Компьютерлік технология- оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы негізгі құрал.
статья (информатика и икт) по теме

МАГЗУМ НУРЛАНБЕК

 

« ХХІ  ғасырда білімін  дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістері үшін жақсы маман жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз біз инновциялық экономика құра алмаймыз»

 

Н.Ә. Назарбаев

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon bayand_nur.doc386 КБ

Предварительный просмотр:

Мағзұм Нұрланбек

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Златогор орта мектебі

Компьютерлік технология-  оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы негізгі құрал.

         « ХХІ  ғасырда білімін  дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістері үшін жақсы маман жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз біз инновциялық экономика құра алмаймыз»

Н.Ә. Назарбаев

      ХХІ ғасыр адамзаттың индустриялық кезеңнен ақпараттық кезеңге өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Сондықтан да, оқушылардың ақпараттық қоғамдағы өмір талаптарына сай дайындауда  -  мектеп пәндері үлкен роль атқарып келеді. Алайда, жаңа ақпараттық технологиялардың өте шапшаң даму қарқыны бұл пәнге деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Бұл пәнді оқытудағы негізгі мақсатты айқындап берді.

        Қазіргі заман талабына сай оқушылардың компьютерлік технологиямен жұмыс істеуге деген ынтасы, талпынысы, ізденісі өте жоғары. Сондықтан да, информатика сабақтарына оқушылар құлшыныспен, бір нәрсені еркін меңгерсем деген ниетпен қатынасады. Бірақ, осындай оқушылардың көпшілігінде информатика пәнінен  білімді, яғни теориялық білімді меңгермей – ақ, компьютермен жұмыс істеуді үйренсем, болды деген пікір қалыптасқан. Сондықтан да, оқушылардағы мұндай жалған пікірді болдырмау үшін, оқушылардың теориялық білімді меңгеріп оны компьютерде орындағанда, яғни практикада ұштастырғанда ғана, әртүрлі программалық пакеттер құра білгенде, компьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игергенде ғана нақты жұмыс істеуге үйреніп, компьютерде жұмыс істеу сауаттылықтарының шеберліктерінің артатынын дәлелдеу керек. Ол үшін негізгі пәндерді оқытуда педагогика қолданылатын әртүрлі технологиялық тәсілдердің ішінен оқушылардың білім жетілдіру, олардың компьютерлік шеберліктерін арттыруда ұтымды болатын әдіс-тәсілдерді таңдап сабақ өткізу – пән мұғалімдеріне жүктелер міндет болып табылады.

        Оқушылардың қандай да бір бөлігі бір тақырыптан екінші тақырыпқа  немесе бір бөлімнен екінші бөлімге өткен кезде өз білімінен де кемшілік жіберіп алады. Білімдегі мұндай кемшіліктер бірден-бірге өсе отырып, бір кездері оның әрі қарай оқуына белгілі бір мөлшерде кедергі жасайды.

        Бүгінгі күні мектептің алдына білім берудің және тәрбиелеудің сапасын жоғарылату, әр пәнді жоғары ғылыми дәрежеде оқыту талаптары қойылған. Осыған байланысты оқытылатын материалдар тізбесін және көлемін нақтылау, оқулықтар мен бағдарламаларындағы артық жүктемелерді алу, негізгі ұғымдарды және оқу пәндеріндегі жетекші идеяларды нақтылы сипаттауды қамтамасыз ету қажеттігі туып отыр.

          Информатикадан білім беруді жетілдірудегі ең негізгі бағыттардың бірі – мектептерді жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстарын іске асыру. Бұл жоғарда айтылған мәселелерді түбегейлі шешіп тастамағанымен де, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жүйесінің, олардың іс әрекетінің мазмұнын өзгертуге, компьютерді қолдануды меңгеруде оқушылардың сауаттылығы мен шеберлігін дамытуға әсер  етеді.

          Сонымен, орта мектепте пәндерін оқытуда оқытуда оқушылардың білімін жетілдіру проблемасын шешу үшін, ең алдымен мұғалімнің іскерлік дайындығы, оқу процесінде шығармашылықпен ізденуі, педагогикадағы жаңалықтарды, әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану керек екені белгілі болды.

          Кез- келген мектеп пәндерін оқытуда да жаңа идеялар, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану керек-ақ. Оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, жеке тұлғаны дамытуда жаңашыл әдіс- тәсілдерді қолдану – оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, шығармашыық қабілетін дамытып, оқу материалын толық игеріп, қазіргі ақпараттық заманда оқушылардың компьютермен жұмыс істеуде сауаттылығы мен шеберлігін арттырады.

   

      Жаңа ақпараттық технологияларға қазіргі кезде таратылып жүрген:

  1. Электрондық оқулықтар
  2.  Слайдтар
  3.  DVD технологиясы
  4.  Инретактивті тақта мен проекторлар негізінде бейне оқыту жүйелерін көрсете отырып, ақпараттық технология негіздерін ұтымды қолдана білу, интернет, электрондық пошта арқылы ақпараттармен қамтамасыз ету ақпатартандыру жағдайындағы инновациялық оқытудың негіздері.

Электрондық оқулықтарды таныстыру. Олардың оқушыларға деген тиімділігі мен пайдасы жайлы қысқыша мағлұмат беру.

     Еліміздің ертеңгі бүгінгі біздің оқушыларымыз болып табылады. «Жас баланың миы ақ қағаз тәрізді. Оған не жазсаң, сол болады», деп ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев айтқандай, баланы қалай тәрбиелеймін қалай білім беремін десең де өз еркің. Бала – тату отбасында, жанашыр жандардың аялы алақанында сүйіспеншілікпен ер жетуі керек. Нәтижесінде бала мейірімді, төзімді, сыпайы, көргенді, кез- келген жағдайдан жол таба білетін, елінің ертеңгі сенімін ақтар азамат болары сөзсіз, сонымен қатар қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық технология әдісімен білім алса, «Көзі ашық, көкірегі ояу» азамат болары сөзсіз.

Оқушылардың қабілеттерін арттыруға жаңа технологияның кейбір элементтерін пайдалану жолдарын іздестіріп, елеулі әдістемелік жұмыстар атқару-біздің басты міндетіміз. Білімді терең игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге, ойын ашық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту-оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп саралап оқыту дұрыс.          

Қорытынды

Білім берудің алғы шарттарының бірі –

  • оқушылардың ойлауы,
  • есте сақтау
  • ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану,
  • өз білімін бағалау,
  • өз бетімен білімін көтеру дағдыларын қалыптастыру болса, осы мақсатқа жетуде білім беуде – жаңа технология әдіс – тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай туғыза білу керек деп ойлаймын.

          Қазіргі ақпараттық қоғамда мектеп пәндерін оқытуды дамыту, яғни пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейге жеткізу жұмыстануды қажет етеді.

          Міне, осындай жайларды айта отырып, баяндамамды аяқтай келе, кез- келген пәндерді оқытуда сабақты жаңа технология әдістерін қолдана отырып, тартымды өткізе білгенде, тиімді ұйыдастыра білгенде ғана осындай қиындықтарды жеңуге болады және оқушылардың білім сапасының артатыны сөзсіз екендігі айқындалды.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Презентация«Қора өзенінің бастауында оқу-танымдық туризмді дамыту мүмкіндіктері»

      Өзектілігі: Қора өзенінің бастауындағы тау мұздықтары, эстетикалық тартымдылығы, ерекше моренналы көлдерді рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми – танымдық, бұқаралық ...

Географиядан танымдық ойын.Қазақстанның әкімшілік, экономикалық аудандары

                      Географиядан танымдық ойын       Бұл танымдық және қызықты ойын география пәніне қызығ...

"Әдебиет әлеміне саяхат" электронды-танымдық лото ойыны

Оқу құралы жалпы білім беретін мұғалімдерге әдістемелік құрал ретінде ұсынылады....