Абылайхан ашық сабағы
план-конспект урока по чтению (4 класс) по теме
Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландырады. Оқушыларды батырлар өлеңімен таныстыра отырып,олардан үлгі алуды дәріптеп, өз елін, жерін сүюге, оны қорғауға , осы күнге жеткізген батырларға деген құрмет сезіміне тәрбиелейді.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
abylaykhan.pptx | 476.67 КБ |
Предварительный просмотр:
Подписи к слайдам:
Мақсаты:Оқушыларға Абылай хан туралы жаңа мағлұматтар беріп, отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелу. Балаларды батырлар өмірімен таныстыра отырып, олардан үлгі алып, өз елін,жерін сүюге, оны қорғауға, осы күнге жеткізген батырларға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу. Сауатты жазуға, тарихи әңгімелерді түсініп оқуға, ой-өрісін, сөздік қорын және ауызекі сөйлеу мәдениетін дағдыландыру,
Типі:іскерлік пен дағдыны қалыптастыру Түрі:аралас сабақ Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап Көрнекілігі:батырлар, хандар, билер суреті, слайдтар Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем беріп сіздерге, Бас иеміз біз.
Психологиялық дайындық Балалар бүгінгі сабаққа қонақтар келіпті, демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі тұр. “Келгенше қонақ ұялады, Келгеннен соң үй иесі ұялады”-демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.
Үй тапсырмасын сұрау.
Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді? Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті? Ауыл адамдары Махамбетті қалай суреттеді? Тергеуші неге қайтып кетті? Махамбеттің тапқырлығы. С ахналық көрініс
Абылай хан –қазақ халқының біртұтастығын сақтауға көп еңбек сіңірген. Әкесі Уәли Түркістан қаласының сұлтаны болған.Абылай 15 жасынан қазақтың жоңғарға қарсы соғысына қатысып, асқан ерліктер көрсетеді.Ол ақылды, шебер ұйымдастырушы, батыл қолбасшы, іскер әрі амал-айласы мол адам болған.Абылай қазақ жерін азат ету үшін орасан зор еңбек сіңірді.Шаруашылық пен сауданы дамытуға ықпал етті. Абылай күйші де болған.”Ақ толқын”, “Дүние қалды” , “Жетім торы” , “Қайран елім” деген күйлері бар.Бұл күйлер өмірдің мәні туралы, ел қамы мен халық тағдыры жөнінде толғайды.Абылай хан- Қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасында хан болып сайланған. Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен атқарған. Мәтінмен жұмыс.
ҚАБАНБАЙ БАТЫР
НАУРЫЗБАЙ
Оқулықпен жұмыс Тізбектей оқу Дәптермен жұмыс Мәтіннен 1-хандарды 2-билерді 3-батырларды теріп жаз.
Сергіту сәті Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің Келе жатқан томпандап Көжегі екен өзінің.
143-жаттығу 1.Мақалды көшіріп жазыңдар Батыр бір рет өледі, Қорқақ мың рет өледі. 2.Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді атаңдар. Абылай хан туралы білетіндеріңді сызбаға түсіріңдер
Абылай хан туралы білетіндеріңді сызбаға түсіріңдер
Сабақты бекіту Абылай неше жасында қолбасшы болды? Абылай кімдердің көмегіне сүйенді? Қандай қазақ батырларын білесіңдер?
Үйге тапсырма Мәтіннің мазмұнын айту. Абылай хан туралы деректер жинау. Мақалдар жаттау. 142-жаттығу. Бағалау. Ән айтамыз.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Ашық сабақ
Зат есім туралы білімдерін толықтыру...
Әліппе сабағы
Ү дыбысы мен әрпін таныстырып, Ү дыбысы бар сөздерді ойлап табуға үйретеді. Дыбыстық талдау жасауға машықтандырып, сөздік қорын жаңа сөздермен молайтып, шығармашылық қабілеттерін ар...
әліппе сабағы
Ү дыбысы мен әрпін таныстырып, Ү дыбысы бар сөздерді ойлап табуға үйретеді. Дыбыстық талдау жасауға машықтандырып, сөздік қорын жаңа сөздермен молайтады, шығармашылық қабілеттерін а...
Ана тілі "Шегіртке мен құмырсқа" мысалы сабағы
Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа білімді меңгертіп, ойын жүйелеп айтуға үйретеді....
Ана тілі ашық сабақ
Өлең жолдарын мәнерлеп оқу арқылы жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың ұғымдарын кеңейтіп, қыс сәнін, қыс белгілерін, ерекшеліктерін анықтап, түсіндіреді...
Қазақ тілі "Бастауыш" ашық сабақ
Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтап, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік береді.Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамытады....
Ана тілі ашық сабақ
Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейтіп; танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа баулиды....