Внеклассное мероприятие
классный час (3 класс) по теме

Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеуге, жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға,анаға деген бала махаббатын оятуға арналған тәрбие сағаты 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл aynalayyn_ak_mamam.docx26.78 КБ

Предварительный просмотр:

«Айналайын, ақ анам»

Сабақтың мақсаты: 

1. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.

2. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Айналайын, ақ анам!», «Көктем мерекесі құтты болсын, қыздар!» қабырға газеті, оқушылар салған суреттер.

І бөлім.

Ана туралы ән күйтабақтан ойналады. Оқушылар қолдарына гүл ұстап кіріп, доға тәрізді тұрады.

Ұстаз мерекені ашып, өз жүрегінен шыққан ыстық ықыласын білдіреді.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар.

Асыл аналар! Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар! Көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер!

Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспін.

Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! «Айналайын, ақ анам!» атты мерекелік тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

1-жүргізуші:                Сәлем бердім, халайық, қалың елім!

2-жүргізуші:                Өнер сүйер қауымға сәлем бердім.

1-жүргізуші:                Көтер көңіл жалықпа осы кеште.

2-жүргізуші:                Күлкі толы керуенді ала келдім.

1-жүргізуші:                Амансыздар ма, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші:                Армысыздар ма, абзал аналар!

1-жүргізуші:                Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

1-жүргізуші:                Құтты болсын, ардақты ана

Асыл ана мерекең.

Құтты болсын теңдік алған.

Қуанышты берекең.

1-оқушы:                        Бақытты ғой шынында

Анасы мен балалар.

Құтты болсын мереке

Бәрі:         Аман болсын аналар!

Сіздерменен жадырайды өңіміз,

Сіздерменен жарасады сәніміз.

Ұзақ болсын мерекеңіз,

Бәрі:         Құттықтаймыз бәріміз!

2-оқушы:                        Жүзімізге қарасаңыз,

Біз бақытты баламыз.

Бізге қымбат құшағыңыз,

Бізге қымбат анамыз.

Құтты болсын, ардақты анам,

Асыл анам, мерекең.

Құтты болсын, жадыраған

Қуанышты берекең.

3-оқушы:                        Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың

Әлпештедің, аяладың, өсірдің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда жүрсең біргемін.

Күн нұрындай жадырайды бір күлгенің

Асыл сөзің жүрегімде жүр менің

Қандай бақыт ортамызда жүргенің.

1-жүргізуші:        Құрметті аналар! Сіздердің құрметтеріңізге ән, қабыл алыңыздар.

4-оқушы:                        Аялаумен ер жеткізген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қажымашы, шаршамашы анашым.

Қарайлаймын кірбің шалса қабағың.

Адалдыққа баулыдың әуел бастан,

Сақтадың оттан, судан, тау мен тастан.

Ақ ботаңды демей гөр, беу, анашым.

Үлкен өмір жолында аяқ басқан.

5-оқушы:                        Қолың жеткен табысқа таспа дейсің,

Кем болдым деп біреуден саспа дейсің.

Абай бол, ботақаным айналаңа,

Жаман жолға ешқашан барма дейсің.

Ар ұятты ешқашан сатпа дейсің,

Тас атқанға қайта тас атпа дейсің.

Ала жібін аттама ешбір жанның,

Жаман атқа, боташым батпа дейсің.

6-оқушы:                        Ақыл айтып баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялаған ұрпақтарын

Көп жасасын жақсы адам!

Кемеңгерсің, данасың.

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын.

Аман болшы, анашым.

2-жүргізуші:                Биші қыздар әсемдікпен бұралғанда,

Жанарың жалын атпай тұра алған ба?!

Алыстап кеткендейсің бір арманмен

Жақындап қалғандайсың бір арманға.

(Өзбекше би)

7-оқушы:                        Мерекеңмен құттықтап,

Қуанамыз құлпырып.

Анаға арнап ән салып,

Берейік сыйлық ұсынып.

Қайтсек, ана, ақталады ақ сүтің?

Жатыр менің жүрегімде жақсы ісің.

Өмір бақи өтеп өтсем болғаны

Анашымның маған берген мол күшін.

8-оқушы:                        Айналайын, анашым,

Көкте күн боп жанасың.

Ер жүрегің елжіреп

Құшағыңа аласың.

Айналайын, анашым,

Аялайсың бағасың.

Менің үшін не керек

Бәрін іздеп табасың.

9-оқушы:                        Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусәр бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Ойын:

Бәрекелді! Ал балалар, аналарыңа тағы қандай жыр арнайсыңдар!

10-оқушы:                        Ана – ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы – Отанды да,

Ана деп біздің халық текке айтпаған.

11-оқушы:                        Ана деген асқақ ән,

Орындайтын әрқашан.

Анадай қымбат сыйлықты,

Таба алмайсың ешқашан.

12-оқушы:                        Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.

1-жүргізуші:                Скеч: «Анасы мен Бағлан» қабыл алыңыздар.

13-оқушы:                        Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаған,

Аман болшы анашым.

14-оқушы:                        Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, пәп анам.

Сен керексің қайда да,

Айналайын ақ анам.

15-оқушы:                        Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

16-оқушы:                        Анам менің, асыл анам анашым,

Балаң үшін сен қашан да панасың,

Қарашы өзің, әр сәбидің жүзінде,

Күндей күліп, жұлдыз болып жанасың.

17-оқушы:                        Өзіңсің сүйікті анам, құдіретім,

Жанымды жадыратып, күлдіретін.

Сендегі маған деген мол мейірді

Нұр толы қос жанарың білдіретін.

18-оқушы:                        Өзіңсің өмірдегі асылым да ардағым,

Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арнадым.

Анашым, айтарым көп, тіл жетпейді,

Бір сендей асыл адам таба алмадым.

1-жүргізуші:                Бишілерде өнер көп

Билейді биді мәнерлеп.

Қыздар биін көріңдер,

Өнерге баға беріңдер.

Қыздардың орындауында би. Қабыл алыңыздар.

19-оқушы:                        Жамандықтан жирентіп,

Жақсылыққа бастаған.

Ұзақ болсын ғұмырың,

Асыл анам – жақсы адам.

20-оқушы:                        Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем менің өйткені,

Өте жақсы көреді.

21-оқушы:                        Менің әжем ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі – әжем.

1-жүргізуші:                 Скеч: «Әжесі мен немерелері» қабыл алыңыздар.

Ойын:

Мұғалім сөйлейді:        Енді біз ортаға қыз-қызғалдақтарымызды шақырамыз.

22-оқушы:                        Оқуды да ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да аялап,

Мерекесін тойлаймыз.

Мерекеде көктемгі

Құттықтаймыз сіздерді.

23-оқушы:                        Жайнап өскен қызғалдақ

Қыздар әсем ел гүлі.

Қыздарды біз сыйлаймыз,

Артық іске бармаймыз.

Мерекеде қыздарға

Жырымызды арнаймыз.

Шыңғыс Ш.                Нұрай біздің – арайлы

Ақырын сөйлеп қарайды

Үндемей жүріп басып оз,

Таң қалдырып талайды.

Асқар Д.                        Сыныптың Гүлназ үздігі,

Алғыр, зерек, білімді.

Көмектесіп ұстазға,

Үнемі алда жүреді.

Айдос М.                        Тазалықты сүйетін,

Сабағын да білетін

Бота көзді Айгерім (Ж)

Ұзақ болсын өмірің.

Ердаулет Ш.                Себепсіз қалмас сабақтан,

Көреміз сені тек алдан.

Өсе бер жайнап Аружан (Т).

Ақылың бойға жарасқан.

Әлібек                        Жамандыққа бармайды,

Жақсылықты қалайды.

Жаны сұлу Аружан.

Мінезі бізге ұнайды.

Эльман                        Би дегенде жан салмайтын.

Билегенде шаршамайтын.

Кешіміздің ақ гүлі

Бишіміз біздің Жанерке.

Ә.Азамат                        Әженің рөлін керемет

Ойнаған біздің қызымыз.

Сүйкімді де сымбатты

Эрика біздің қымбатты.

К.Нұржан                        Жайнап жаймен жүретін

Жымиып ақырын күлетін

Әдеппен бәрін сыйлайтын

Мөлдір қызымыз жарайсың.

Қ.Абылайхан                Ай секілді Анеля,

Жарқырап тусын ай-күнің

Озып шығып бәйгеден

Көп болсыншы бестігің.

А.Есімхан                        Сабақты жақсы тыңдайды

Апайын қатты сыйлайды.

Ибалы қызымыз Айгерім (А)

Бізге де қатты ұнайды.

Мұхамеджан                Сымбат біздің қандай!

Өзі аппақ қардай

Сөйлегені оның

Жағады бізге балдай.

Санжар                        Аяулы Лаурита қызымыз

Аспанның жарық күніндей.

Өсе берші сен жайнап

Көктемнің әсем гүліндей

Өз сыйлықтарын қыздарға ұсынады.

2-жүргізуші:                Ұлдар биін қабыл алыңыздар.

Гульназ                        Қандай ғажап, қарашы жан-жағыңа

Күміс күлкі сыймай тұр залға мына

Аналардай бақытты жан бар ма екен?

Қол жеткізген, аңсаған арманына.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың

Тойларыңыз құтты болсын, о аналар!

Тойларыңыз құтты болсын ағайын.

Ән: «Ақ мамам» қабыл алыңыздар.

Мұғалім сөйлейді:         Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рақмет.

Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)

1        - оқушы

-        Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт

- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

2        - оқушы

  • Дос табу оңай ма? - депті қарт.
  • Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.

3- оқушы

-        Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.

- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.

- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.

4 - оқушы

  • Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
  • Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
  • Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

5-оқушы

- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.

- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.

-        Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.

1-жүргізуші: Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін?

2-жүргізуші: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деген. Ендеше туған тіліміз, ана тіліміз туралы тақпақ өлеңдерге кезек берейік.

Оқушы:                Өмірімнің шырағы, ақыл ойдың бұлағы.

Ана тілі қадірлі, халқымыздың жыр - әні.

Ақыл, ой да, білім де, туған ана тілінде.

Ана тілсіз ұғылмас, ауа, жер де, күнің де.

Ақ сүтіндей анамның, ардақтаймын ана тілін.

Оқушы:                Тілім барда, қазағым бар, халқым бар.

                Дәстүрім бар, ата жолым салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.

Оқушы:                Тілім менің — елдігім де, ерлігім,

Кемеңгерлік кемелдігім, кеңдігім.

Тілім менің мөлдірлігім, пәктігім,

Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.

Оқушы:                Ана тілім - қасиетім, дарыным,

Көз жеткісіз көк жиегім жарығым.

Бұл дүниенің терең тылсым сырларын,

Өзің ғана арқылы тек таныдым.

Ән:

Би:      

Көрініс:


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Внеклассное мероприятие. Тема мероприятия: Правила дорожные знать каждому положено.

Цели занятия:1.    Познакомить детей с правилами дорожного движения.2.    Формировать навыки поведения на улицах города в соответствии с правилами ПДД....

Внеклассное мероприяти Внеклассное мероприятие: «Традиции и праздники татарского народа»

Внеклассное мероприятие: «Традиции и праздники татарского народа»  проводится с целью -  познакомить детей с обычаями и  традициями татарского народа; продолжать прививать детям чувство...

Внеклассное мероприятие "Прощание с Начальной школой" 4класс. Конспект мероприятия.

Внеурочная деятельность . Конспект "Прощание с Начальной школой"...

"Цветочная история" внеклассное мероприятие в рамках общешкольного мероприятия "Фестиваль цветов" для учащихся начальной школы

Методическая разработка воспитательного мероприятия "Цветочная история" , проведенного в рамках общешкольного "Фестиваль цветов" составлена с использованием интернет-источников.Текст частично бы...

Методическая разработка внеклассного мероприятия по литературному чтению. Познавательно - развивающее мероприятие «Русские писатели 19 века».2 класс

Данное мероприятие проведено в рамках Фестиваля гуманитарных наук среди 2-х классов. Групповая работа, ИКТ, инсценирование позволиили активизировать учащихся в течении всего мероприятия....