Қыста
план-конспект урока (5 класс) по теме
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Қыста
Сабақтың мақсаты:
- Жыл мезгілдерін қазақ тілінде атай отырып, «Қыста» тақырыбын, ондағы жаңа сөздерді игерту.
- Тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру.
- Табиғатты сүюге, аялауға, қорғай білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: сабақ жоспары, суреттер, дидактикалық материалдар.
Меңгерілетін сөздер: айнала, аппақ, сырғанақ, теуіп жүр, тамаша.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) амандасу, түгендеу
ә) оқушылар назарын сабаққа аудару.
(«Шаттық шеңберін» құру)
Бала, бала, баламыз,
Мектебімізге барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) 3-жаттығу (Е. Өтетілеуұлының өлеңін жатқа айту)
ә) 4-жаттығу (сұраулық шылаудың тиістісін қойып, сұраулы сөйлем құрастырып жазу)
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Мұғалім, Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін оқып, сабақты бастайды.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан ізі сықырлап келіп қалды –
деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай ызғарлы қыс қылышын сүйреп келіп қалды.
Балалар, мына суреттерге көңіл бөліндерші! Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Қыста ауа райы қандай?
- Қыста адамдар қалай киінеді?
- Жерде не жатыр?
- Балалар қандай ойындар ойнайды?
- Қыста қандай мереке болады?
- Қыс айларың білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма? (несімен?)
- Балалар, енді тақтаға назар аударайық. Бүгін біз сендермен мынадай жаңа сөздермен танысамыз. (сөздік жұмысы)
айнала – вокруг
аппақ – белым-бело
сырғанақ – каток
теуіп жүр – катается
тамаша – замечательное, прекрасное
Ал енді осы жаңа сөздермен бір-екі сөз тіркестерін құрайық.
Күн тамаша. Балалар сырғанақта ойнап жүр.
IV. Кітаппен жұмыс.
- 2-жаттығу. (Тиісті сураулық шылауды қойып жазып. «Иә», «Жоқ» сөздерін қолданып жауап қайтар.)
Үлгі:
- Қазір қыс мезгілі ме?
- Иә, қазір қыс мезгілі.
- Кел, балалар ойнайық
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай тапсырма болса да,
Таппай оны қоймайық!
Ойын: «Жоғалған сөздер»
Шарты: Тиістісін тауып, сызықпен қос.
Қыс жауды
Күн тепті
Қар келді
Коньки суық
- Ойын: «Буындардан сөз құра»
Ай - на - ла ап - пақ қар
Ба - ла - лар сыр - ға - нақ теп - ті
(Аудармасын айту)
- Сергіту сәті:
Көлбең – көлбең, көлбеңдеп,
Қар жауады көлбеңдеп.
Оңнан солға, солдан оңға
Ышқынып, ысқырып
Соғады боран.
- Ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: «Қыс» тақырыбына байланысты сөздердің қазақша аудармасын табу.
І – топ «Аққала»; ІІ – топ «Шырша» құрастырады.
Снеговик Елка
Холодно Белый
Снег Зима
- Суретпен жұмыс. (2 – 3 сөйлем құрау)
- Ойын «Жоғалған буын»
Мақсаты: Қыстап қалатын құстарды білу, буынға бөле білу.
Қар - ворона
Сауыс - сорока
Тор - воробей
Көгер - голубь
Бозтор - синица
- – Балалар, сендер жұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма? – Иә.
- Олай болса, мен жұмбақ айтамын, ал сендер шешуінің бірінші әрпін тақтаға жазасыңдар.
- Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады
Бұл не аппақ мақтадай? (Қар)
- Кесе, шыны, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді? (Ыдыс)
- Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. (Сөз)
- Ал енді балалар осы Қыс сөзімізге ассоциация жасайық.
Күн суық
Жаңа жыл Күн қысқа
Демалыс Жылы киім киеміз
Сырғанақ тебеміз Қар жауады
- Сөз жұмбақ шешу
а) қыс айлары
- Февраль
- Январь
- Декабрь
ә) ға
быз
мақ
V. Сабақты бекіту.
Балалар, алда қандай мереке келе жатыр? – Жаңа жыл
Ендеше, балалар шыршамызды безендірейік.
(Ойыншықтарда тапсырмаларды орындап, ілеміз)
- үлпілдек –
- ақ –
- мақтадай –
- жеңіл –
- аяз –
- боран –
- мұз –
Балалар, Жаңа жылды жақсы қарсы алайық деген мақсатпен сабағымызды «Шырша жырын» орындап, қорытындылаймыз.
VІ. Үйге тапсырма:
- 4-жаттығу (өлеңді жаттап ал) 78 бет.
- «Жаңа жыл», «Қыс» тақырыбына сурет салу.
VІІ. Оқушылардың сабақтағы белсенділігін бағалау (жетондарын есептеу)
Қыс
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Оқушылардың бойында туған жеріне деген ыстық-ықласын оятып, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу
Туған қаласының өткені туралы, оның басынан кешірген талай-талай сындарлы күндері: көрген қиындықтары мен аштық күндері, қуғын-сүргінге ұшыраған күндері, оның ҰОС жылдарындағы өмірі, халқының елге-Ота...
Әл- Фараби шығыстың ғұлама ғалымы
Оқушыларға қазақтың ұлы ойшылы, шығыстың ғұлама ғалымы Әбу-Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен тарихтағы орны туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлы ғалымдардың өмірімен таныстыру, білімдерін жүйелі түрде ...