Дарынды және талантты оқушылар
консультация на тему

ž  Мұғалімдерге дарынды және талантты оқушылардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін ұғындыру. 

ž  Дарынды және талантты балаларды анықтауда мұғалімдерге көмекші -нұсқау беру.

Дарынды және талантты оқушыларды дамыту жолдарын анықтайды.

Стикерлер, интербелсенді тақта, маркер.

Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері туралы жұмыс жүргізу.

Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.

(постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу)

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл madina_daryn_men_talantno1.docx31.99 КБ

Предварительный просмотр:

Тақырыбы:

Талантты және дарынды балаларды анықтау

Сілтеме:

ІІ  деңгейлі білім жетілдіру курсы мұғалімге арналған нұсқаулық. Әлемдік желі. Видеожазбалар.

Мақсаты:

  • Мұғалімдерге дарынды және талантты оқушылардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін ұғындыру.  
  • Дарынды және талантты балаларды анықтауда мұғалімдерге көмекші -нұсқау беру.

Оқу нәтижесі:

Дарынды және талантты оқушыларды дамыту жолдарын анықтайды.

Сабақта қолданылатын

Материалдар:

Стикерлер, интербелсенді тақта, маркер.

Негізгі идеялар:

Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері туралы жұмыс жүргізу.

Тапсырмалардың

түрлері

Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.

(постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу)

Тренинг

«Мен кіммін?» атты ойыны. Жұптаға әр адам стикерге атақты адамның атын көрсетпей жазып, жұбының маңдайына жабыстырады. Сұрақтар қою арқылы, жасырынған адамның кім екенін табу керек?

5 минут

Топқа бөлу:

Мен сіздерге зәмзәм суын әкелдім .Осы суды ішіп бір -бірімізге жақсы тілектер айтайық.Стаканның  түстері арқылы топқа бөлінеді.

1 минут

Кіріспе бөлім:

Видеоүзінді көрсету.

Бұл бейнеүзіндіден не көрдік ?

Біздің оқушыларымыздың арасында осындай балалар бар ма ?

Қайсысы дарынды және талантты ?

Сұрақтары бойынша ой қозғау.

5минут Видеоүзінді

2 минут

Ойқозғау

Бағалау

"Шапалақ ұру"  арқылы бағалау.

2 минут

1- тапсырма

Топшамалар арқылы  кестені белгілеп, сәйкестендіреді .

Тапсырма  № 1. Дарынды және талантты балаларға тән қасиеттерді белгілеуді сұрайды

Тапсырма  № 2. Анықтаманы мұқият оқып, қай түсінікке сәйкестігін анықтауларын сұрайды

12 минут

Бағалау

"Басбармақ "

Мағынаны тану

1-тапсырма

 Бейнеүзінді  көрсету

"Бала Жамбыл"және "Үш жастағы Имран"

Құрметті әріптес! ”Дарынды ,талантты” деген ұғымдарға қандай түсінік бере аласыз?

Мұғалімдерге  парақшалар таратылады ,түсінік қалыптастыру үшін

2- тапсырма

Дарынды және талантты оқушыны қалай анықтаймыз? /постер қорғау/

  1.   мұғалімдері оқушының дарындылығы мен таланттылығын қалай анықтайды?
  2. Қандай жұмыстар жүргізеді ?
  3. Оның нәтижелері қандай ?

15 минут

Бағалау

"Екі жұлдыз, бір тілек" стикер тарату

3 минут

Кері  

байланыс

Қорытынды

1.Бүгінгі коучинг сабағы сізге түсінікті болды ма? ------------------------ 
2.Не жақсы өтті? -------------------------- ---- 
3.Не жақсы өтпеді? ----------------------------
4.Өзіңіз сабақта нені қолдана аласыз?---- 
5.Нені өзгерткіңіз келеді?-------------------- 
6.Сізге не ерекше қызық болды?----------- 
7. Сізге ең пайдалысы не болды?---------- 

Қорыта келгенде «Жанам деген жүрекке от берейік» дарындылық өз бетімен дамымайды. Оған үнемі түрткі болатын бір күш қажет. Ол тәрбиеші және ата-ана.

Нұрлы екен, ай екен,
Барлық бала ай-көркем.
Жанары пәк, шынайы,
Бал бөбегім қайда екен?
Жаны таза, жайдарлы,
Балапаным ең ұлы.
Таза ниет, жүрекпен,
Тербететін әлемді.
Қиялына қанат бер,
Арманына талап бер.
Риясыз сезіммен,
Ұлы үмітін жалғап көр.

"Бұлақ көрсең көзін аш " дегендей оқушыларымызды әр уақытта биіктен көріп, алға қарай жетелейік деп бүгінгі коучинг сессиямды аяқтаймын.

5 минут

Қосымша мәлімет

Ғаламтор материалдары, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

«Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі.

Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады. Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар - жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды.

Дарындылықтың бiрден-бiр белгiсi - тiлдiң ерте шығуы. Әсiресе, егер бала бөлек-бөлек сөздерден қарапайым сөйлемдерге көшсе, бұндай балалардың сөз байлығы да мол, әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен нюанстарын iштей сезедi. Сөйлемдерi ұзақ және орынды. Көп балаларда әзiл-оспақ қасиеттерi кездеседi. Олардың есте сақтау қабiлетi жақсы дамыған, ойлау қабiлетi де жан-жақты. Дарынды балалар әдетте

4 жасында хат таниды, оқи алады. Тәжiрибелi психолог-мұндай баланы өткiр көзқарасынан және өзiнiң ерекше iс әрекетiне қарап көпшiлiк iшiнен тез тауып алады.Егер ересектер мен бала қарым-қатынасында сенiмдiлiк болмаса, ең үлкен дарын да танылмай қалуы мүмкін. Дарындылық, сол сияқты қарапайым зейiндiлiк жылулық сүйiспеншiлiк және қамқорлық ортада ғана ашылады. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.

Талант – бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі.

Талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Таланттың болуы туралы адам қарекетінің принципті жаңалығымен, бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне қарап айтуға болады. Адамның таланты айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның талантының дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады. Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды.

Коучинг сессия. Тақырыбы: Диалогтық оқыту

Әріптестеріме өткізген коучинг – сессия .Өткізілген күні 21.11.2014
Тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Мақсаты: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Оқыту нәтижелері: Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру.
3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.
4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.
5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
Негізгі түйінді идеялар:
Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.
Коучингтің барысы:
Қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер беріледі. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады.
1. Психалогиялық ахуал қалыптастыру
«Өзгеру»
Коучингке қатысушыларға ұшу аппаратын жасауға тапсырма беріледі. Ұшу апаратын жасағаннан кейін әр қатысушы нысанаға тигізіп көреді. Қорытынды жасайды.
Біз өзгеру керек пе?
Нені өзгертер едіңіз?
Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?
2. Коучинг тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер.Диалогтық оқыту
Коучинг дегеніміз не?
Сөзбе - сөз аударғанда – тәлім алу, дайындау, жаттықтыру
3. Топқа бөліну:Сұрақ-жауап жазылған парақшаларды құрастыру арқылы,Ән тарихы,ән авторы,сол әнді орындау
4. Топ ережесін қабылдау
5. Топ мүшелері бейнефильмді көреді.
6. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
- Үш бейнежазбалардың айырмашылығы бар ма? Қандай?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
7. Диалогті оқыту дегеніміз не?
8. Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар
- Әңгіме - дебат
- Кумулятивті
- зерттеушілік
9. Алдарыңызға диалогті оқытудың үш түрін беремін. Оқып танысып шығыңыздар және осы сипаттама бойынша бейнежазбалардың қай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар. Топ ішінде талдаңыздар
Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысы(қосымша мәлімет)
10. Сергіту сәті
11. Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау...
Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
12. Топпен жұмыс рольдік ойындар,әңгіменің 3 түрі бойынша,қай әңгіме түріне жататынын анықтап,сонда рольдерді орындап шығу
Тапсырма №1
Пед.кеңес.
Тақырып: « Ата-аналар жиналысын оқушылармен бірге өткізудің тиімді және тиімсіз жақтарын ашу» 

Қойылым барысында байқалатын жайлар:

А) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады

Ә) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады

С) орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
Тапсырма №2
Мектеп әкімшілігінің есебі
Тақырып: «Өткен оқу жылының қорытындысы»
Қойылым барысында байқалатын жайлар:

а) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі

ә) қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы

с) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді

Тапсырма №3
Сонымен солай дейік...................
Тақырып: «ҰБТ –білім сапасының басты көрсеткіші»

Қойылым барысында байқалатын жайлар:
А) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады
ә) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді
б) әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанмен, мұқият бағалау жүргізіледі
с) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады ( олар келісімге келмеуі де
мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу)

Тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Мақсаты: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Оқыту нәтижелері: Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру.
3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.
4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.
5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
Негізгі түйінді идеялар:
Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.
Коучингтің барысы:
Қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер беріледі. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады.
1. Психалогиялық ахуал қалыптастыру
«Өзгеру»
Коучингке қатысушыларға ұшу аппаратын жасауға тапсырма беріледі. Ұшу апаратын жасағаннан кейін әр қатысушы нысанаға тигізіп көреді. Қорытынды жасайды.
Біз өзгеру керек пе?
Нені өзгертер едіңіз?
Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?

2. Сіздердің назарларыңызға «Әлем өзгереді, мен өзгеремін» фильмін ұсынамын
Екінші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұны өзара бірлескен 7 модуль шеңберінде ұсынылады
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық

3. Коучинг тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер
Коучинг дегеніміз не?
Сөзбе - сөз аударғанда – тәлім алу, дайындау, жаттықтыру
4. Топқа бөліну:

Жұмысымыз ары қарай жалғасу үшін топқа бөлінеміз
«Шашу шашу» Алған кәмпиттердің қағазына қарап топтарға бөліну
Әр топ өздерін таныстырады.

5. Топ ережесін қабылдау
6.. Топ мүшелері бейнефильмді көреді.
7. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
- Үш бейнежазбалардың айырмашылығы бар ма? Қандай?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
8. Диалогті оқыту дегеніміз не?
9. Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар
- Әңгіме - дебат
- Кумулятивті
- зерттеушілік
10. Алдарыңызға диалогті оқытудың үш түрін беремін. Оқып танысып шығыңыздар және осы сипаттама бойынша бейнежазбалардың қай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар. Топ ішінде талдаңыздар
Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысы(қосымша мәлімет)
11. Сергіту сәті
12. Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау...
Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
13. Топпен жұмыс
1. Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
2. Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?
3. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.
14.»Екі жұлдыз, бір тілек» Топтар өзара бағалайды. Постерлерге жабыстырады.
15 Сауалнама жүргізу
16. Тілек ағашын толтыру. Алматыдан әкелген сыйлық
17. «Иә» тренингісімен аяқтау

Кері қайту

Ілмек сөздер: Диалогтік оқытукоучинг


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Дарынды оқушымен жұмыс

Дарынды оқушымен жұмыс жасау түрлері туралы түсінік...

Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі

Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі жасалды....