Тәрбие сағаты "Достық гүл шоғы"
классный час (2 класс) по теме

Биманова Венера Туребековна

Достық  гүл шоғы тақырыбы бірлік күніне өткізілген тәрбие сағаты.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл trbie_sagaty_dostyk_gul_shogy.docx17.26 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақтың  тақырыбы: Достық   гүл шоғы

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Сыйластық,татулық,бақыт  туралы түсініктерің кеңейту

Дамытушылық:өзара жағымды  қарым-қатынасты дамыту

Тәрбиелік:өзара достыққа,Отанын  құрметтеуге  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,шығармашылық  жұмыс,сергіту сәті.

                                       Сабақтың  барысы.

1.Ұйымдастыру бөлімі

2. «Шаттық  шеңбері»

Арайланып  таң  атты,

Алтын шапақ таратты

Жарқырайды күніміз

Жадырайды жанымыз.

Сәлеметсіздер ме балалар?

- Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз  біздің  көңіл күйімізге байланысты. Олай болса бүгінгі  сәтті  күніміз  үшін  бір-бірімізге жылы  лебізімізді  арнайық.

- Балалар сендердің  тілектерің  қандай тамаша рахмет сендерге.

- Балалар жаңа  біз  бір-бірімізге  тілек арнағанда  бақыт деген сөзді  айттық.

- Шынымен  «Бақыт» деген не?

- сендер қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс  Отан, ана, туған жер т.б.

- Өте тамаша. Мінекей  балалар ата-аналарыңның бақыты  сендер екенсіңдер.

- Балалар  біз  қандай елде тұрамыз?

- Елімізде  қандай  ұлттар тұрады?

- Дұрыс балалар  біздің  еліміз көп ұлтты  мемлекет қатарына жатады.Біз қазақ елі олармен  әрқашанда   достық  қарым-қатынастармыз. Олар біздің  елімізде  тұрса да, өз  тілдерінде сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті.Сонымен  бірге олар біздің елімізде  туып өскендіктен менің  елім Қазақстан  деп айта алады.Қазақстан Республикасын  мекен еткен 130дан астам ұлт өкілдері күні  бүгінге дейін  ынтымақтастыққа,бір үйдің  баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік  кешіп келеді.Жүзі басқа  болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен  тілегі бір,мақсат-мүддесі ортақ,бірлігі мықты достығы берік ұлттар қазақ  елінің салт-дәстүріне ,ұлттық-құндылықтарына құрметпен қарайды.

1 мамыр  қандай мейрам?

Н.Ә.Назарбаевтың  құттықтау  сөзін  тыңдату.

«Әңгімелесу»  «Тату  балалар»  ертегісі

Ерте  заманда  шағын бір үйде  ағайынды  бес саусақ  өмір сүріпті.Үлкенін-басбармақ,екінші ағасы н-балаң үйрек сұқ саусақ, үшіншісін-ортан терек,төртінші  інілерін-шылдыр шүмек, ең кенже қарындастарын-кішкене бөбек деп атапты.Олар бірігіп  жұмыс жасады,бақша екті,тамақ әзірледі.Ортаншы  ағалары Ортан терек үйде отырып,үй шаруасына кішкентайларына қарады.Шылдыр шүмек өте сабырлы,ақылды болыпты.Ол кіші қарындасына ертегі  оқып беруді жақсы көрген екен.Ал,кішкентай бөбек болса үлкен ағаларына  ұқсап ержеткісі келеді екен.Осылайша,бес ағайынды балалар тату-тәтті,өзара жарастықта ,сыйластықта  өмір сүріп жатты.

 Бір күндері орманнан  үлкен бір аю  шығып, ағайындылардың  тыныштығын бұзып,бақшаның бәрін таптап,үйлерін  құлатып  бұзуға айналғанда,бес ағайынды  бірігіп  бір жұдырыққа  тастүйін болып  жұмылып аюға қарсы тұрады.Сөйтіп олар қиын шақта  біреулерінің  арқасында  үлкен күшке айналды.Аю болса мұндай  көп күштен қорыққанынан  орманға қарай қаша жөнеліпті.Ал,ағайынды балалар  болса,татулығы мен бірлігінің арқасында жауды жеңіп шыққан екен.Өйткені олар қысылтаяң шақта бәрі бірігіп күш қосып, мықтылық,бірлік,достықтарын көрсете білді.

- Сендерге ертегі ұнады ма?

- Ертегі  қалай аталады?

Неліктен тату балалар деп аталады?

  • Ағайынды балаларды аюдан не  құтқарды  деп ойлайсыңдар?

/олардың достығы,татулығы/

Міне,бұл айтылған  сөздердің  астарынан сабағымыздың дәйексөздері шығады?

 «Татулық-табылмас бақыт», «бірлік болмай тірлік болмас», «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген  нақыл сөзді осы негізге сүйеніп айтса керек.

Қорытынды: Балалар біз бүгін татулық   бар жерде  достық  туындайтынын ұғындық.

Татулық  бар жерде достықтың,сыйластықтың,бірліктің  бар екенін ұғындық.

«Достар»әні

Сергіту  сәті:  «Қара жорға»биі

                                           


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Выступление на тему "Баланы ирек рухында тәрбияләү"

Рухи байлык - ирекнең нигезе. Чын кеше моделе....

Мне достался удивительный класс

Педагогическое эссе....

Укыту- тәрбия процессында укучыларда рухи- әхлакый сыйфатлар тәрбияләү (әти-әниләр жыелышында чыгыш эшкәртмәсе).

Яшь буынга дөрес тәрбия бирү вазыйфасына һәр ата-ана җитди һәм җаваплы карарга тиеш. Ата-ананың абруе - балаларга hәм яшүсмерләргә дәрес тәрбия бирүдә көчле чараларның берсе. Тәҗрибәле ата-аналар бала...

Сценарий праздника на ненецком языке с переводом на русский "Нара мина!" ("Пришла весна!") по мотивам ненецкой сказки "Как звери и птицы солнце достали"

В связи с тем, что 2015 год объявлен годом литературы, я решила провести конкурс чтецов стихотворений ненецких поэтов по теме "Весна", а чтобы детям было интересно, разработала сценарий по ненецкой ск...

Исследовательская работа:«И дедушке досталась доля - воевать в Корее»

Данный материал  о фронтовых дорогах моего деда, могут быть использованы на уроках и классных часах о Великой Отечественной войне, школьным и районным краеведческим музеем, как источник информаци...

Курит один, а плоды курения достаются многим

Выбору темы педагогической разработки послужили следующие причины: 1. положение в мире - в 2007 году табак был основным фактором риска преждевременной смертности по всему Европейскому региону, являясь...

8 мая 1965 года Волгоград удостоен высокого звания "город-герой". Эта презентация - повод напомнить всем, как прекрасно жить в мире и какой ценой достался мир.

quot;Город-герой Волгоград"(8 мая 1965 года Волгоград удостоен высокого звания "город-герой"),к 80-летию начала войны. Эта презентация - повод напомнить всем, как прекрасно жить в мире...