МАГЗУМ НУРЛАНБЕК

АШЫК САБАКТАР

Профессия: МҰҒАЛІМ

Профессиональные интересы: КОМПЬЮТЕР

Увлечения: КІТАП ОҚУ

Страна: ҚАЗАҚСТАН

Населенный пункт: АГЫНТАЙ БАТЫР, АЙЫРТАУ АУДАНЫ

Место работы: МЕКТЕП

Навигация

Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/magzum-nurlanbek


О себе

 

              Мен, Мағзұмұлы Нұрланбек 1979 жылы

18 сәуірде  Монголия Республикасы, Баян- Өлгий облысы, Баяннур ауылында дүниеге келдім. Отбасымда он бір адам бар.

          Мен 1986 жылы мектеп  табалдырығын аттадым. 1993 жылы ата қонысымыз Қазақстанға қоныс аударым.  1997 жылы Көкшетау мектеп- интернатын бітіріп, сол жылы Көкшетау Мемлекеттік Университетіне оқуға түстім. 2001 жылы бітіріп, Көкшетау қаласындағы қазақ лицейінде алғашқы педагогтық қызметімді бастадым.

          2002 жылдан   бастап Златогор орта мектебінде қызмет істеймін. 2008 жылы  Көкшетау Мемлекеттік Университетіне түсіп информатика мамандығы бойынша ойдағыдай бітіріп шықтым.

          Үйленгенмін. Екі ұлым бар,  Ғабит 1 сыныпта, Шыңболат төртте.   Жолдасым  Көкейхан Зина биология пәні бойынша мұғалімдік қызмет атқарады.

Книги, которые сформировали мой внутренний мир

 

imageБілім саласындағы оң өзгерістер

 

 

«Еліміздің ертеңгі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың  тағдыры ұстаздардың қолында»

 Н.Ә. Назарбаев.

 

 

 

Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп, өркендеуі қазіргі жастарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Міне, сондықтан да Елбасымыз қазақстандықтарға білім берудің жаңа сапасына көшуді тапсырған болатын. Елбасы атап көрсеткендей, жас мемлекетіміздің  болашағы бүгінгі мектептегі жас буын өкілдерінен басталады. Оларға осындай талап қою арқылы дамыған алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына мықтап кіру. Ел болашағының дамуы нақты өз жастарымыздың қолында тұрғаны сөзсіз. Осы мақсатта «100 балабақша, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша көптеген жаңа нысандар салынып жатыр. Сондай-ақ еліміздің әр түкпірінде Назарбаев Зияткерлік мектептері мен халықаралық талаптарға сай білім беретін Назарбаев Университетінің ашылуы соның дәлелі. Міне, ертеңгі дамуымыз үшін Елбасы мен мемлекет жастарға осындай жағдай жасап отыр.

Қазіргі заман талабына сай ұрпақтарымызды парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болсақ, онда мұғалімдеріміз қайта даярлаудан өтіп, білім берудің жаңа түрлері мен әдістерін жаңартуымыз қажет. Ал бұл міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру бүгінгі  күнде мұғалімдердің кезек күттірмес міндеті. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында әлемдегі алдыңғы қатарлы ірі оқу орындарының бірі Кэмбридж Университеті арқылы кіріктірілген жаңа оқу бағдарламасының 7 модульден тұратын оу курсында өз білімімді жетілдіріп, толықтырудамын. Себебі нұсқаулықта: «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» {5-бет} (Strong, Ward & Grant, 2011).  Ендеше барлық жүктің мұғалімге артылатыны белгілі. Жалпы бұл бағдарламадан түсінгенім, қазақстандық білім беру жүйесінен көп айырмашылығы бар, әрі жаңашылдығы мен ерекшелігі мол екеніне көзім жетіп келеді. Атап айтсам:

  1. Мұғалім ретінде кәсіби өзгеру, яғни басқарушыдан бағыттаушы рөліне

«көрінбейтін мұғалімге» айналуы;

  1. Оқушыларды алған  білімін өмірде қолдануға дағдылануы;
  2. Балалардың қабілеттерін ашу жолдарын анықтай білуді үйренуі;
  3. Мұғалім топтық  жұмыс негізінде әр оқушыны жеке тұлға ретінде бағалауы;
  4. Әрбір сабақтың сәтті өтуіне оқушыларды ынталандырып отыруы;
  5. Сабақ жоспарының құрылымының өзгеруі;
  6. Мұғалімдер өзін-өзі реттей алуы (мәдени күнделік жүргізуі);
  7. Өз іс-тәжірибесіне, әрбір сабақтан кейін рефлексия жасап, талдай алуы;
  8. Уақытты тиімді пайдалана алуы;

Білім берудің жаңа мазмұнын  меңгеру  оқушыларды жеке  тұлға ретінде қалыптастыруды, өмірге бейімдеуді қамтамасыз етеді. Осы курс бойынша алған  білімім  менің  кәсіби өсуіме негіз  болады деп  сенемін.

 

Нұрланбек Мағзұмұлы.

СҚО, Айыртау ауданы, Златогор

орта мектебінің  биология және

информатика пәнінің мұғалімі.

Мой взгляд на мир


Мои достижения


Моё портфолио


Добавить грамоту в портфолио
Мои альбомы