Педагогикалық ситуация
статья по теме

Амангалиева Акмарал Сайлауовна

мұғалімдерге арналған

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл pedagogikalyk_situatsiya.docx18.34 КБ

Предварительный просмотр:

Педагогикалық жағдаят ұғымының мәні

 

 

      Еліміздегі білім беру реформасы «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел ену мақсатына сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыруға ерекше мән береді.

     Тұлғаның «қалыптасуы» деген ұғым педагогика және психология ғылымында, жеке тұлға дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Демек, қалыптасу дегеніміз - бір нәрсеге форма мен тұрақтылық беру; нақты бір түр беру яғни  баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұлғаның қалыптасуы өте күрделі және ұзақ процесс. Ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Егер, педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық ситуация яғни педагогикалық жағдаят) болуы қажет.

      Педагогикалық процестің қарапайым «бөлшегі» ретінде қолданылатын «педагогикалық жағдаят» туралы Н.Д.Хмель «...педагогикалық жағдаяттар болмысқа тән алуан түрлілікті білдіреді. Бір қарағанда, жағдаяттарды бірін екіншісінен ажырататын уақыты, орыны, себебі, түрткісі, пайда болу шарттары, қатысушылардың әлеуметтік жас және психофизиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекет мазмұны мен амалдары қарым-қатынас сипаты»-деген болатын.

      Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз – байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады.

      Неміс философы К.Ясперс жағдаяттарды а)жалпы және ә)жалқы деп жіктеп, біріншіге әр адамның басынан өтетін куаныш, қайғы, қасіреттерді және т.б. екіншісіне бір ізді есепке алу жолдары жоқ, әр жағдаяттың өзіне тән жұмбақ фактілер жиынын жатқызады.

       Д.Магнуссон әртүрлі деңгейдегі жағдаяттарға талдау жасап, талдау бірліктерінің арасындағы нақты шектің жоқтығын көрсете келіп, жағдаяттарды идеологиялық, әлеуметтік, мәдени деп бірнеше типтерге жіктеп, оның бес түрлі факторларын ажыратады:

       - оңды және толықтырушы;

       - кері тартушы;

       - жігерлендіруші;

       - әлеуметтік өзара байланыстырушы;

       - белгісіздік.

      Ғалымдар У.Томас пен Ф.Знанецкий өздерінің еңбектерінде жағдаятты субъект қағидасы арқылы түсінудің қажеттілігін ашып көрсетіп, жағдаят – бұл құндылықтар жиынтығы деп  оларды белгілеріне қарай үш типке топтастырады:

       а) адамның немесе қоғамның әрекет жасауы үшін қажетті объективті жағдай. Бұл жағдайлар адам мен қоғамның санасына тікелей немесе жанама әсерін тигізуші экономикалық, діни, интеллектуалдық құндылықтар жиыны;

      ә) тікелей нақты мінез-құлыққа әсер етуші адамның немесе топтың өзіндік бекімі;

      б) қандай да бір дәрежедегі нақты жағдайлар тұжырымы мен бекімдер сезімін көрсетуші жағдаят анықтамасы. Сонымен, жағдаятты шешу біріншіден,фактіні айқындаумен, екіншіден өзіндік бекімнің пайда болуымен, үшіншіден, жағдаяттың не екендігін (мәнін) түсінумен сипатталады.

     К.Левин еңбектерінде жағдаят жалпы өмірлік жағдаяттарға да, жеке әп-сәтте болатын жағдаяттарға да қатысты делінген. Осы тұрғыдан алғанда автор жағдаят мәнін нақты бір сәттегі мінез-құлықты сипаттайтын барлық фактілер жинағын «психологиялық өмір кеңістігі» терминін пайдалана отырып ашады.

     Көрнекті орыс педагогы Л.С.Выготский баланың әлеуметтік ортадағы даму жағдаяттарын екі түрлі бағытта көрсетеді, Яғни, баланың әр жастағы динамикасының тікелей әлеуметтік жағдаяттарға байланысты екендігі. Әр жас аралығының өзіне тән ерекшелігі, баланың қоршаған ортамен оның шынайылығымен, ең алдымен әлеуметтік ортамен қайталанбас қарым-қатынасы. Бұл қарым-қатынас әлеуметтік даму жағдаяты деп аталады. Әлеуметтік даму жағдаяты әр жас аралығындағы дамуда байқалатын барлық динамикалық өзгерістердің бастапқысы болып саналады.

     Әлеуметтік даму жағдаяты - әлеуметтік шынайылықты дамытудың көзі ретінде қарастыра отырып, тұлғалық қасиеттердің жаңа қырларын қалыптастырудың жолы мен формасын, соның ішіндегі әлеуметтік болып саналатын дара жолды анықтайды.

    Ал, екінші бағыт тұлғалық қасиеттердің жаңа қырларының шығу тегі. Тұлғалық қасиеттердің жаңа қырлары баланың сана сезімінің қайта құрылуын сипаттаушы алғы шарт түрінде емес, жас аралық дамудың нәтижесі, өнімі болып табылады. Осылайша баланың санасындағы өзгерістер оның жас ерекшелігіне тән әлеуметтік болмысының формасы негізінде пайда болады. Жалпы жағдаят, уақыттың бір сәті емес, ол адам болмысы детерминанттарының жиынтығы, жағдаят ол -  мәннің сипаттамасы. Яғни адам санасында із қалдырған жағдаят ол әрқашанда ерекше бір құбылыс, жағдаят арқылы адамның есінде әлемді қабылдауына әсер етуші тұлғалық көзқарасы мен бастан кешкен тәжірибесі көрініс табады.

     Педагогикада «жағдаят» ұғымы балаға тәрбиелік әсер мүмкіндігімен салыстырылып, баланы тәрбиелеумен, дамытумен,  қалыптастырумен байланысы оны педагогикалық қызмет деңгейінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жағдаят педагогикада  әдіснамалық тұғыр ретінде негізделмегенімен, жалпы педагогикада «педагогикалық жағдаят», «проблемалық жағдаят», «тапсырмалық жағдаяттар», «мәнге бағытталған жағдаят» болып ғылыми түсінік ретінде қолданылып жүрген ұғым екенін білеміз.  Сонымен, «жағдаят» ұғымының педагогикалық санаға енуі бұл кездейсоқ дүние емес, ол педагогикалық шындықтың терең жатқан заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Демек, қазіргі студент, ертеңгі маманның кәсіби тәжірибе жинақтауы жоғары оқу орнының қабырғасында жүріп-ақ педагогикалық жағдаяттарды шешуде іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы пайдаланып, ажырата білуінің мәні ерекше болып табылады.

     Кез-келген жағдаяттардың соңындағы логикалық ойлауға негізделіп берілген сұрақтар болашақ маманның педагогикалық тұжырымы мен нақты шешім қабылдауын жетілдіруге, түсініктер мен ережелерді зерделей білуге бағытталады. Егер студенттер оның мәні мен заңдылықтарын айқын әрі жеткілікті ұғына білсе, онда практикалық іс-әрекет өзінің тиімді нәтижесін береді. Педагогикалық жағдаяттарды шешу жұмыстарын жиі ұйымдастыру студенттердің зерттеу, талдау жағдайында оқытушы рөліне кіріп, педагогикалық процесті өз бетінше құра білуге бейімделіп, практикалық сабақтарды ұжымдық-танымдық іс-әрекет формаларында жүргізіп, моделдеуіне үлкен ықпалы бар. Сонымен, студенттің педагогикалық жағдаяттарды дұрыс шешуі үшін, біріншіден терең теориялық білімі, екіншіден жағдаятты талау барысында меңгерген білімін дәлелдеуі, үшіншіден, философиялық, психологиялық, педагогикалық біліміне байланысты дұрыс және дәлелді шешім қабылдауы қажет.

     Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген тұжырымында, студенттің  педагогикалық жағдаяттарды өз бетінше шешу әрекеті яғни, адамның жадында бірінші кезекте тек өз бетінше жасаған әрекеті қалады екен.   

       Сонымен, педагогикалық жағдаят - адамның тұлға ретінде қалыптасуын сипаттайтын, тұлғаның даму тетігін үлгілеуде ұстанымдық рөл атқаратын, жат көзге, әлемге байқала бермейтін тұлғаның меншікті өзіндік ортасы яғни, тұлғаның даму мехнизмін айқындауға ықпал ететін құрал екендігін байқатады. Төменде осы құралға, яғни педагогикалық жағдаятқа бірнеше мысал келтіріп отырмыз.

     1-жағдаят.Оқушының оқудағы жетістіктеріне көңілі толмайды, өзінің икемділігінен күмәнданады, оқу материалын түсініп, игеріп алатындығына көзі жетпейді, ол мұғалімге: «Сіз қалай ойлайсыз, мен қашан да болсын сыныптастарымнан қалмай жақсы үлгеріп, оқып кете аламын ба?»-дейді, Сіздің жауабыңыз?

     Жауаптар:

     1) Сенің икемділігің өте жақсы, мен саған үлкен сенім артамын.

     2) Қане отырып әңгімелесіп, мәселені шешейік

     3) Әрине, бұл туралы сен күмәнданбасаң да болады.

    

    

      2-жағдаят.Сабаққа кіруге қоңырау соғылды. 8-ші сынып оқушылары кабинеттің алдында оқытушыны күтіп тұр. Кабинет жабық. Оқытушы келіп, кілтпен есікті ашайын десе, кілттің орны қағазбен бітелген. Оқытушы оқушыларға күмәнді көзқараспен қарап шығып: «Бұл кімнің ісі, осылайша сабаққа кедергі жасайын дедіңдер ме?»-деп өзінің наразы көңілін білдірді. Оқушылар сасып қалды, қарсыласайын деп еді, оқытушы тыңдамай одан әрі дауыс көтеріп кінәлай берді. Осы сәтте директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары келіп: «Жамал Бектасқызы, кешіріңіз сәл кешігіп қалдым. Мен сізге басқа кабинет ашып берейін, себебі бұл кабинет сырланған еді, бөгде адам кірмеуі үшін мен кілт орнын әдейі қағазбен бітеп едім» деді.

      Сұрақтар:

      1) Неліктен шиеленіс пайда болды?

      2) Шиеленісті болдырмауға болатын ба еді?

      3) Осындай жағдаяттардың дұрыс шешімін табу үшін, оқытушы қандай сапаларды игеру керек?

      4)Бұл жағдайда сіздің әрекетіңіз?

      3-жағдаят.Оқу жылы басталды. 6-шы сыныпта оқитын Арман әкесімен қыркүйектің басында, егер мен жақсы оқитын болсам, маған велосипед алып бересіз бе, деп келісті. Әкесі ойланбастан уәдесін берді. Арман жақсы оқуға тырысты, бірақ ол жақсы жетістікке әр түрлі әдістермен жетті. Математикадан көршісі Мөлдірден, басқа сабақты тағы басқалардан ұқыптап көшіріп алып жүрді. Әкесі Арманның күнделігін бақылап жүрді, бағалары дұрыс. Арманның  әкесі уәдесінде тұрып, жазғы демалыс кезінде баласына велосипед алып берді.

      Сұрақтар:

     1)Сіз осындай екі жақты келісім шартқа қалай қарайсыз?


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Научно- исследовательская работа " Современная демографическая ситуация в Монголии - на примере демографической ситуации в семье"

Даннай работа производилась учащимися 9 класса в рамках реализациии национального компонента при углубленносм изучении темы "Население" ....

Педагогические ситуации и пример их решения. Методы решения сложных педагогических ситуаций

То такое педагогические ситуации и как их решать? Почему эти вопросы касаются каждого? Дело в том, что каждый из нас является либо родителем, либо учителем, либо  приятелем, либо чьим-то родствен...

Менің педагогикалық портфолиом.

Жанболат Есенғалиұлы Ешов [[{"type":"media","view_mode":"media_original","fid":"7241855","attributes":{"alt":"","class":"media-image","height":"447","width":"531"}}]]1.  1966 жылы 19 сәуірде...

Чрезвычайные ситуации криминального характера. Урок Криминальные ситуации вне жилища.

Цели:Организовать деятельность учащихся по восприятию, осмыслению, первичному запоминанию новых знаний и способов деятельности.Обеспечить закрепление знаний и способов деятельности учащихся.Организова...

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

В данной статье раскрываются проблемы и задачи преподавании инновационных технологий в образовательном процессе. Статья написана на казахском языке....


 

Комментарии

Нурмаханова Жанат Тажмухановна

Баланы ынталандыруға болады, бірақ баланы үнемі бір нәрсе алып берем деп уәде бере бермеу қажет. Балаға білім өзіне қажет екендігін ұғындыра білуі керек.