Дарынды оқушымен жұмыс
учебно-методический материал (4 класс) по теме
Дарынды оқушымен жұмыс жасау түрлері туралы түсінік
Скачать:
Предварительный просмотр:
Баяндама
Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің
Бастауыш класс мұғалімі: Амангалиева Акмарал Сайлауовна
Тақырыбы: «Оқушылардың ғылыми-шығармашылық бірлестігі -мектептегі дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді түрі.»
Мақсаты:Бастауыш кластар әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің тәжірибесінен дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру.
Өзектілігі:Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына арналған стратегиялық міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының ой-өрісі биік және шығармашыл таңдаулы тобының тәрбиелеу қажеттілігі.
Мектептің негізгі міндеттері:Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,зияткерлік мүдделерін ашу, білім беретін пәндерге қызығушылығын арттыру, білім алушылардың Қазақстан мен алыс және жақын шет елдердегі жоғары оқу орнына түсуіне жағдай жасау.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп тұрады.Біреуі білсем екен демекпен не көрсе соған талпынып, «ол немене?,Бұл немене?»деп ,«ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді?»деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі –білсем екен ,көрсем екен, үйренсем екен дегені.(Абай. )
Дарындылық:Адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда бір немесе бірнеше іс-әрекет төңірегіндегі әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Дарындылықтың түрлері:
1.Интеллектуалды дарындылық.
2.Академиялық дарындылық.
3.Көркемдік дарындылық.
4.Шығармашылық дарындылық.
5.Лидерлік немесе әлеуметтік дарындылық.
6. Спорттық дарындылық.
Дарындылық моделі:
1.Интеллектуалдық компонент (зейін, ес, және ойлау үрдістерінің деңгейі)
2.Креативтік шығармашылық(қиял,шығармашылық дамудеңгейі, ерекшелігі және нәтижесі)
3.Мативациялық компонент(танымдық және зерттеу белсенділігі)
Дарынды бала дегеніміз:Өз қатарынан әлдеқайда дамыған ,ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктермен дараланатын бала.!
Дарынды балалардың ерекшеліктері:
-Қиыншылықтан қорықпайды.
-Сөздік қоры мал.
-Есте сақтау қабілеті жоғары.
-Әділетті әзілқой.
-Танымдылық қасиеттері жоғары.
Дарынды баланың мінез- құлқындағы ерекшеліктері:
1.Іс-әрекетінің өзіндік стратегиялық ерекшеліктері бар оқушы.
2.Кез келген іс-әрекетті «өзінше орындауы»
3.Кез келген қиын істен жеңілді, жеңілдіден-қиынды көру ерекшелігімен дараланады.
Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиіиді жолдары.
1.Бақылау әдісі.
2.Психо-диагностикалық зерттеу.
3.Арнайы бағдарлама
4. Психо-диагностикалық тренингтер
5.Мұғалім және ата-ананың эксперементтік бағалары.
6.Олимпиада, конференция.фестиваль т.фестиваль т.б.
7.Эесперттік бағалау(әдіскер, ғалым)
Бастауыш кластарда дарынды балалармен жұмыс жасау модулі:
1.Ақпараттық.
-Кітапханамен жұмысты ұйымдастыру.
-Қоғамдық жұмысқа қызығушылығын арттыру.
-Дарынды балалардың ата-аналарымен жұмыс.
2.Дамытушылық.
-Терендетіліп оқытылған пәндер бойынша кластан тыс сабақты ұйымдастыру.
- Олимпиада, интелектуальды-шығармашылық іс-шараларға қатысуға жағдай жасау.
-Ақпараттық –коммуникативтіктехнологиялар жүйесін пайдалану.
-Жаңа педагогикалық технологияларды(жобалау қызметі)қолдануға жағдай туғызу.
3.Диагностикалық.
-Дарынды балаларды анықтау үшін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жинағын қалыптастыру.
-Диагностика өткізу.
-Дарынды балалармен психологиялық бағытта жұмыс жүйесін құру.
4.Кадрлық
-Бастауыш класс мұғалімдерінің біліктілігін арттыру.(курстар шебер класс әдістемелік бірлестіктің шығармашылық тобын құру.)
Негізгі іс-шараның жоспары.
№ | Іс-шараның бағыты | Жауапты |
1 | Диагностика | Психолог,бастауыш класс мұғалімі |
2 | Дарынды балалармен жұмыс жоспарын құру | Директор |
3 | «Бастауыш кластардағы дарынды балалар» жоспарын құрастыру | Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог |
4 | Әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жинағын қалыптастыру. | Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог |
5 | Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру. | Директордың орынбасары. |
6 | Әдістемелік кеңестің қызметі | Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
7 | Мұғалімдермен қосымша жұмыс жұргізу | Директордың орынбасары. |
8 | Дарынды балалардың қоғамдық ортасын құру. | Директордың орынбасары |
9 | Ата-анамен жұмыс | Директордың орынбасары, психолог,мұғалім. |
10 | Қоғамдық жұмысқа тарту. | Ата-аналар, класс жетекші |
11 | Дарынды балаларға арналған әртүрлі конкурстарға қатысу. | Директордың орынбасары. |
12 | Дарынды балаларға әдістемелік көмек беру | Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. |
Қорытынды
Балалардың бойында белгілі бір қабілеттерінің жарқын көрінісі ой-өрісі деңгейін жалпы дамуымен, ғылымның ,өнердің арнайы бір саласына бейімделуімен сипатталады. Дарындылық –жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры.Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Жоғалыда ұсынылған жұмыс түрлері арқылы жалпы білім беретін мектепте дарынды балалармен жұмыс формаларын ұйымдастыруға болады.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Дарынды және талантты оқушылар
Мұғалімдерге дарынды және талантты оқушылардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін ұғындыру. Дарынды және талантты балаларды анықтауда мұғалімдерге көмекші -нұсқау беру.Дарынды жә...