Ашық сабақ
план-конспект урока ( класс) на тему
Предварительный просмотр:
Даярлық тобына арналған ашық сабақ жоспары:
Білім салалары: Қатынас, таным, әлеуметтік, шығармашылық
Бөлімдері: Тіл дамыту, математика, қоршаған ортамен танысу, құрастыру.
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу.
Дамытушылық: Бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Отбасы туралы суреттер,қима қағаздар,мақал-мәтелдер, ойындар, слайд.
Билингвальдық құрауыш: отбасы – семья,ата-дедушка, әже-бабушка,әке- папа, ана- мама, ұл-сын, қыз – дочь.
Қызметтің кезеңдері: мұғалімнің әрекеті, балалардың әрекеті,Дымбілместің әрекеті.
Уәждемелік ынталандыру:
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін
Қасымда болсын анам
Болайын мен де аман
Мұғалім:
-Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Қанеки, барлығымыз келген қонақтарға сәлем берейік.
( жаймен орнымызға отырамыз)
-Балалар, қазір бізде қай сабақ болады ?
Балалар:
-Қазақ тілі сабағы.
Мұғалім:
-Жарайсыңдар. Ендеше бір шумақ өлең оқып жіберейікші.
Балалар хормен:
Кел, бала, сабақ баста,
Жаз, оқы, сөйле, тыңда.
Қазақ тілін үйренсең,
Көп ұтасың сен ертең.
Мұғалім: - Жарайсыңдар балалар. Жақсы оқып бердіңдер.Енді біраз өткен сабақтарға шолу жасап қайталап есімізге түсірейікші. «Аудармашы» дидактикалық ойынын пайдалана отырып ойыншықтар, балабақша, түстер, мамандық атаулары тақырыбтарын естеріне түсіру.
(Балалардың жауаптары тыңдалады)
Қонақтармен бірге отбасы жайлы слайдты тамашалау.
Мұғалім: - Балалар, слайд не жайында деп ойлайсыңдар ? Естеріңде болса біз өткен жылы осы тақырыпқа тоқталғанбыз, отбасы мүшелерінің атауларымен танысқанбыз.
-Иә, дұрыс айтасыңдар балалар. Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің отбасым». «Санамақ» естеріңде ме ? Қане санамақты айтайықшы.
Бас бармағым – атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкентай бөбек – мен,
Біз үйде нешеуміз ?
Біз үйде бесеуміз.
-Жақсы, жарайсыңдар балалар.
Сергіту сәті:
Екі қол белде, екі аяқ бірге,
Оң қол оңға, сол қол солға,
Оң аяқ оңға, сол аяқ солға,
Екі қол белде, екі аяқ бірге.
Суретпен жұмыс: -Бұл кім ? сұрағына жауап береді.
Мұғалім: -Балалар сендер бүгін сабақта өз отбасыларың туралы айтуды үйренесіңдер.
Мұқият тыңдаңдар: мой дом, моя семья, мой папа, моя бабушка, моя мама.
Енді осы сөз тіркестерін қазақша айтып үйренейік.
( Балалардың жауаптары тыңдалады )
Мұғалім: - Кім ата – ана туралы өлең оқып бергісі келеді ?
Карина: Әжең асыл, ардағың,
Атаң дана қорғаның,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Тимур: Анаң күнің жүрегің,
Әкең өмір тірегің
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Вика: Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
Саша : Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Милана: Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріңе
Кирилл: Әке туралы
Мұғалім: - Рахмет, жарайсыңдар балалар. Ой, бұл кім болды екен ? Көрейік.
Балалар бұл кім танисыңдар ма ?
Балалар: - Жоқ .
Мұғалім: - Ендеше танысайық. Сенің атың кім ?
Дымбілмес: Менің атым – Дымбілмес. Мен қайда тап болдым ?
Мұғалім: - Қазақ тілі сабағына
Дымбілмес: - Жақсы болды ғой. Мен қазақша білмеймін.Балалар маған мына қималарды құрастырып беріңдерші. Бұлар кімдер мен білмеймін.
(Балаларға қалташалар таратып береді. Көңілді музыка ойнап тұрады) Болған соң балалардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім: - Дымбілмес сен енді білдің бе бұлар кімдер екенін ?
Дымбілмес: - Иә. Көп рахмет сендерге балалар.
Мұғалім: - Балалар ендеше Дымбілмеспен бірге «Үйде кім жоқ ?» ойынын
ойнайықшы.
Рефлексиялық түзету: «Аудармашы» дидактикалық ойыны арқылы жаңа сөздерді бекіту.
Балалардан бүгінгі сабақтан алған әсерлері жайлы пікір алмасу.
Балаларды мақтау, мадақтау. Шағын сыйлық тарату.
Тапсырма: Әр бала өз отбасылық ағашын жасап әкеледі.
Қонақтарға алғыс айту. Дымбілмеске рахмет айту.
Балалар осы сабақтан естелік тапсырады.
Сабағымызды бүлдіршіндердің орындауындағы «Ана» туралы әнмен аяқтаймыз.
Сабақ аяқталды. Назарларыңызға рахмет !
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Ашық сабақ
Зат есім туралы білімдерін толықтыру...
Әліппе сабағы
Ү дыбысы мен әрпін таныстырып, Ү дыбысы бар сөздерді ойлап табуға үйретеді. Дыбыстық талдау жасауға машықтандырып, сөздік қорын жаңа сөздермен молайтып, шығармашылық қабілеттерін ар...
Абылайхан ашық сабағы
Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландырады. Оқушыларды батырлар өлеңімен таныстыра отырып,олардан үлгі алуды дәріптеп, ...
әліппе сабағы
Ү дыбысы мен әрпін таныстырып, Ү дыбысы бар сөздерді ойлап табуға үйретеді. Дыбыстық талдау жасауға машықтандырып, сөздік қорын жаңа сөздермен молайтады, шығармашылық қабілеттерін а...
Ана тілі "Шегіртке мен құмырсқа" мысалы сабағы
Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа білімді меңгертіп, ойын жүйелеп айтуға үйретеді....
Ана тілі ашық сабақ
Өлең жолдарын мәнерлеп оқу арқылы жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың ұғымдарын кеңейтіп, қыс сәнін, қыс белгілерін, ерекшеліктерін анықтап, түсіндіреді...
Қазақ тілі "Бастауыш" ашық сабақ
Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтап, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік береді.Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамытады....