Ұлы Отан соғысының Ақтөбелік батырлары
учебно-методический материал по краеведению (5 класс) по теме
Біздің жерлестеріміз – ақтөбелік Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ Ордендерінің иегерлері арасында қазақтар мен орыстар, украиндар мен татарлар бар еді. Біздің даңқты аға – апаларымыздың тағдырлары әрқилы, олар әртүрлі әскери бөлімдерде шайқасқан. Оларды Отанға деген сүйіспеншілік, әділ іске деген сенім, интернационалдық борыш біріктірді, Отанды қасық қандары қалғанша қорғады.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
uos_batyrlary.rar | 1.11 МБ |
Подписи к слайдам:
Прохоров Михаил Семенович 1917 ж. Қобда ауданында Новоалексеевкада туған. Танкіге қарсы атқыштар полкінде орудия командирі болып, көптеген шайқастарда ерлік көрсетті. Сол үшін екі орден және медальдармен наградталды. Әсіресе 1944 жылы 16 қазанда Венгрдің Теле деревнясындағы ұрыста ерекше көзге түсті. Ол жаудың 12 танкі мен 8 бронетранспортеріне тойтарыс беріп, 4 танкі, 4 бронетранспортерді, 5 пулеметті және 50 шамасында фашистті жойды. Отан үшін шайқастағы ерліктері үшін оған 1945 ж. Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Үргенішбаев Ідіріс 1912 ж. Шалқар ауданының Талдықұм аулында туған. 1943 жылдың қазан айы. Жауды Батысқа қарай қуып салған Кеңес әскерлері Днепрдің жағасына жетті. Оны кешіп келесі бетке өту керек болады. Сонда суға түсірілген қайықтардың бірінде бөлім парторгі Ургенішбаев бар еді. Ідіріс Үргенішбаев осы қиян-кескі ұрыста ерлікпен қаза табады. Отанымыз батыр ұлының ерлігін бағалап, 1944 Ідіріс Үргенішбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Власов Николай Дмитриевичке Кеңес Одағының Батыры атағы Днепр үшін болған шайқастағы ерлігі үшін берілген.Королев Николай Степановичке де Кеңес Одағының Батыры атағы 1943 жылы Днепр үшін болған шайқастағы ерлігі үшін берілген.
Балтабанов Иманғали – соғыста Александр Матросовтың ерлігін қайталаған жауынгер. Ол Қобда ауданында туған. Ленинград майданында соғыста болған. 1945 жылы Одер өзенінен өтерде бір күннің өзінде жаудың 58 солдаты мен офицерін, ал бір аптада 120 фашисттің көзін жойған. Ұрыстардың бірінде ауыр жараланғанына қарамастан, дзотқа секіріп барып, байлаулы бірнеше гранатамен амбразураны жарып, өзі сол жерде қаза тапқан. 1945 жылы Иманғали Балтабановқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.
Жазықов Қожабай армияға соғыстың екінші жылында алынған. Ол кіші командирлік құрам мектебін бітірген. 206 атқыштар дивизиясының 25-гвардиялық дивизиясының барлаушылар взводында командир болды. Ол Воронежден Будепештке дейінгі соғыс жолдарынан өткен. Ол Ерлігі үшін, екі рет Қызыл Жұлдыз ордені, Ленин орденімен марапатталған. Кеңес Одағының Батыры атағы 1945 ж. Берілген. Ол - майданнан тірі оралған азғантай ақтөбеліктердің бірі.Аға сержант, Даңқ орденінің иегері Гришин Александр Алексеевич Новороссийск үшін соғысқа, Қырымды, Чехословакияны азат етуге қатысқан. Ол Москвада өткен Жеңіс парадына қатысқан.
Біздің жерлестеріміз – ақтөбелік Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ Ордендерінің иегерлері арасында қазақтар мен орыстар, украиндар мен татарлар бар еді. Біздің даңқты аға – апаларымыздың тағдырлары әрқилы, олар әртүрлі әскери бөлімдерде шайқасқан. Оларды Отанға деген сүйіспеншілік, әділ іске деген сенім, интернационалдық борыш біріктірді, Отанды қасық қандары қалғанша қорғады.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Қазақ батырлары
Қазақ батырларының ерлік істерімен таныстыру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесін дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, ерлікке тәрбиелеу....
"Тыныч тормыш батырлары" - инша. Автор Хәйретдинова Әдилә
Тыныч тормышта да батырлыкка урын күп....
Проектная работа "Батырлар эзе буйлап" ("По следам героев" ) посвященная герою М.Джалилю
Рус мәктәбендә белем алучытатар төркемнәре өчен 9нчы сыйныфта татар шагыйре Муса Җәлил һәм аның көрәштәшләренә багышланган проект эше....
Батырлык һәм батырлар
Илебез батырларны онытмый....
«Батырлар исеме мәңгелек»
Данная разработка познакомит учащихся с событиями афганской войны, с именами воинов- афганцев родного края.Показать воинскую доблесть, несгибаемое мужество и стой...
«Батырлар исеме мәңгелек»
В день вывода советских войск из Афганистана рассказать детям об афганской войне (расширить знания учащихся о войне в Афганистане)....
Комментарии
Ақтөбе- менің қалам сабағы
Ақтөбе- менің қалам сабағы бойынша бастауыш класс оқушылары мектеп кітапханасынан қосымша мәліметтер пайдаланып отырды.Кітапхана қорынан және интернет желісі бойынша көмектер көрсетілді.