Зат есім 1 сынып
план-конспект урока (1 класс) на тему
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Суретші ата Қастеев..
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
- Түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,топпен жұмыс,ой қозғау, топтастыру
Пәнаралық байланыс: ,
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық .
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды гүліміз
Қайырлы күн балалар
Қайырлы күн мұғалім
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Әр қатардан бір оқушы үй тапсырмасын оқып береді.
ІІІ. Өткенді қайталау.
-Балалар мына суретте нелер бейнеленген?
- Бұл сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
- Гүл сөзі көпше түрде қалай болады?
- Ал бұл сөздердің көпше түріне қандай сұрақ қоямыз?
- Олай болса кім?не? кімдер? Нелер? Сұрақтары қандай сөздерге қойылады?
- Зат есім дегеніміз не?- кім айтып бере алады?
- Өте жақсы жарайсыңдар балалар, зат есімді есімізге түсіріп алдық. Ал енді мен дайындап келген келесі тапсырмаларға кірісеміз.
- Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
Сөздер | Зат есімнің жекеше түрі | Зат есімнің көпше түрі |
алма | ||
барды | ||
кітаптар | ||
қызыл | ||
тарақ | ||
оқыды | ||
бүркіт | ||
оюлар |
2.Жаңа сабақ. Қызығушылығын арттыру.
- Балалар мынау не ?
- Өте жақсы әрине бұл-сурет.
- Ал біз білеміз ба суретті кім салады?
- Жарайсыңдар суретті салатын-суретші.
- Ал сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
- Балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Суретші ата Қастеев.
-Қастеевтың қандай суреттерін білесіңдер?
-Қастеев салған суретті көрдіңдер ме?
- Қастеев қазақ халқының ұлы суретшісі, оның «Мектепке», «А.Иманов», «Қапшағай», «Бүркітші» т.б көптеген өнер туындылары елге танымал.
Сонымен мен берген мәлімет бойынша кластер толтырайық.
- Қастеев туралы біз не білдік?
3.Дәптермен жұмыс. Ал енді дәптерімізді ашамыз. Бүгінгі күнді жазамыз. Көркем жазу сәті:Сс, Са са,
Суретші сурет салды.
Терме диктант, Оқушыларға берілген сөздер тізбегінің ішінен заттың атын білдіретін сөздерді бөліп алу талап етіледі.
Әдемі, жүгірді, алмұрт,күлді,үй, ертең, ағаш, жасыл, гүл.
ІV.Сергіту сәті: (слайд)
V. Қорытындылау:
Оқушылар сендер жазып алған сөздерге қандай сұрақ қойылады?
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
3.Зат есімге мысал келтіру.
VІ.Рефлексиялық-бағалау кезеңі
Балалар сендерге сабақта не ұнады?
Ұнаған кезеңді мына алдарындағы көбелекке жазып, тақтадағы ағашқа жабыстырып қоямыз.
Бұл ұшып бара жатқан көбелектер сабақтағы алған жақсы әсерімізді білдіреді.
VІІ. Үйге тапсырма:
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
3 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспарлар-3
3 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспарлар-3...
"Бармақтай бала" (ертегі) Ш. Перро - 2 сынып, "Нағыз адам" В. Сухомлинский - 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро – 2 «к»...
Еңбек - бәрін жеңбек -2 сынып, Өнерлі бала сүйкімді - 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: 2- сынып «Еңбек – бәрін жеңбек» ...
Бастауыш сынып оқушыларына арналған білім биржасы "Зияткерлік ойыны"
Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, қызықтыру арқылы білімін тереңдетіп, зияткерлік қабілетін дамытады. Оқушылардың...
Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық
Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық...
Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру
Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек,оны...
Сынып үздігі
Сыныптан тыс жұмыс 3-класс...