Акварель бояуымен жумыс
учебно-методический материал по изобразительному искусству (изо) по теме
Акварельмен жұмыс жасау кезінде оқушылардың жұмысын қадағалап, сәтті талпыныстарын мадақтау керек. Мұнан оқушылар бояумен жұмыс істеуге ынталана түседі. Егер оқушы натурасына сай бейнелейтін заттың түсін таба білуге жаттықса,бізді қоршаған әсем де сұлу көріністерді шынайы сезініп қабылдауға, оны бейнелеуге үйренеді. Бояу сырын ұғынып, әр заттың өзіне тән түрін, түсі таңдап бояуға жаттығады. Табиғаттың көркемдігін, байлығын терең түсіне білуге үйренеді. Эстетикалық талғамдары артады.Акварельмен жұмыс жасау кезінде оқушылардың жұмысын қадағалап, сәтті талпыныстарын мадақтау керек. Мұнан оқушылар бояумен жұмыс істеуге ынталана түседі. Егер оқушы натурасына сай бейнелейтін заттың түсін таба білуге жаттықса,бізді қоршаған әсем де сұлу көріністерді шынайы сезініп қабылдауға, оны бейнелеуге үйренеді. Бояу сырын ұғынып, әр заттың өзіне тән түрін, түсі таңдап бояуға жаттығады. Табиғаттың көркемдігін, байлығын терең түсіне білуге үйренеді. Эстетикалық талғамдары артады.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
akvarel_boyauymen_zhumys.doc | 288 КБ |
Предварительный просмотр:
Акварель бояуымен жұмыс.
Акварельмен жұмыс істеуге балалар мектепке дейінгі кезеңде-ақ қызығады.. Ал, мектепте төменгі класс оқушыларының бейнелеу өнері сабағында жұмыс істейтін негізгі құралдарының бірі акварель (суға еритін) және гуашь бояулары. Сондықтан 1 кластан бастап-ақ баланы акварель бояуымен жұмыс жасау ережелерімен таныстыру керек.
Акварельмен жұмысты бастамас бұрын балалармен әңгіме жүргізу керек болады. Онда бояумен жұмыс істеу ережелері мен қажетті құралдар туралы айтылады. Яғни: бояу, су (егер класта су жүйесі болмаса, суды әкеліп қоюды ұйымдастыру керек), балаларда су құйып алу үшін шағын ыдыстары, ұшты және жұмыр басты қыл қаламы (кисточка), бояуларды араластырып түсін табуға пайдалану үшін бір парақ ақ қағазы, қыл қаламды қоятын тұғыры (подставка), арнайы сурет дәптері.
Қылқаламмен жұмыс істегенде қатты баспай, оның ұшымен ғана жұмыс істеуді үйрету керек. Егер қылқаламды оның қылы жапырылғанша бастырып бояйтын болса, бояу жан-жаққа шашырап, суреттің әдемі болмайтынын айту керек. Қыл қаламды алдымен сулап алып, оны бояу бетіне жағады.бояу езу үшін кішкене қақпашаларды пайдаланған қолайлы.
Қақпашаға езілген бояуды солдан оңға қарай қағаз бетіне жүргізеді. Осылай жағылған бояуды қыл қаламның көмегімен төмен қарай бірте-бірте жаға беру керек.сонда бояу тегіс жағылады. Бұл жұмысты орындау кезінде сурет дәптері біршама көлбеу ұсталады. Езілген бояу біткенде ғана қайта тағайындау керек. Оқушының қасында құрғақ шүберек болғаны абзал. Егер түсті қоюлату керек болса, жағылған бояукепкен соң оның үстінен екінше рет жақса, жұмыс таза, көркем болып шығады. Ал бояу бірден қою жағылса, бояу кепкен кезде,лас, әрі ала-құла болып қалады. Бұл жұмыстың сапасын төмендетеді. Акварель бояуымен жұмыс істегенде түсті таба білу – үлкен жетістік. Затқа қарап, оның түсін табу, түстердің арақатынасын (өзгеруін) келтіру – күрделі жұмыс.
Барлық түсті негізінен екіге бөлуге болады: хроматикалық (қызыл, сары,көк т.б.) және ахроматикалық (ақ, қара, сұр). Бірінші түске ашық бояулар, ал екіншісіне түстер меннегізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын қосымша түстер жатады. Бұл үш түсті өз ара араластыру арқылы қызғылт, сия және жасыл түстер шығарып алуға да болады.Осы алты түс арқылы Күн сәулесінен спектрі белгіленеді.
Жұмыс істегенде бояуды қағаз бетіне құрғақ кезінде жағудан дымқылдай бояудың тиімді екенін ескертіп үйрету керек. Яғни бояуды пайдаланбас бұрын қағазды таза сумен қыл қалам арқылы таза сумен қыл қалам арқылы түгелдей дымқылдап авлады да, бояумен жұмысты сонан соң бастаған жөн. бұл әдіспен жұмыс істеу жеңіл, себебі дымқыл қағазға акварель бояуы тез жұғады. Боямен жұмыс жүогізгенде сабақты тиімді ұйымдастыруды ойлау керек. Оқушылардың әрқайсысында бояудың, қыл қалам басқа да қажетті құралдың түгел болуын талап ету керек. Жұмыс үстінде ақшыл сұр немесе боз, көгілдір сияқты түстер қажет болады. Оны дайындау үшін мынадай жаттыға жұмысын жүргізген жөн. Бірінші шаршы анық боялған, екінші шаршы онан көмескілеу, ал үшінші шаршы өте сұйық етіп боялған. Балалар мұнан қара, көк, сұр түстерге су араластырып, олардың түсін әлсіретіп, әр түрлі бояуды жасауға болатыны ұғады.
Жұмыстың жүргізілу тәртібіне келейік.
Мысалы, емен жапырағының кескінін алдымен дәптерге қарындашпен салып аламыз. Қарындашты қатты батырып сызуға болмайды. Тапсырма орындалған соң тағы бір салыстырып қарап, кеміс жері болса, толықтырып, артық сызықтарды алып тастаймыз.
Мұнан соң жапырақты түгелдей әлсіз (сұйық) жасыл түспен бояп шығамыз. ( а-сурет). Балаларға бояуды өте сұйық жағуды ескертеміз, егер бояуды қою етіп бояса, заттың түсін тану қиынға түседі. Бояу кеппей тұрғанда оның үстінен қажет түстерді тағы бір жүргізу керек. Соңғы бояу алдыңғымен дымқыл күйінде жақсы араласып, заттың натурасына ұқсай түседі (б-сурет)
Суретті бояуы кепкенше қоя тұру керек. Онан соң бояуды қоюлатып, жіңішке ұшты қыл қаламмен негізгі сызықтарды жүргізіледі. (в-сурет).
Акварельмен жұмыс жасау кезінде оқушылардың жұмысын қадағалап, сәтті талпыныстарын мадақтау керек. Мұнан оқушылар бояумен жұмыс істеуге ынталана түседі. Егер оқушы натурасына сай бейнелейтін заттың түсін таба білуге жаттықса,бізді қоршаған әсем де сұлу көріністерді шынайы сезініп қабылдауға, оны бейнелеуге үйренеді. Бояу сырын ұғынып, әр заттың өзіне тән түрін, түсі таңдап бояуға жаттығады. Табиғаттың көркемдігін, байлығын терең түсіне білуге үйренеді. Эстетикалық талғамдары артады.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Рабочая программа школьной изостудии "Акварель"
Программа кружка «Акварель» разработана на основе авторской программы «АдекАРТ» (школа акварели) М.С. Митрохиной и типовых программ по изобразительному искусству. Являет...
Программа внеурочной деятельности (кружок "Акварель" ФГОС)
Внеурочная деятельность по художественному направлению в рамках ФГОС. Рабочая программа включает: пояснительную записку, цели и задачи, тематическое планирование, результаты, диагностики....
Урок по ИЗО.Тема: Дождь (акварель).1 кл.
Обучение навыкам в работе с акварелью, преодоление страха перед чистым листом бумаги; понятие о живописности в акварели: красота подтеков, случайных разводов и пятен....
Добро пожаловать в мир волшебной акварели.
Материал может быть использован на уроках ИЗО....
студия акварель 1-4 класс
студия акварель 1-4 класс...
студия "Акварель" 1-4 класс
студия "Акварель" 1-4 класс...
Технологическая карта урока. Изобразительное искусство. "Пробуем акварель. Техника акварели. Цветовые растяжки"
Изучение техники акварели и раскрытие её живописных возможностей на практическом занятии....