Урок казахского языка во 2 классе «Ас атасы – нан»
план-конспект урока по иностранному языку (2 класс) на тему

Сабақтың тақырыбы: «Ас атасы – нан»

Сабақтың мақсаты:

  • Ардақты, асыл дән – нанды қадірлей білуге,  ұқыптылықпен қарауға, сонымен қатар қазақ  тілінің  беделін  арттыруға, тәуелдік және  көптік   жалғауларын меңгертуді жалғастыруға бағыт беру.

 

  • Оқушылардың тереңнен ойлау ой - өрісін, ауызекі сөйлеу  тілін дамыту.

 

  • Оқушыларды еңбекті бағалауға, сүюге, табиғатты  қорғай білуге  шақыру.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon urok_kazahskogo_yazyka_vo_2_klasse.doc46 КБ

Предварительный просмотр:

Мулдагалиева  Акжаркын Амангельдиевна

Ақтөбе қаласы № 17 мектеп-гимназиясы

2 класс

Сабақтың тақырыбы: «Ас атасы – нан»

Сабақтың мақсаты:

  1. Ардақты, асыл дән – нанды қадірлей білуге,  ұқыптылықпен қарауға, сонымен қатар қазақ  тілінің  беделін  арттыруға, тәуелдік және  көптік   жалғауларын меңгертуді жалғастыруға бағыт беру.

  1. Оқушылардың тереңнен ойлау ой - өрісін, ауызекі сөйлеу  тілін дамыту.

  1. Оқушыларды еңбекті бағалауға, сүюге, табиғатты  қорғай білуге  шақыру.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс шара. 

Әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, ой шақыру, саралау.

Құрал – жабдық: Оқу құралдары, тақта  жабдығы.

Көрнекілік: Сурет,плакат,қолдан жасалған  нан түрлері.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану,орыс тілі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

                                     А) амандасу, әнұран.

                                     Ә) қатысымды түгендеу.

                                     Б) балаларды сабаққа дайындау.

                                    II. Жаңа сабақ.

  1. М: Біздің мемлекетіміз, қазақ халқы діні мен тілі дамып, бейбіт  жатқан ел. Мемлекеттік тілімізді дамытуға арналған  сабағымыздың тақырыбын байтақ еліміздің алтын дәні, қадірлі асы нан туралы болмақ. Дән дегеніміз – нан, нан – береке,мереке, нан – сән – салтанаттың алтын діңгегі.

Ал,енді ортамызға қастерлі нанымызды қадірлейтін, сүйсіне жеп жүретін, нанға деген махаббаттарын өлеңмен өретін өреңдерімізді  ортаға шақырамыз.

Оқушылар ортаға үйден алып келген ұн  өнімдерінен жасалған өнімдерін  алып шығып, өлеңдерін оқиды.  

   

Ардақты нан! Ана мiнез асыл нан,

Жеп үйренген жаным сүйiп жасымнан

Бiр күлшеңдi мың есе артық дер едiм,

Бар дүниенiң iнжу, гауһар тасынан.

Дастарқан басынан

Үзiлмес асыл дәм

Ақ тоқаш, ақ қалаш

Адамның асы - нан!

 Кешiре көр, бiр үзiм нан асылым,

Кешiре көр, көрсең бiзден асылық

Кешiре көр, мынау тоқ ұрпақ, тоқ буынды.

Аяқ астынан жатсаң кейде басылып

О, адамдар, айтарым бар, нанды баспаңдар!

Онда қол жетпейтiн аспан бар!

Әлi ешкiм жазбаған дастан бар

     Өтiнiп сұраймын ана бол, дана бол, бала бол

Нанды баспаңдар!

Нан – ардақты адал ас,

Кәрi, жас одан аттамас

Ақ дастарқан үстiнде

Қол жумай оны ұстамас!

 

Нандай жоқ асыл дәм

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарқаннан нан кетсе

Береке кетер асыңнан

Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар, сiрә нанға тар!  

        Оқушылыр, біз  бағанадан бері нан туралы айтып  жатырмыз. Енді, осы  нан дастарханға қалай келеді? Ол  үшін мына суреттерді рет -  ретімен қәне, кім қойып береді? (бір оқушы шығып қойып шығады.)

        Ал, осындай құнарлы, дәмді астардың атасы нанды жеп  жүрген оқушыларымыздың білімдерін тексеріп көрейік. Мына сандарды тандау  арқылы тапсырмаларды орындайды.


 

  1. Ұннан жасалатын өнімдер? (бауырсақ,бәліш,тоқаш,торт,жайма,тандыр.)
  2. Бәліш сөзін тәуелдеңіз?

 Менің бәлішім.

 Сенің бәлішің.

 Сіздің бәлішіңіз.

 Оның бәліші.

3.Мына  сөздерге көптік жалғауын жалғандар?адам, құс, мектеп, трактор, көбелек,диқан,наубайшы.(-лар, -лер, -дар,-дер, -тар,-тер.)

4. Нан туралы мақал айт. (Жалқаудың жаны, еңбектің наны тәтті.)

5. Мына сөйлемді дұрыс  оқып шық?

 Бауырсақ пісірді менің әжем.                ( Менің әжем бауырсақ пісірді.)

6. Бауырсақ  қандай болады? (сары, домалақ, жұмсақ, дәмді.)

        Біздің сыныпта әжелерінің дәмді бауырсағын жеп, ән салып, би билеп жүрген өнерлі жас өреңдеріміз бар. Өз өнерін көрсетуге бір оқушы шығады.

Қорытынды:  Осымен бүгінгі «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» - атты фистевалі аясына арнап өткізілген 2 «б» – сынып оқушыларымен   өткізілген «Ас атасы – нан» сыныптан тыс шарамызды аяқтаймыз. Бай, қуатты болайық!

                         

 4

  1

 2

  3

5

  6


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Урок казахского языка «Кел, ойнайық!»

Сабақтың мақсаты:а) Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін ойын сабағы арқылы      тексеру, қорытындылау, сөздік қорын байыту.ә) Тәрбиелік: Оқушыларды өткен...

Урок казахского языка «Қазақ тілін құрметтейік»

Сабақтың мақсаты:а) Білімділік: Оқушыларға өткен сабақта алған білімдерін қорытындылау, тексеру.ә) Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға қадірлеуге тәрбиелеу.б) Дамытуш...

Урок казахского языка «Жануарлар»

I-Ұйымдастыру кезеңі.а) оқушылармен амандасуә) гимнді шырқауб) назарын сабаққа аудару II. Модульдің құрылымын түсіндіру. Білімділік: Модульдің бойынша жаңа ережені меңгеру, мәтінді әңгімелеу...

Урок казахского языка 3 класс "Мой дом"

Открытый урок по казахскому языку для третьего класса по теме "Менің үйім"...

Результативность дидактических игр на уроке казахского языка в начальной школе.

Обобщение опыта по использованию дидактических игр на уроках казахского языка в начальной школе....

рабочая программа по казахскому языку 3 класс

Рабочая программа предмета " Казахский язык" для 3 класса адресовно обучающимися 3 классов.В соответствий с требованиями Федерального компонента государственного стандарта начального образования по ка...

Конспект открытого урока русского языка. 4 класс. Конспект открытого урока русского языка. 3 класс.

Тема «Правописание окончаний имён существительных в дательном падеже». Тема «Упражнения в правописании слов с проверяемыми безударными гласными в корне»...