Қызықты математика
материал (математика) по теме
Предварительный просмотр:
Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты: математика пәнінен алған білімдерін кеңейту
Міндеттері:
- ойлау қабілеттерін, ойлау ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру.
- есте сақтауын, ой - өрісін, белсенділігін дамыту.
- ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, достық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.
Түрі: кластан тыс жұмыс
Типі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, ұпай саны жазылған қағаздар, геометриялық фигуралар.
Барысы: І.Ұйымдастыру
1.Мақсатын хабарлау
2.Оқушыларды топқа бөлу.
1-топ: «Тапқырлар»
2-топ: «Ойшылдар»
3.Әділқазылар алқасын сайлау.
4.Әр топтың топ таныстыруы.
ІІ.Кіріспе бөлім
Сайыстың жоспарымен таныстыру
1-тур. «Жүйрік болсаң,шауып көр!» (Әр топтың логикалық тапсырмаларды, математикалық жұмбақтар және әдебиеттегі сандарды ұпай саны бойынша таңдап,белгіленген уақытта жауап беруі.
2-тур. «Тапқыр болсаң,тауып көр!»
Мультфильм «Көртышқан». Мазмұны бойынша әр топқа 5 сұрақтан қою. Әр сұраққа 10 ұпай беру.
3-тур. «Кім жылдам?» Топ басшыларының сайысы. Геометриялық фигуралардан пішіндер құрастыру.
ІІІ.Негізгі бөлім
І тур Жүйрік болсаң, шауып көр!
Логикалық тапсырмалар
10 ұпай Ағаш үстінде 100 торғай отыр еді. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды? (10)
20 ұпай Айгүл мен Нұргүл апалы-сіңлілі.Айгүл менің 8 ағам бар дейді.Нұргүл де менің 2 ағам бар дейді. Олардың отбасында барлығы неше бала бар? (10
бала)
30 ұпай. Азамат,Ержан,Тоқтар үшеуі мұғалімнен бақылаудың бағасын білмек болады.Оларға мұғалім былай деп жауап береді: «Ешкім де 2 алған жоқ,бірақ үшеуіңнің бағаң үш түрлі.Тоқтар 3 алған жоқ. Ержан 3-те,5-те алған жоқ.» Әр баланың алған бағаларын тап. (Азамат-3,Ержан-4,Тоқтар-5)
Математикалық жұмбақтар
Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада.
Аяқтары он екі,
Санап көрші, кәнекей? (2қоян, 2 тауық)
Портфелімде әуелі,
Он үш жаңғақ бар еді,
Науат пен Сағатқа,
Самат пенен Маратқа,
Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы,ал,жаным? (3 жаңғақ)
Мынау да бір санамақ
Өздерің көр саралап:
Төбеден төрт бөктері
Аңдыпты қос кептерді.
Шыңқылдаса көп қарға
Секем ап,бір дауыстан
Безектеп бес сауысқан
Алты белден асыпты,
Тым-тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ,
Отырғанда қаталап.
Топ-топ тоғыз тоқылдақ
Қарғып кеткен топырлап
Бүйтіп қызық іс болды,
Бәрі қанша құс болды? (30 құс)
Әдебиеттегі сандар
Бір кісі қазған құдықтан, қанша кісі су ішеді? (1000)
Білгенің неше тоғыз,білмегенің қанша? (1, 99)
Қанша рет өлшеп, неше рет кес? (7, 1)
ІІ тур. Тапқыр болсаң,тауып көр!
Мультфильм «Көртышқан»
«Тапқырлар» тобына сұрақтар.
1.Жапырақтардың түстері қандай? (сары)
2.Жерге неше қарлығаш құлап түсті? (1)
3.Құманның түсі қандай?
4.Көртышқан үкінің үйінің есігін неше рет қақты? (3)
5.Көртышқан шамды жағу неше сіріңке жақты? (1)
6.Есіктің кілтін неше рет бұрады? (1)
«Ойшылдар» тобына сұрақтар.
1.Көртышқанның ініне неше қарлығаш келіп қонды? (4)
2.Қарлығашқа неше дәрі берді? (2)
3.Көртышқанға сыйлаған гүлдің түсі қандай? (қызыл)
4.Аспанда неше қарлығаш ұшып барады? (15)
5.Үйдің қабырғасында неше ұя тұр? (5)
6.Көртышқан қолын неше рет бұлғады? (3)
ІІІ тур. «Кім жылдам?»
Берілетін уақыт – 5 минут. Екі топ басшысы алдындағы геометриялық фигуралардан түрлі бірнеше пішін құрастыруы керек. Ұпай саны – 30.
ІV. Қорытынды бөлім.
Әділқазылар алқасына сөз беру. Екі топтың ұпай сандарын есептеу.
V.Марапаттау.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Нестандартный урок математики в 4 классе на тему "Математика в углу"
Цель: познакомить детей с понятиями «луч», закрепить знания о“сторонах угла”, “вершине угла”, понятиях “острый угол”, “тупой угол”, “прямой угол”. Учить находить прямой угол среди других углов. Зак...
Урок математики в 4 классе по учебнику Т.Е. Демидовой, С.А. Козловой, А.П.Тонких “Моя математика» Тема урока Не только математика… Решение задач.
Цель урока: мотивировать детей к работе с разными источниками информации; формирование у детей интеллектуальных общеучебных умений.Машина времени готова к новому полету. А отправляемся мы снова в Росс...
конспект урока по математике 2 класс. рабочая программа ппо математике 1 класс . презентации по математике и грамматике для будущих первоклассников
1. Конспект открытого урока математике, данного во 2 классе по программе "Школа России" на тему :"Приёмы деления, основанные на связи между компонентами и результатом умножения."2. Презентация к...
Урок математики, "Учебник математики. Роль математики в жизни людей и общества".
Цель:выявить роль математики в жизни людей; познакомить с учебником и правилами работы по нему....
Программно-методическое сопровождение по математике (УМК «Перспектива»)»: «Сборник дидактических заданий для индивидуальной работы по математике для 2-ого класса» по учебнику «Математика» Дорофеев Г. В., Миракова Т. Н., Бука Т. Б.
Данный сборник заданий можно использовать как на уроках математики, так и во внеурочной деятельности по научному направлению....
Программно-методическое сопровождение по математике (УМК «Перспектива»)»: «Сборник самостоятельных и контрольных работ по математике для 2-ого класса» по учебнику «Математика» Дорофеев Г. В., Миракова Т. Н., Бука Т. Б.
Самостоятельные и контрольные работы для 2 класса УМК "Перспектива"...
Программно-методическое сопровождение по математике (УМК «Перспектива»): «Дидактические карточки для индивидуального опроса по математике для 3-ого класса по учебнику Г.В. Дорофеева, Т.Н. Мираковой, Т.Б. Бука «Математика»»
Данное программно-методическое сопровождение по математике для 3-его класса поможет педагогам в проверке знаний учащихся. Удобство данного материала заключается в том, что весь материал разбит на инди...