"Көксерек" Мұхтар Әуезов.
план-конспект урока (7 класс) по теме
"Көксерек" дала тағысы, табиғат перзенті. Адам мен тағы арасындағы айқас. Өмірдің ауыртпалығы, күн көру үшін күрес.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
kokserek.doc | 32.5 КБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Мақсаты: -жазушының табиғат пен адамдар тағдырын қатар суреттеген «Көксерек» әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне, автордың көзқарасын байланыстыру
-оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, аң мен адам арасындағы тартысын суреттеу арқылы тіршілік үшін күрестің мәнін ашқыза отырып, ізденімпаздыққа баулу, өз ойларын, пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру.
-қоршаған ортаны сүюге, табиғаттың әрбір перзентінің орыны ерекше екенін айтып, табиғат пен адам әрқашан қарым-қатынаста болатынын түсіндіру, адамгершілікке баулу, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Типі: қорытынды-қайталау сабағы
Түрі: білімді жинақтау, бекіту сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап, поэзия минуты, түсіндіру, баяндау, ойқозғау, талдау, суреттеу, жоба қорғау.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, ән-әуез.
Көрнекілігі: жазушының шығармалар жинағы, бейнефильм, қосымша деректер, суреттері, интерактивті тақта, презентация.
Оқыту нәтижесі: тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын Мұқтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылығы және нақыл сөздерімен толықтыру.
Сабақтың мазмұны: I.Ұйымдастыру бөлімі
-Амандасу, назарларын бүгінгі сабаққа аудару.
Флеш-тренинг: «Сәлемдесу» (Оқушылардың нәтижелі жұмыс жасауына жағдай жасау. Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, өздеріне ұнайтын оқушымен жұптасып, мұғалімнің жүргізуімен түрлі елдердің амандасуын өткізеді.
Үнді елі- қос қолын маңдайына жақындатып, иіліп сәлемдеседі.
Тайвань-бір-бірінің мұрынын уқалап амндасады.
Қазақтар- төс қағысып амандасады.
Топқа бөлу: Оқушылар қолдарындағы қағаз қиындыларын біріктіру арқылы, суретті жинастырып топқа бөлінеді. Суретте Құрмаштың, Көксеректің, әжесінің, Қасеннің портреттері шығу керек.
II. Үй тапсырмасын тексеру. «Мен білемін» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
1.Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов қай жылы дүниеге келіп, қай жылы дүниеден озды?
А)1893-1938; Б) 1846-1945; В)1897-1961.
2.Мына шығармалардың қайсысы М. Әуезовтікі?
А)«Тарланым»; Б) «Аягөз, қайда барасың?» В) «Жетім».
3.М.Әуезовтің қай шығармасы арқылы қазақ халқы бүкіл әлемге танылды?
А)«Еңлік-Кебек»; Б) «Абай жолы»; В) «Хан Кене».
4.«Жотасы күдірейген, құйрығы шоп-шолақ, бойы тау басында тайдай көрінеді. Ертегінің көкжалы» деп Көксеректі суреттеуі әңгіменің қай бөлімінде жазылады?
А) 2; Б) 3; В) 4;
5.Қасқырдың неше күшігі өлтірілді?
А)2; Б) 3; В) 5;
6. «Қуарған-ай, неңді алып едім? Не жазып ем?...Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным?» деп кім Көксеректі басқа тепкен кім?
А) Қасен; Б) Әжесі; В) Құрмаш;
7.Құрмаш Көксерекпен ең соңғы рет қай жерде кездесті?
А) ауылда; Б) қой бағып жүргенде; В) серуендеп жүргенде;
8) «Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды!» деген кімдер?
А)Қасен; Б) Бейсенбек; В) Ауыл адамдары;
9.«Сол жалғызымды өлтірген қасқырды қолыма әкеліп, көзін ойғызбасаң, сен маған туысқан емессің!» деген кім?
А)Қасен; Б) Әжесі; В) Құрмаштың әкесі.
10.Көксеректі жеңген төбеттің аты?
А) Ақтөс; Б) Аққасқа; В) Ақтан
(Тестті орындау кезінде жанға жағымды әуен ойнайды. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, үй тапсырмасын пысықтайды.Сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинайды.
Өзара бағалау: тақтада тестің жауабы беріледі.
«5»- 9-10дұрыс
«4»-7-8 дұрыс
«3»-5-6дұрыс
«2»-дұрыс жауап 5-тен төмен болса)
«5»- 9-10дұрыс
«4»-7-8 дұрыс
«3»-5-6дұрыс
«5»- 9-10дұрыс
«4»-7-8 дұрыс
«3»-5-6дұрыс
III.а) Негізгі бөлім.
«Өз басым өзге елге сапар шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі- «Манас», бірі – Мұхтар Әуезов»-деп Шыңғыс Айтматов айтса.
«Мен оның шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. М Әуезов ХХ ғасырдың аса ұлы жазушыларының бірі»- Луи Арагон француз жазушысы. Сондықтан Әуезовтің әр сөзін терең бойға сіңіріп, үніле отырып сезіне- тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы. Ендеше, балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген-білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызды ізденушілік сабақ ретінде бастаймыз. «Мен білетін Әуезов» шығармашылық жұмыс, слайдтар презентациясы. ( Әр топ өздерінің слайдтарын қорғап, көпшілік назарына ұсынады.)
Ә)Әр топ «Ұлы Әуезов» топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.
ұлы ақын,жазушы,драматург,ғалым.
философ аудармашы
Зерттеуші академик
Қоғам қайраткері
Б) «Ой қозғау» бөлімі. ( Шығарманы жан-жақты талдау)
(Әр топ кластер арқылы шығарманың тақырыбын ашады)
ІV.Қорытынды. «Кім кінәлі?» ( «Жуан-жіңішке» сұрақтар әдісі.)
-Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
-Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма?Қайсысы қаталырақ?
-Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
-Қасқырларды қолға үйретуге болама?
V. Үй тапсырмасы: «Көксерек- табиғаттың тағы перзенті» шағын шығарма жазу.
(Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне тоқталады ).
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Урок казахского языка "Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай"
Мақсаты:1) казак халкының ұлы жазушы М.О.Әуезов жайлы білетіндерін еске түсіру, балалык шағынан жаңа мәлімет беру; сөздік корын молайту;2) окушыларды ауы...
Кылыг созунун болуушкун наклонениезинин келир уези
Болуушкун наклонениезинин келир уези...