Главные вкладки
Амангалиева Акмарал Сайлауовна
сайт учителя начальных классов
Профессия: мұғалім
Профессиональные интересы: өлең оқу
Увлечения: өлең айту
Страна: Қазақстан
Населенный пункт: Ақтөбе қаласы
Место работы: №1 орта мектеп
Звание, ученая степень: оқу инемен құдық қазғандай
Навигация
Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/amangalieva-akmaral-saylauovnaАбай жолы
Ұстаз болу жүректің батылдығы
Ұстаз болу сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның ақылдығы
О себе
Туған жылы:19.07.1979 жылы
Білімі:жоғары
Бітірген оқу орны: М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мамандығы:педагог-психолог
Еңбек өтілі:14жыл
Санаты: 2
Книги, которые сформировали мой внутренний мир
Қош бол, махаббат
Мой взгляд на мир
Мои достижения
"Сәтті шыққан 45 минут" 3-орын
Ғылыми жұмыс"Ең үздік зерттеуші" номинация оқушы Тельманова А
"Математика-ғылымдардың патшасы" "Жас математиа" номинация Оқушы Бақытжан Н
"Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" семинар - сабақ. Тақырыбы:"12 жылдық білім беруде оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру"
Қалалық семинар"Дарынды балалармен жұмыс"
Моё портфолио
Ұстазы бейілді болса,
Шәкірті зейінді келеді.
Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама
«ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ
Құрылымы:
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі.
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
Сыртқы беті:
- фото (5х6),
- тегі, аты, әкесінің аты,
- диплом бойынша мамандығы;
- жұмыс орны, атқаратын қызметі;
- білім беру ұйымындағы еңбек өтілі,
- үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттары, кәсіби жетістіктері туралы халықаралық, республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдары;
- аттестаттау парағы (Ереженің 8 - қосымшасына сәйкес формасы бойынша);
- жеке куәлігінің және құжаттарының көшірмесі;
- білімі туралы диплом көшірмесі;
- ғылыми атағы туралы дипломының көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі;
- бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі;
- мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі;
- қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі;
- алған (берілген) біліктілік санаты және оны растауға берілген педагог қызметкердің өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша). Ескерту: барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері
Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде):
- үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі;
- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
- алғыс хаттарының көшірмесі;
- сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
Оқушылардың білім алудағы жетістіктері арқылы (соңғы 5 жыл ішінде) педагогтың кәсіби қызметін бекітетін нәтижесі, сертификатталған құжаттары:
- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
- алғыс хаттарының көшірмесі;
- cертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ПОРТФОЛИОСЫ
Құрылымы:
1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
«Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны
1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
- Педагогтың кәсіби өсуінің жеке жоспары 3-5 жылға арналған;
- Педагогтың озық іс-тәжірибе материалдарының бір формасын ұсыну: - педагогикалық іс-тәжірибесін сипаттау; ұсыну формасы: эссе, шығармашылық есеп;
- өз тақырыбы бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.);
- жаңа мазмұнға сай педагогикалық технологияларды пайдаланылған сабақ үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (5-тен көп емес);
- пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (3-тен көп емес);
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
- Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезистері және бағдарламалары және тағы басқалар; әдістемелік кеңестің,
- әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың отырыстарындағы баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезисі;
- бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;
- тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;
- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы туралы қолда бар анықтамалар;
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
- Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау;
Кері байланыс жұмысының материалдары:
- сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар (5-тен кем емес)
- оқушылардың сұрақ-жауап, сауалнамалары,
- ата-аналардың сұрақ-жауап, сауалнамалары;
- педагогикалық қызмет өнімдеріне сараптамалық пікірлер;
- білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы:
- сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;
- соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша да; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде)
- Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.
Портфолио бөлімдері
1. Басылымдар (таблица түрінде) №,Мақала атауы, Басылым атауы, күні, № жылы
2. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі (таблица түрінде) № Жұмыс атауы Оқу-әдістемелік құралдарының түрлері ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.Сынақ нәтижесі Күні
3. Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату ( шебер - сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер)(таблица түрінде) № Шаралар Қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде Дәлелдейтін құжаттар Күні
4. Өткізілген ашық сабақтардың қорытындысы (5-тен көп емес) (таблица түрінде) № Пән Тақырып Сынып / топ Сабақ бойынша ұсыныс, пікірлер Сабаққа қатысушының аты-жөні, қызметі Күні
5. Сабақтан тыс қызметтің қорытындысы (3-тен көп емес) (таблица түрінде) № Қызмет мазмұны Дәлелдейтін құжаттар Сынып / топ Сараптама қорытындысы Күні
6. Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері) (таблица түрінде) № Пән Шаралар Нәтиже Дәлелдейтін құжаттар Күні
7. Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл) (таблица түрінде) № Пән Сынып / топ Сараптау түрі Нәтиже (білім сапасы) Күні
8. Кері байланыс нәтижелері (сауалнамалар, пікірлер) (таблица түрінде) № Бағалауға қатысушылар Бағалау пәні Сараптау түрі Сараптау жұмысының нәтижесі Күні
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:
- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;
- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.
- Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.
- Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы.
Добавить творческую работу ученика
Код для вставки списка публикаций на другие сайты