Ана тілі "Шегіртке мен құмырсқа" мысалы сабағы
план-конспект урока по чтению (4 класс) по теме

       Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа       білімді  меңгертіп, ойын жүйелеп айтуға үйретеді.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл shegirtke_men_kumyrska.docx44.35 КБ

Предварительный просмотр:

                       

Сабақтың тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа»

Сабақтың мақсаты: І.Білімділік:

                                          Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа  

                                          білімді  меңгерту, ойын жүйелі айтуға үйрету.

                            ІІ.Дамытушылық:

Оқушылардың ойлау қабілетін, тілдік, сөздік қорын дамытып, өздігінен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.

                           ІІІ. Тәрбиелілік:

Оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, Венн диаграмма, ассоциация, бес жолды өлең,рөлге бөліп оқу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, автор суреті, өмірбаяны.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту

1.Жұмбақ суретті табу.

     1. Қылдай белі бүгілген,

        Өзінен де жүгі үлкен. (Құмырсқа)

    2. Бірі құяды, бірі жұтады. (Жаңбыр мен жер)

    3. Өзі қара шелкілдеп, секіреді селкілдеп. (Шегіртке)

  • Ал, енді, балалар, ненің суреті шықты? (балалардың жауабы)
  • Ендеше, біз бүгін,  И.Крыловтан Абайдың аудармасы  «шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқимыз. Алдымен ассоциация әдісін құру арқылы автормен танысып алайық:

Крылов Иван Андрейвич

                                                           

                                                                                                   

                                 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6c/Ivan_Krylov.jpg/180px-Ivan_Krylov.jpg

1.Аудармашы, ақын А.Құнанбаев  туралы .

Хронологиялық кестемен жұмыс.

http://imena.pushkinlibrary.kz/images/abai.jpg

ІІ.Мағынаны тану.

  1. «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын мәнерлеп оқу.
  2. Сұрақтармен жұмыс.
  • Мысал не туралы айтылған?
  • Жаздыгүні шегірткенің жағдайы қандай болды, жаз мезгілін қалай өткізді?
  • Ол құмырсқаға неге келді?
  • Құмырсқа шегірткеге не деді?
  • Шегіртке қандай сылтау айтты?

  3.Өлеңді оқушыға оқыту.

  4.Рөльге бөліп оқыту.(Шегіртке, құмырсқа, автор)

 5.Мазмұнын толық бір оқушыға айтқызу.

ІІІ.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа

Допты қойдым алдына,

Оңжағына қарады

Сол жағына қарады,

Тау екендеп ойлады.

ІY.Ой толғаныс.

  1. Топпен жұмыс.

І топ. «Шегіртке мен құмырсқаға» венн диаграмма әдісін құру.

                       

                   ШЕГІРТКЕ                               ҚҰМЫРСҚА

І топ..Шегірткеге ассоциация әдісін құру.

ІІ топ. Құмырсқаға бес жолды өлең жазу.

1.Құмырсқа.

2.Кішкентай, қызыл.

3.Еңбектенеді,қозғалады, жүреді .....

4.Құмырсқа шегірткені илеуіне кіргізбеді.

5.Жәндік.

2.Абай атаның «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» мақалымен қорытындылау.

Y.Бағалау.

YІІ.Үйге тапсырма.

Мысалды жаттау, суретін салу.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Ашық сабақ

Зат есім туралы білімдерін толықтыру...

Әліппе сабағы

Ү дыбысы мен әрпін таныстырып, Ү дыбысы бар сөздерді ойлап табуға үйретеді.     Дыбыстық талдау жасауға машықтандырып, сөздік қорын жаңа сөздермен молайтып, шығармашылық қабілеттерін ар...

Абылайхан ашық сабағы

Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландырады. Оқушыларды батырлар өлеңімен таныстыра отырып,олардан үлгі алуды дәріптеп, ...

әліппе сабағы

Ү дыбысы мен әрпін таныстырып, Ү дыбысы бар сөздерді ойлап табуға үйретеді.     Дыбыстық талдау жасауға машықтандырып, сөздік қорын жаңа сөздермен молайтады, шығармашылық қабілеттерін а...

Ана тілі ашық сабақ

Өлең жолдарын мәнерлеп оқу арқылы жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың ұғымдарын кеңейтіп, қыс сәнін, қыс белгілерін, ерекшеліктерін анықтап, түсіндіреді...

Қазақ тілі "Бастауыш" ашық сабақ

Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтап, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік береді.Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамытады....

Ана тілі ашық сабақ

Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейтіп; танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа баулиды....