, жақсы орынға отыруға ұмтылмай: сіздерге сендер киініңдер, дем алыңыз, біздің өміріміз алда, біз сіздерге қызыға қарайтын болайық - десе, міне, Сіздің еңбегіңіздің ақталғаны.
Бесіншіден, баланың бойына жауапкершілік, ұқыптылық, күтімділік сияқты қасиеттерді қалыптастырған дұрыс. Институт инженерді дайындап шығармайды, тек инженер атағын береді емес пе, сол сияқты жоғарыда аталған қадір-қасиеттерді қалыптастырсақ, бақытты болуды үйретпегенмен, бақытты болатындай етіп тәрбиелер едік. Себебі, баланың алғашқы көргені – сіз, алғашқы естігені – сіздің сөзіңіз, алғашқы сезгені – сіздің бойыңыздағы қасиет. Міне, бұлар қандай дәрежеде болса, бала да сол дәрежеде болады. Әрине, түзетуге болмайды, енді бітті деп күдер үзуге де болмайды, қайта тәрбиелеудің де үлкен мәні бар. Бірақ бұл тәрбие ата-ананы әбден шаршатып барып, жемісін беруі мүмкін, сондықтан тәрбиені басынан, баланы жасынан бастап қолға алуымыз керек.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Сценарий выпускного бала
Сценарий выпускного вечера в школе...
К "Осеннему балу"
В данном материале - стихотворение об осени, стихотворение об осеннем букете и четверостишие о поделке из природного материала "Жар-птица"...
Сценарий выпускного бала "ВЫПУСКНИК - 2011"
Сценарий выпускного вечера для девятиклассников в форме вручения премии "Оскар"...
Л.Н.Толстой "После бала"
Урок литературы. Мастер-класс. Цель урока: Выявить, при помощи каких средств автор раскрывает главную мысль рассказа: каждый человек несет ответственность за все происходящее вокруг. Задач...
Презентации к уроку литературы. Л.Н Толстой "После бала"
Прием контраста в произведении...
Сабақтың тақырыбы: Бала тәрбиесі бесіктен.
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдинеті мен өнері туралы тақырыпты қай дәрежеде меңгерге...
Интерактивная мультимедийная библиотека с мультфильмами и сказками на татарском языке «Бала» — www.бала.рф
Интерактивная мультимедийная библиотека с мультфильмами и сказками на татарском языке «Бала» — www.бала.рф...