"Бармақтай бала" (ертегі) Ш. Перро - 2 сынып, "Нағыз адам" В. Сухомлинский - 3 сынып
план-конспект урока по чтению (2 класс) на тему

Кукеева Орынкуль Исмагуловна

Сабақтың тақырыбы: Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро – 2 «к»

                                   Нағыз адам В. Сухомлинский – 3 «к» сынып

Сабақтың мақсаты: ертегі және әңгіме авторларымен таныстыру; ертегіні , әңгімені оқып, мазмұнын түсініп, оның түрін ажырату, мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік нәтиже: мәтін мазмұнын түсінуге, талдау жұмыстары арқылы оның идеясын ашуға мүмкіндік беру;

Жүйелі іс-әрекет: оқушыларды қиялдау, армандау арқылы жақсы ойлауға жетелеу.Кейіпкерлер мен оқиғаны өмірдегі жағдайлар мен салыстыра отырып, оқыған, көргендерін еске түсіруге мүмкіндік беру.

Тұлғалық нәтиже: автордың  қызықты омірбаянынан үзінді көрсету немесе оқып беру, кітаптар көрмесі, мультфильмдерден үзінді көрсету арқылы кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру.

Сабақтың барысы:

2- сынып

3        - сынып

1.  Қызығушылықты ояту.

Кітаптар көрмесінен немесе жазушының  ертегілерінен кейіпкер суреттерін беріп, қай ертегіден екенін табу, Мысалы: «Қызыл телпекті қыз», «Күлбикеш», «Етік киген Мысық», «Ұйқыдағы ару», т.б.

-Балалар, сендердің сиқырлы заттарың болса , ол заттың көмегімен сендер не істер едіңдер? Сол заттың атын жазыңдар (плакатқа).

Оған не істеу керектігін сұраңыз.

-          Оның суретін сал. Мысалы, ол таяқша, жұлдызша, тәрелке, гүл күлтелері болуы мүмкін (тізбектей оқыту) 

-          Балалар, бұл тілектер сендердің кішкене армандарың ғой . Әрқашан оның орындалуына тілектеспін!

-          Ертеде сонау алыс бір елде Бармақтай ғана бала болыпты. Сол туралы ертегіні оқып көрелік. Ал алдымен оның авторымен танысайық.

2. Өздік жұмыс. Балалар өз бетінше Перроның өмір баянымен танысып отырады

Баяғы заманда осыдан үш жүз жыл бұрын бір елде бес ағайынды жігіт болыпты. Солардың  ең кішісі - Шарль Перро – ол 1628-1703 жылы дүниеге келген. Оның отбасы 8 жасында коллежге жіберді. Мектепте ол үздік оқушы болған.  Мемлекет ісімен айналысты. Хан сарайында генерал хатшы, Француз акдемиясының мүшесі, физик, анатом, тілдамытушы... Балаларға раналған  ең алғашқы кітапты 1696ж Шарль Перро жазған. «Ұйқыдағы ару». Бұған дейін ешкім балларға деп арнайы жазбаған екен. 1697 ж. «Сказки матушки гусыни, немесе Истории и сказки былых времен с поучениями» атты жинағы жарық көрді. Бұл жинаққа 9 ертегісі енді:

·         Етік киген мысық

·         Қызыл телпек

·         Рике-Хохолок

·         Ұйқыдағы ару

·         Күлбикеш

·         Фея сыйлықтары

·         Есек терісі

·         Бармақтай бала

·         Көк сақал Перро

2. Үй тапсырмасын тексеру

Балалар үйден жазып келген хаттарын оқиды.

 

1)      Кімге хат жаздыңдар? (ақылға)

2)      ... –әдет емес,

Жан әдет (Әдет

3)      Ақыл және (бақыт)

4)      Сақтықта қорлық жоқ бұл не? (мақал)

3.      Мұғалім басшылығымен жұмыс

-Ертегінің алғашқы екі абзацын оқып, мазмұнын түсіндіріңдер.

- Осы адамның төрт ұлы бар екен, олай болса біз де солардың атында төртке бөлініп отырайық

«1- ұл тобы»

«2-ұл тобы»

«3-ұл тобы»

«Бармақтай бала тобы»

 

3. Өздік жұмыс

Василий Александрович 1918 ж.28 қыркүйекте Васильевка селосында Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы). Осында оның балалық және жастық шағы өтті.В.А. Сухомлинский совет педагогы. СССР Педагогика ғылымының корреспондет мүшесі (1957), УССР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім, Социолистік Еңбек Ері (1947 жылдан Кировоград облысы, Павлыш орта мектебінің директоры болды.

Сухомлинский –дарынды мұғалім, талантты ғалым әрі публицист. Оның мектепке басшылық етудегі және жұмысындағы құнды тәжірибесі «Павлыш орта мектебі» (1969) атты кітабында жан-жақты баяндалды. Сухомлинскийге « Балаға жүрек жылуы» атты кітабы үшін УССР-інің мемлекеттік сыйлығы берілді (1974), қазақ тіліне аударған (1976). Сухомлинский 2 Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко медальдарымен наградталды.  1941 жылы өз еркімен майданға аттанады. 1942 жылы қаңтар айында Москва ерлікпен қорғау кезінде Сухомлинский ауыр жарақаттанады. Уралда әскери госпитальде ұзақ емделгеннен кейін, сол кезде неміс басқыншыларынан азат етілген туған жеріне қайтадан оралды.

4.      Топта жұмыс

Топтардың алдында плакаттар мен маркерлер. Олар өз жұмысын қорғауға дайындалады.

 Мына сұрақтарға жауап беріп, өздерің сол балалардың рөліне кіріп, жағдайларыңды сипаттаңдар. (Қысқаша бір сөйлеммен жауап беруге болады. )

- Сендер қандай жерді мекендейсіңдер?

- Әке-шешелерің қандай адамдар?

- сендердің тұрмыстарың қандай?

- Күнкөріністерің  қалай?

- Бармақтай Бала неліктен өспей қалған деп ойлайсыңдар?

- Сендер кімнен ақыл сұрағыларың келеді? Немесе не істеу керек?

-Сендер ертегінің «Бармақтай бала» деп қана аталуына қалай қарайсыздар? Ол әділетті сияқты ма? Ертегіні оқуға дайынбыз ба?

Ертегіні әрі қарай оқып , мазмұнын түсіну.

-                      

4        Мұғалім басшылығымен жұмыс Оқулықпен жұмыс

В. Сухомлинскийдің « Нағыз адам» атты әңгімесін оқыту.

Сөздікпен жұмыс

Қуаң дала- шөл, шөлейтті, ылғал тапшы дала.

Тапсырма:

Кейіпкерлер

Не істеді?

Сенің пікірің?

 

 

 

 

5.      Шығармашылық жұмыс

-                     Сендер шытырман оқиғаға қалай тап болдыңдар?

-                     Араларыңдағы Бармақтай Балаға не айтар едіңдер?

Хат, құттықтау, басқаша сый-сияпат жасауды таңдау. Плакатқа түсіру

5.      Шығармашылық жұмыс

Мақал- мәтелді аяқтап көшіріп жазу

1.      Адамның  күні ...

2.      Ат жақсысын мақта,

Адам жақсысын ...

3.      Атаңнын баласы болма,

....              баласы бол

4.      Адамның ұяты бетінде,

....  ниетінде.

5.      Адам қатесіз болмас,

Көл ..... болмас.

Керекті сөздер:     адамгершілігі, адаммен, бақасыз, адамның, жақта

6.      Дәптермен жұмыс

6.      Сұрақ- жауап

7.      Ойтолғау

Біздің бүгін оқыған ертегіміз де, әңгімеміз де адамның бойындағы қасиеттерге байланысты болды.

-          Сонымен, балалар, жақсы адамның бейнесін сомдап шығарайық. Оның бойынан қандай қасиеттер көргілерің келеді?

-          Мен сендердің бойларыңда осы жақсы қасиеттердің бар екеніне сенімдімін


8.      Тест тапсырмалары:

1.      Ертегінің  авторы

А) Ы. Алтынсарин

Ә) Г. Андерсен

Б) Ш. Перро

 

2.      Ертегіде орманда

А) дәу тұрды

Ә) отын кесуші әйелімен тұрды

Б) патша тұрды

 

 

3.      Қатыгез Дәуді жеңу үшін Дәу сияқты үлкен күш иесі болу міндетті ме

А) ия

Ә) жоқ

Б) екеуіде дұрыс

4.      Дәуден құтылу үшін Бармақтай бала:

А) Ерлік жасады

Ә) қулық жасады

Б) батылдық пен ақылдық жасады

5.      Ұйқыдан оянған Дәу Балаларды:

А) жібересалды

Ә) артынан қуды

Б) ештеңе істеген жоқ

8         Тест тапсырмалары:

1.      Әңгіменің авторы

А) А. Құнанбаев

Ә) В. Сухомлинский

Б) Л. Толстой

2.      Жалғыз үйдің қасында

А) Құдық бар

Ә) Бұлақ бар

Б) Өзен бар

3.      Атай су ала аламады өйткені:

А) Су әкелетін адам болмады

Ә) Шелегі құдыққа түсіп кетті

Б) Шелегін ұрлап алып кетті

4.      Атайдың үйіне арбалы шаруа... келді

А) Кешке

Ә) түсте

Б) таңертең

5.      Екінші жолаушы

А)Шелегін тастап кетті

Ә) тоқтамай өте шықты

Б) шелегін алып кетті

6.      Үшінші жолаушы

А) Келген жоқ

Ә) Шелегін тастап кетті

Б) шелегін алып кетті

7.      Үйге тапсырма: ертегіні оқу, мазмұны бойынша сурет салу (1-2)  ертегіні өзіңше аяқта (3-4)

 

8 Үйге тапсырма: 45-47 б, ОМ мақал жинау

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Office presentation icon sh_perro.ppt2.35 МБ

Предварительный просмотр:


Подписи к слайдам:

Слайд 1

Күлбикеш Етік киген мысық Қызыл телпек Ұйқыдағы қыз Бармақтай бала

Слайд 2

Шарль Перро – вельможа, жазушы, ертегі айтушы. (1628 ж. 12 қаңтар – 1703ж. 16 мамыр ) Шарль Перро

Слайд 3

Франция – Батыс Европада ғы мемлекет . Астанасы – Париж.

Слайд 4

Баяғы заманда осыдан үш жүз жыл бұрын бір елде бес ағайынды жігіт болыпты. Олар бір-біріне өте ұқсайды екен, жазулары да бірдей екен. Үлкен ағасы Жан Перро, адвокат болған. Пьер Перро салық жинаушы. Клод Перро дәрігерлік оқу бітірді, бірақ бос уақытында архитектурамен айналысатын. Никола Перро – ғалым, математик болды. Ал ең кішісі - Шарль Перро – мемлекет ісімен айналысты. Хан сарайында генерал хатшы, Француз акдемиясының мүшесі, физик, анатом, тілдамытушы... Қаншама уақыт өтті Шарль Перроның мемлекеттік істері ұмытылды, бірақ оның ертегілері ұмытылған жоқ. Кейбіреулерін сендер өз беттеріңше оқыдыңдар, мультфильмін көрдіңдер. Бүгін біз сендермен «Бармақтай бала» ертегісімен танысамыз

Слайд 5

Шарль Перро 1628 жылы д үниеге келді . Оның отбасы 8 жасында коллежге жіберді. Мектепте ол үздік оқушы болған. Коллежден соң 3 жыл оқып заңгер дипломын алады. Оның ертегілері ұлы– П.Дарманкураның атымен жарық көрді. 1697 ж. «Сказки матушки гусыни, немесе Истории и сказки былых времен с поучениями» атты жинағы жарық көрді. Бұл жинаққа 9 ертегісі енді: Етік киген мысық Қызыл телпек Рике-Хохолок Ұйқыдағы ару Күлбикеш Фея сыйлықтары Есек терісі Бармақтай бала Көк сақал Өмір баяны

Слайд 6

Балаларға арналған кітаптардың тұңғыш авторы Балаларға раналған ең алғашқы кітапты 1696ж Шарль Перро жазған. «Ұйқыдағы қыз». Бұған дейін ешкім балларға деп арнайы жазбаған екен. Оның оқырманға ұнағанын көріп келесі жылы ол тағы да бір кітабын жазады «Сказки моей матушки Гусыни, или Истории и сказки былых времен с поучениями». Перро ол кезде 68 жаста еді, атақты жазушы,академик, Француз Академиясының мүшесі. Бұл кітап ұлы Пьердің атымен шығады. Осы кітаптың аоқасында оның аты дүнижүзіне танымал болады.

Слайд 7

Кітап көрмесі

Слайд 8

Серг іту сәті

Слайд 9

Василий Александрович 1918 ж. 28 қыркүйекте Васильевка селосында Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы). Осында оның балалық және жастық шағы өтті.В.А. Сухомлинский совет педагогы.

Слайд 11

Париж. Тюильри ба ғы . Шарль Перро ескеткіші

Слайд 12

Тест жауаптары 2-сынып Б Ә Ә Б Ә 3-сынып Ә А Ә Б Б Ә

Слайд 13

. Күнде лікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқы лау

Слайд 14

. 2-сынып 118-120 б. ОМ 1,2 топ сурет салып келу 3,4 топ- ертегіні өзіңше аяқтап келу. 3-сынып 45-47 б ОМ, мақал- мәтел жинау V.Үйге тапсырма:

Слайд 15

Назарларыңызға рахмет!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Урок внеклассного чтения, посвящённого 385- летию Шарля Перро. Тема: "Сказки зарубежных писателей. Любимые сказки Ш.Перро."

В разрабортке  представлены: игра "Заморочки  из  сказочной бочки" (задания  по  сказкам зарубежных  писателей);  викторина  по  сказкам  Ш.Перро; ...

3 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспарлар-3

3 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспарлар-3...

Еңбек - бәрін жеңбек -2 сынып, Өнерлі бала сүйкімді - 3 сынып

Сабақтың тақырыбы:  2- сынып «Еңбек – бәрін жеңбек»                        ...

Бастауыш сынып оқушыларына арналған білім биржасы "Зияткерлік ойыны"

Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттырып, қызықтыру  арқылы  білімін  тереңдетіп,  зияткерлік  қабілетін  дамытады.  Оқушылардың...

Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық

Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық...

Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру

Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек,оны...

Бармаҡтарға гимнастика-пальчиковая гимнастика

Бармаҡтарға гимнастика-пальчиковая гимнастика...