Результативность дидактических игр на уроке казахского языка в начальной школе.
статья по иностранному языку (2 класс) по теме
Обобщение опыта по использованию дидактических игр на уроках казахского языка в начальной школе.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
oyyn_tekhn.docx | 30.76 КБ |
Предварительный просмотр:
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Смаилова Үміт Қалибекқызы
№2 бастауыш мектебінің қазақ тілі мұғалімі,
Шығыс Қазақстан облысы,
Зырян қаласы
Балалар әлемі - ерекше әлем. Оның өзіндік лексикасы, фольклоры, мөлшері, ар-намыс кодексі, өздік қызықтары бар. Бұлтаңғажайып әлемнің құралы – ойын. Балалық шақта ойын қызықтырады және қуантады, барлық бос уақытты толтырады, балалар үшін өте маңызды жұмыс болып табылады.
Ойын – барлық балаларды педагогикалық ұйымдарға қосылуға, өзіндік шығармашылық әрекетпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Ойын балаларды коммуникативті дамуын және жеке өзіндік бекінуін, өзін-өзі тануын қадағалайды. Ғалымдардың, ағартушылардың мәдениет тарихшыларының, мектеп психологтарының ойын ойын жөніндегі түсінікті ашуларына сәйкес бірқатар ойын феноменасын көруге болады:
- тәртіпті өзіндік басқаруға қолданатын қоғамдық тәжірибені игеруге және құруға арналған қызмет түрі;
- тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеуде белсенді құрал (сабақ, сайыс, жарыс, жаттығу, тренинг);
- олардың еркін және табиғи әрекетін танытатын жағдай;
- баланың биологиялық қорындағы интеллект, мінез-құлық қажеттігі;
- баланың ұжымда, қоғамда, және бүкіл әлемде өзін іздеу жолы;
- өзін-өзі тануды дамыту еркіндігі, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру үшін соңғы нәтижеге шығатын тіреніш;
- балалар қарым- қатынасының басты өзегі, онда өзара қарым-қатынастық, жолдастық, достық мәселелері шешіледі.
Ойын құрылысына жоспарлау, мақсатын анықтау, мақсатты жүзеге асыру, сонымен қатар жеке тұлғаның субъект болып толық жүзеге асу нәтижесін сараптау әрекеттері жатады. Ойын технологиясының мотивациясы – оның еркіндігін, жарыс элементтерімен қатартаңдау мүмкіншілігін, өзін-өзі бекітуі мен өзін-өзі жүзеге асыруында қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Ойынды оқу үрдісін белсендіруші оқу және тәрбие әдістемесі ретінде, келесі жағдайларда қолданамыз:
- өздік технология ретінде түсініктерді, тақырыпты меңгеру үшін және оқу пәнінің бөлімдерінде де;
- кең дамыған технология элементі ретінде;
- сабақ және оның үзіндісінің технологиясы сапасында (кіріспе, түсіндіру, бекіту, жаттығу, бақылау);
- сыныптан тыс жұмыстар технологиясы ретінде (ұлттық мейрамдарда, жарыстарда, көңілділер мен тапқыштар клубында, т.б. іс-шараларда);
- Ойынды сабақта оқушыларды оқуға ынталандыру мақсатында ойын кездері мен кезеңдерін туғызу арқылы пайдаланамыз.
Ойын тәсілдері мен жағдайларының нәтижелі сабақтары төмендегідей бағытта өткізіледі:
- дидактикалық мақсат оқушылардың алдында ойын түрінде қойылады;
- оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады;
- оқу материалы оның негізі ретінде қолданылады;
- оқу әрекетіне дидактикалық тапсырманы ойынға ауыстыратын жарыс элементі енгізіледі;
- тапсырманы сәтті орындау ойын нәтижесімен байланысады.
Дидактикалық ойынның нәтижесіне жету және оны өткізу үшін келесі жағдайлар жасалуы керек:
педагогтің өзінде дидактикалық ойындарға қатысты білімі мен біліктілігі болуы қажет;
- ойынның өту мәнері;
- ойынға педагогтің қатысуы;
- ойнату мен оқытудың үйлесімді болуы;
- ойынға балалардың көңіл күймен қатысуларын көтеру тәсілдері мен жолдары, өздік мақсат қана болып емес, дидактикалық тапсырманы орындауға апаратын жол болуы;
- дидактикалық ойында қолданатын көріністер, суреттер қарапайым болуы қажет.
Ойын біліктілік белсенділігі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
Заттық ойындар – мектепке дейінгі балаларды ойыншықтар мен ойнату, қызықтыру. Балалар ойыншық арқылы заттың қалыбын, түрін, көлемін, материал, жануарлар әлемін, адамдар әлемін, т.б . таниды.
Интеллектуалдық ойындар – шығармашылық, көріністі-рольдік болып келеді. Сюжет бұл жерде қызмет қалыбында қолданылады. «Экспедициялар», «сапарлар», «саяхаттар» кезінде іс-әрекеттерді елестету арқылы, олардың барлықкүйзелістері мен қуаныштары оқушылардың ойындық рольдерімен өткізіледі. «Ғажайып алаң», «Ақылды қыздар мен ақылды ұлдар», «ХХІ ғасыр саңлақтары», «Алтын қақпа», «Көңілділер мен тапқыштар клубы» парасаттылық ойындары танушылыққа, білімділікке әр түрлі материалдар жинауға мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындар – бұл ойындардың оқушылардың белсенділіктерінің дамыуына арналған дайын ережелері бар.
Дидактикалық ойындар 3 негізгі топқа бөлінеді:
- заттармен ойын ( ойыншықтар, табиғат материалдары);
үстел ойындары ( лото, домино, т.б.);
- ауызша сөйлесу ойындары – алған білімдерін жаңа жағдайда қолдануды талап етеді. Бұл ойындарға «Асханада», «Дүкенде», «Кітапханада», т.б. рольдік ойындары жатады.
- Спорттық ойындар. Күш, айла, төзімділік, мергендік сапаларын спорт ойындары «Бәйге», «Итеріспек», «Көкпар» т.б. ойындары көмекке келеді.
Интеллектуалдық ойын технологиясы. Интеллектуалдық (іскерлік) ойындар технологиясы үш кезеңнен тұрады:
Дайындық кезеңі. Интеллектуалдық ойын дайындығы сценарий жасаудан, көрініс жағдайын елестетуден басталады. Сценарий мазмұнына енетіндер: сабақтың оқу мақсаты, оқыған мәселені сипаттау, тапсырмалар, ойын жоспары, кейіпкерлердің (топтың) мінездемелері және оқиға мазмұны. Ойынға кіру, ойыншылардың және сарапшылардың бағдары, жұмыс уақыты анықталады, істің басты мақсаты белгіленеді, ойын мәселесін қоюмен жағдайды таңдау негізделеді. Материалдар пакеттері, нұсқаулықтар, ережелер беріледі. Қосымша ақпарат жиналады. Ойынға қатысушылар алдын ала өзара сөйлесулеріне, кеңесулеріне болады. Рольден бас тартуға,ойыннан шығуға, ойынға құлықсыз қатынасуға, тәртіп этикасымен уақытты өзгертуге тыйым салынады.
Жүргізу кезеңі – ойын үрдісі. Ойынның өткізілуін ешкім өзгертпеуі тиіс. Ойынның басты мақсатынан шығып бара жатқан жағдайда ойын бастаушы ғана ойыншықтардың іс-әрекетін түзетіп
отыра алады. Іскерлік ойын ерекшелігіне байланысты қатысушылардың әр түрлі топтық, рөлдік орындары енгізілуі мүмкін. Ойын мазмұны бойынша топқа - ой генераторы, жұмысты жасаушы, имитатор, эрудит, диагност, сараптаушы қатысады; уйымдастыру орындарына байланысты: үйымдастырушы, үйлестіруші, бақылаушы, интегратор, бақылаушы, жаттықтырушы, манипуятор; жаңартушылыққа байланысты: бастамашы, сыншы, консерватор болады; әдістемелік орындарына байланысты: әдіскер, мәселеші, бағдарламашы; әлеуметтік-психологиялық орындарына
байланысты: саңлақ, тәуелсіз, ұнамды, ұнамсыз адамдар болып ерекшеленеді.
Сараптау және жалпылау кезеңі: талқылау және ойын нәтижесінің бағалары. Сарапшылардың сөз сөйлеуі, пікірмен айырбас, оқушылардың ездерінің шешімдері мен қорытындыларын қорғауы. Қорытындысында мұғалім нәтиже жетістіктеріне қарайды, қателерді белгілейді, жұмыс қорытындысын қалыптастырады.
Ойын технологиясының нәтижесін көтеру үшін ойынды сабақтың бірінші және үшінші бөлігінде қолданған жөн. Ойынды дұрыс бағаламау оқу-тәрбие үрдісінде нәтижелікті жоққа шығаруы да мүмкін. Ойынды жеткіліксіз қолдану сабақта оқушылардың белсенді жұмыс істеуін, оқуға қызығушылықты төмендетеді; ал ойынды тіпті жоғары бағалау сабақтың ойын емес жағдайға ауысуына кедергі жасайды. Ойындарды таңдау барысында бастауыш сынып оқушыларының көре - ойлау қасиеттерін есепке алған жөн. Сонымен қатар балалардың мінез-құлықтарының жан-жақты толық дамуына, тану қасиеттерінің дамуына, сөйлеу мәнеріне, үлкендер мен өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, оқуға қызығушылықты қалыптастыруда, балаға сараптай білуге, салыстыра білуге көмектесу, елестету мен жалпылауға ойынның үлкен әсері бар екенін ұмытпаған жөн.
Барлық ойындар оқушылардың санына байланысты ұжымдық, топтық, жұптық, жекеше болып бөлінеді.
Мысалы:
¥жымдық: «Жаңғырық», «Ойлан тап!», «Кім жылдам?», ұлттық ойын «Орамал тастау» және т.б,
Топтық: «Құрақ» («Мозайка»), «Ақылдылар», «Алтын қақпа», «Көңілділер мен тапқыштар клубы», «Ғажайып алаң».
Жұптық: барлық рольдік ойындар, ұлттық ойындар: «Бәйге», «Тартыс», «Қыз қуу».
Жекеше: «XXI ғасыр саңлақтары», «Лото», «Домино», «Қуыршақты киіндір», заттармен ойнау,...
Мемлекеттік тілді оқыту кезінде ойын технологиясы жазу, оқу, ауызша сейлеу бөлімдерінде қолданылады:
Жазу бөлімде: «Фотосурет» ойынын үлгерімдері нашар балалармен жұмыс кезінде қолдануға болады. Сөзді, сөйлемді немесе мәтінді фотосуретке арнайы дайындалған парақтарға түсір деп жеке тапсырмалар беріледі.
«Домино» ойыны. Буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрау. Мысалы:
қан-ша; ша-на; наубай-шы; шы-рын, ...
не-ше; ше-ше; ше-бер; бер-ме; ме-ре-ке; ке-рек;...
«Тоқта!» ойыны.
Әрбір ойыншыға қағаз бен қалам таратылады.
Кесте сызылады
Мысалы:
1-кесте «Тоқта» ойынының үлгі кестесі
Қазақстан | Өсімдіктер | Хайуанаттар | Жазушылар | Құстар | Аңдар | Сөздер |
қалалары | Саны | |||||
Астана, Алматы, | Ат | Абай, Ахмөт, | Арыстан, аю | 8 | ||
Атырау, Ақтөбе, Б... | бәйшешек | Бауыржан | 2 |
Қандай да бір әріп таңдалып алынады. Осы әріптен басталатын сөз тауып кестеге тез жаза қою қажет. Кім тезірек жазып бітсе сол «Тоқта» деп айтуы тиіс. Барлығы жазуды тоқтатады. Содан соң сөздер саны саналады. Кім көп сөз жазатын болса, сол жеңіп шығады. Ойыншылардың талабы бойынша кестедегі сөз тобының атауларын езгертуге болады.
«Бірінші және соңы» ойыны. Ойынға қатысушылар келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталатындай (мысалы: зат есімдер) етіп сөздерді қатарға жазады. Көп сөз жазған ойыншы жеңіске жетеді. Мысалы: Қарбыз-зіл-лақ-қар-раушан-нан...
Оқу бөлімінде:
«Жинақтаушы» ойыны. Ойынды ұйымдастырушы 6-8 әртүрлі дыбыс және әртүрлі 2 дауысты дыбыстан кем емес дыбыстары бар сөздерді атайды. Осы әріптерді қолдана отырып бекітілген уақыт ішінде (3-5 мин.) көп жаңа сөз құрау қажет. Мысалы: Қалампыр - қала, қар, лақ, ара, пырақ, ақ, ал, алма, апар, қыр, мал, ар, қалма, қал, ары,... (15 сөз).
«Аудармашы» ойыны. Мұғалім немесе оқушы мәтіннен орыс тілінде сөйлем тандап оқиды, ал аудармашылар мәтіннен қазақшасын тауып оқуы қажет.
Викторина - ойыны. «Көңілді хайуанаттар бағы», «Бұл қызық», «Ойлан тап!», «Сұрақтар аукционы», «Сөзжұмбақты шеш». Әрбір тақырыпта сұрақтар құрылады. Ойынға белсенді қатысушылар марапатталады.
Ауызша сөйлеу бөлімінде:
«Қатты жаңғақ» ойыны. Ойынға қатысушылардың немесе топтың алдына «грек жаңғақтары» (киндер-сюрприз) бар тор қойылады. Әрбір жаңғақ - бұл сөздер жинағы немесе орыс тіліндегі сөйлем. Ойыншылар сөзді немесе сөйлемді аудара отырып әрбір мықты жаңғақты шағуға тырысады.
«Аукцион» ойыны. Аукцион ойынын жүргізуші қолына балға алып тақырыпты жариялайды, мысалы: «Еңбек сабағы», «Құстар», «Менің Отаным», т.б. Осы тақырыпта ақырғы сөз айтқан адам жеңіп шығады және сыйлық алады.
«Лото» ойыны. Ойынға арнайы рәсімделіп немірленген 6 конверт; 1-6 дейін сандар жазылған кубиктер; жеңімпаздарға сыйлықтар қажет. Ойыншылар кезекпен шығып үстелге кубик тастайды. Жүргізуші кубиктің санына сәйкес конверттегі сұрақты оқиды. Аударуға немесе ойлануға уақыт беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген бала тағы бір рет шығуға жетон алады. Жауап бере алмаған бала орнына отырып көрермендер арасында ғана ойынға қатысады. Көрермендер арасында бірінші қол кетеріп жауап берген бала да жетон алады. Кімде жетон болса, сол ғана үстелге кубик лақтыруды жалғастырады. Егерде ол дұрыс жауап бере алмаса, дұрыс жауап бергенге жетонын береді. Кім бірінші 6 жетон жинаса, сол жеңеді. Жеңімпаздар марапатталады.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға ашық сеніммен қабылдап, образға жеңілдікпен кіреді. Балалар кез келген әрекетте, әсіресе ойынға еркін бейімделеді, ойынды заттармен, ойыншықтармен жалғастырады, өз беттерімен топтық ойындар ұйымдастырады, жоспарламаған ойындар пайда бола бастайды. Оқу үрдісінің ойын моделінде мәселелі жағдай тудыру ойын мәселесін кіргізу арқылы өтеді: мәселелі жағдай қатысушылардың ойынды іске асыруларымен бірге болады, оның негізі ойындық модель құру, оқушылардың жұмыстарының бөлшегі ойындық-елестету жоспарында етеді. Дидактикалық ойындардың нәтижесі біріншіден, жүйелі түрде қолдануға, екіншіден, ойын бағдарламасын кәдімгі дидактикалық жаттығумен сәйкес мақсатты бағдарлауға байланысты. Сабақта бастауыш мектеп оқушылары әртүрлі дидактикалық ойындарды және ойын тапсырмаларын қолдана отырып мектепке дейінгі дайындық тобы бағдарлама материалын 89% меңгерді.
сыныптарда бірталай оқушыларға бейімделу кезеңі сәтті өтіп, оқу жылының басына қарағанда бір топтағы 15 адамның (11-12-сі балабақшаға бармағанын есепке ала отырып), 1 «Б» сыныбынан оқушы; 1 «А» сыныбынан 3 оқушы жалпы оқу үрдісіне өз қалауларымен қосылды, барлық оқушылардың оқу дағдылары қалыптасып сабақта белсенділіктері жоғарылады.
Ойын технологиясының нәтижелік механизмі келесідей негізгі кезеңдерден тұрады: дәл жоспарлау; бағдарламалық материалды меңгеру; оқушылардың білімдерін, біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру; ойынды тиімді, мақсатты бағдармен ұйымдастыру; күткен нәтиженің нақтылығы; сапа және тиімділік.
Қолданылған әдебиеттер:
«Сценарии школьных викторин, конкурсов, познавательных игр». - Ростов-на-Дону изд. «Феникс», 2004
«С игрой круглый год» /Автор: М.С. Коган/. - Сибирское университетское издательство Новосибирск, 2006
«Начальная школа Казахстана» журналдары, №4-2003; №4-2008; №4-2006; N96-2007; №7- 2007; №11;4-2008.
«Педагогические технологии на основе активизации, интенсификации и эффективного управления УВП» /Автор: Г.К. Селевко/. - Москва, 2005г.
«Казахские детские игры» /Авторы: А. Молдагаринов/. - Апматы. «Жалын» баспасы. 1987ж.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Дидактический материал к урокам русского языка в начальной школе
Дидактический матерал к урокам русского языка....
Систематизация дидактических игр на уроках английского языка в начальной школе.
Младший школьный возраст несет в себе большие возможности в познании окружающего мира, в том числе и средствами английского языка. Плодотворной почвой для этого является познавательная деятельно...
Дидактические игры для уроков русского языка в начальной школе
Дидактические игры помогают формированию орфографической зоркости, расширению словарного запаса....
Курсовая работа по теме: «Применение дидактической игры на уроках русского языка в начальной школе»
Курсовая работа по теме: «Применение дидактической игры на уроках русского языка в начальной школе» .Цель работы: дать характеристику дидактической игре как средству повышения интереса к русскому язык...
Развитие познавательного интереса учащихся через использование дидактической игры на уроках русского языка в начальной школе
Данная работа посвящена исследованию влияния дидактической игры на повышение интереса к такому учебному предмету как русский язык....
Дидактический материал к урокам русского языка в начальной школе. ФГОС 1 класс
Карточки с заданиями по русскому языку составлены в дополнении к учебнику Русский язык 1 класс. Данные карточки хорошо использовать в послебукварный период....
Дидактические игры на уроках русского языка в начальной школе.
Дидактические игры на уроках русского языка в начальной школе....