Еңбек - бәрін жеңбек -2 сынып, Өнерлі бала сүйкімді - 3 сынып
план-конспект занятия (2 класс) по теме
Сабақтың тақырыбы: 2- сынып «Еңбек – бәрін жеңбек»
3- сынып «Өнерлі бала сүйкімді»
Сабақтың мақсаты:
«Еңбек», «өнер» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру
- еңбек етуге, өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;
- еңбексүйгіштікке, өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, Сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суретер, жүрекшелер.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім сөзі: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның алғашқы күнінде яғни, дүйсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері |
|
Оқушыларм бірге шеңбер құрып mұpaды сәлемдеседі, ән айтады: Болайықшы осындай Сөзі мен әнін жазған А. Меңжанова Жақсы бала еңбекшіл Ер азамат болады. қиындықты жеңіп кіл, құшағы гүлге толады. қайырмасы: Еңбекшіл осындай, Болайықшы, досым-ай. Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған, Уқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам. | |
Тыныштық сәті Үнтаспа тыңдау | |
Әңгімелесу Сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу жvргізіледі. • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? • Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? • Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар? • Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар? |
Адам өмірді не үшін үйренеді? Өнерлі өрге жүзер? Дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Балалардың жауаптары. - Дұрыс айтасындар! Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. |
Жаңа ақпарат Қоршаған әлемді шығармашылықпен
|
Тапсырма Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау vшін балаларға тапсырма береді | |
Мәтінмен жұмыс |
|
М ұғалім еңбектің маңызын түсіндіру үшін оқулықта берілген Б. Әділовтің «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып береді. Балалар Сұрақ бойынша өз ойларын айтады Еңбексіз өмір – сүреңсіз Б.Әділов Мысал әңгіме Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір күні қара пышақ ауыр еңбектен қүтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, - деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін! ... Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Онын қайда жатқанын ешкім білмейтін еді. Бір күні: - Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлу ланып кетіпті. - Төмен секір, - деді қара пышақ. – Бірге жатаиық. БІЗДІ ешкім білмейді. - Ол жерде не бар? - Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат! - Ал жұмысты кім істейді? - Жұмыс бізсіз де істеледі. . - Рақмет! – деді Сары пышақ. – Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер. Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді. • Мысал әңгімедегі қара пышақ қандай адамға ұқсайды? • Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады? • «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
| Оқушылар өз бетінше «Құмға салған сурет» К. Сегізбаев мәтінін оқып отырады Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінеді?
|
Дәйексөз Оқушылардың жауаптары оқулықта берілген анықтама мен дәйексөздің мағынасын түсіндірумен түйінделеді. Тақтада Абайдың «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» деген нақыл сөзі |
Адамдықтың басты қасиеті- өнер, білімге ұмтылу Абай |
-Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық» epіншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың. Жалықпай еңбек еткен адам ғана өнерге қол жеткізеді. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді. | |
Сахналау Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады. Үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ ) рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды. Қайдан келдің, бауырсақ? Ө. Тұрманжанов Дастарқанда шашылып, Жатты аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызығып, қарап тұрып көзін сап: - қайдан келдің, бауырсақ? Деп сұрады қуыршақ. - Дүкеннен келдім Нан сатқан, - Деді оған бауырсақ. - Дүкенге келдің қай жақтан? - Наубайдан келдім нан жапқан. - Наубайға келдің қай жақтан? Диірменнен келдім ұн тартқан. - Диірменге келдің қай жақтан? - Даладан келдім кең жатқан. Жер-анам менің көсілген, Диқандар мені өсірген. Оқулықтагы суреттер бойынша (жаюлы дастарқан үстінде шашылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс даласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы «Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?,> - деген Сұрақ аясында шығып сөйлейді. |
Өмір таны, өнер қу.
Ребусты шешу
|
Дәптермен жұмыс М ұғалім оқушыларға дәптермен Жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді. «Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбыңда әңгіме жазыңдар. |
Өз өнерлерің туралы«Еңбек –өнер бастауы» тақырыбында әңгіме жазыңдар |
Қорытындылау | |
Жүректен жүрекке Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір- біріне Жүрекжарды тілектерін айтады. Гүл өсірсең терлеп Мұның аты еңбек. Кесте терсең зерлеп Мұның аты еңбек Домбыра мен биге, Ән мен күйге Жүрсең күнде қатысып Мұның аты еңбек | |
«Айгөлек» - өлеңі |
Как сделать цветок из бумаги?
Представленная ниже схема покажет, как быстро сделать розу.
1. Берем квадратный лист красной бумаги.
2. Вырезаем из него круг.
3. Чертим спираль и вырезаем, как показано на рисунке.
4. Сворачиваем получаем красивый бутончик розы. Его можно прикрепить туда, куда вам нравится.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
prezentatsiya_microsoft_office_powerpoint.pptx | 815.88 КБ |
Предварительный просмотр:
Подписи к слайдам:
М әтінмен жұмыс Еңбексіз өмір- сүреңсіз 84 бет Құмға салған сурет 87 бет
Д әйексөз «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» Адамдықтың басты қасиеті- өнер, білімге ұмтылу
Сахналау
Айгөлек 1. Көлдей шалқып жас өмір, Тасып жатқан шағында, Кемерінен шалықтап, Асып жатқан шағында, Ойын ойнап ән салмай, Өсер бала бола ма? Күміс күлкі көрмей ол, Кемеліне толар ма? Қайрмасы: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде Би билеймін дөңгелеп. 2.Асыл сөздің ұстазы Ақын болар ұрпақпыз . Өнер, білім, еңбекке Жақын болар ұрпақпыз. Он саусағы майысқан Шебер болар ұрпақпыз. Тұла бойы толған бір Өнер болар ұрпақпыз Қайрмасы: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде Би билеймін дөңгелеп.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Балықшы мен балық
Әдебиеттік оқуСабақтың тақырыбы: Пушкин А.С. "Балықшы мен балық"(Ертегі)Сабақтың мақсаттары: Сабақтың мақсаты:1. Ертегі мазмұнын түсіну арқылы идеясын ашуға, өмірімен байланыстыра білуге дағдыла...
"Бармақтай бала" (ертегі) Ш. Перро - 2 сынып, "Нағыз адам" В. Сухомлинский - 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро – 2 «к»...
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
А.С.Пушкин "Балық пен балықшы"
А.С.Пушкин туралы түсінік бере отырып ертегіні түсіндіру....
Урок русского языка в 4 классе "Работа с текстом-описанием «Церковь Покрова на Нерли»
На уроке учащиеся анализируют и письменно излагают содержание описательной части текста -образца. На занятии закрепляется произношение звука [р], проходит работа по развитию слухового восприятия....