Ана тілі ашық сабақ
план-конспект урока (чтение, 3 класс) по теме

Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейтіп; танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа баулиды.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл zharaly_torgay.docx16.07 КБ

Предварительный просмотр:

№ 109.                                 Ана тілі                          08.04.13.

Сабақтың тақырыбы: Жаралы торғай. Өтебай Тұрманжанов.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтебай Тұрманжановтың «Жаралы торғай» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету.

2. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту; танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу.

3.Табиғатты қорғауға, бақылауға, танып білуге қайырымдылық көрсетуге тәрбиелеу

 

Түрі: Жаңа материалды меңгеру 

Әдісі:  топтастыру, ой-қозғау, сұрақ-жауап, іздену, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тыйым сөздер, жұмбақтар слайдтар.

Сабақтың типі: Кіріктірілген сабақ (ана тілі, дүниетану)

Көрнекілігі: суреттер, кесте, интерактивті тақта

                                                          Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды топқа бөлу

І-топ «Қарлығаштар»

ІІ-топ «Қараторғайлар»

ІІІ-топ «Ақулар»

ІҮ -топ «Сауысқандар»

І-топ: «Қарлығаштар»

Қарлығашқа ұқсайық,

Кәне қанат жазайық.

Ұшып- ұшып алайық

Ағаштарға қонайық

ІІ-топ: «Қараторғай»

Көктемде құстар қайтқанда,

Ең алдымен келетін.

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін

Бұл қай құс балалар?

ІІІ-топ: «Аққулар»

Көлдің көркі сәні екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған,

Адамдар қорғап сақтаған

Бұл қандай құс?

ІҮ.-топ: «Сауысқандар»

Өзі ұсақ, өзі ұсақ

Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын өзі ала,

Ұшудан бір тынбайды.

1. Психологиялық дайындық.

Біз құстармыз, құстармыз,

Ұшуға біз құштармыз.

Табиғатты аялап,

Құрт-құмырсқа ұстармыз

Балалар, жұмбақ жасырайын шешесіңдер ме?

Итпен бірге жарысып ,

Табаққа қонып қоймайды

                               (торғай)

Ә) Интерактивті тақтада құстар көрсетілген, дауысы, түрлері

2.Актуализация

  Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Ана тілі мен дүниетану пәні арқылы кіріктіріліп отырған сабақ. Сондықтан біздің оқушылар құстар туралы не біледі екен? Ортаға салайық.

Балалар енді құстар туралы мақал-мәтел, тыйым сөз, жаңылтпаш, жұмбаққа қалайсыңдар?

Ү. Жаңа сабақ:

Ендіше балалар, бүгінгі тақырыбымыз Өтебай Тұрманжанов ағамыздың «Жаралы торғай» өлеңі.

Бірінші Өтебай Тұрманжанов ағамыздың өмір баянымен танысайық.

Алдыларыңа сандар мен суреттер үлестіріп тастаймын артығын жапсырмайсыңдар, өйткені сендерге алдын-ала тапсырма берілген.

Оқулықпен жұмыс

Мәнерлеп оқу

Бір-бір шумақтан оқу

Торғай не үшін ән салуға зауқы болмады?

Торғайдың қасына жақындаған кезде, ол не істеді?

Дәптермен жұмыс

Төртінші шумақтағы теңеу сөздерді теріп жаз

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:   

Автордың айтайын деген негізгі ойы қандай?

Сюжет дегеніміз өзара жалғасқан оқйғалардың тізбегі, оқиғаның тұтас желісі.

Суреттермен сюжет құру.

Қорытынды:

Құстар- біздің досымыз,

Құс ұясын бұзбайық.

Жұмыртқасын алмаймыз,

Обалына қалмаймыз.

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар

Кім сүймейді анасын

 Кім сүймейді баласын

Осыны есте сақтайық.

   

Сұрақтар

Қазақ халқы қай құсты аң аулауға пайдаланған? (бүркіт)

Мүлдем ұясы болмайтын қандай құс? (көкек)

Еліміздің көк туында қандай құс бейнеленген? (қыран)

Қандай құс бейбітшілік белгісі, хат тасушы атанған? (көгершін)

Ендіше хат тасушы құстан әлем балаларына үндеу тастайық

(Көгершіндерді тақтаға ілу.)

Балалар осымен сабағымыз аяқталды. Жаралы торғайдың көңілін көтердік деп ойлаймын.

ҮІІІ.  Үйге тапсырма:

 1. Мәнерлеп, түсініп оқу.

 2. Бағалау.Мадақтау

                                         № 8 ом МДШО

Сабақтың тақырыбы:  ЖАРАЛЫ ТОРҒАЙ

                                           Өтебай Тұрманжанов


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Ашық сабақ

Зат есім туралы білімдерін толықтыру...

Әліппе сабағы

Ү дыбысы мен әрпін таныстырып, Ү дыбысы бар сөздерді ойлап табуға үйретеді.     Дыбыстық талдау жасауға машықтандырып, сөздік қорын жаңа сөздермен молайтып, шығармашылық қабілеттерін ар...

Абылайхан ашық сабағы

Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландырады. Оқушыларды батырлар өлеңімен таныстыра отырып,олардан үлгі алуды дәріптеп, ...

әліппе сабағы

Ү дыбысы мен әрпін таныстырып, Ү дыбысы бар сөздерді ойлап табуға үйретеді.     Дыбыстық талдау жасауға машықтандырып, сөздік қорын жаңа сөздермен молайтады, шығармашылық қабілеттерін а...

Ана тілі "Шегіртке мен құмырсқа" мысалы сабағы

     Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа       білімді  меңгертіп, ойын жүйелеп айтуға үйретеді....

Ана тілі ашық сабақ

Өлең жолдарын мәнерлеп оқу арқылы жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың ұғымдарын кеңейтіп, қыс сәнін, қыс белгілерін, ерекшеліктерін анықтап, түсіндіреді...

Қазақ тілі "Бастауыш" ашық сабақ

Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтап, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік береді.Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамытады....