Әлем махаббат пен сүйіспеншілікке толы (оқырмандар конференциясы)
материал (10 класс) на тему

Шакибаева Гулсум Мухамбетовна

Мақсаты: оқушылардың әлемге деген сүйіспеншілігімен мейірімділік сезімін ояту;

Бауырларына, туған-туысқандарына, достарына, қоршаған ортаға деген махаббаттын оятып дамыту.

Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл lem_makhabbat_pen_suyispenshilikke_toly_stsenariy.docx25.82 КБ

Предварительный просмотр:

                                                                      № 1 орта мектеп

     Әлем махаббат пен сүйіспеншілікке толы

                          (оқырмандар конференциясы)

                                                Өткізген: Шакибаева Г.М

                                                                   Ақтөбе-2014

Тақырыбы: Әлем махаббат пен сүйіспеншілікке толы

Мақсаты: оқушылардың әлемге деген сүйіспеншілігімен мейірімділік сезімін ояту;

Бауырларына, туған-туысқандарына, достарына, қоршаған ортаға деген махаббаттын оятып дамыту.

Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық.

“Дүниені ұстап тұрған ыстық — махаббат,
Махаббат бар жерде ғана — өмір бар”.

М. Ганди.

“Махаббат демімен үрленбесе,
Тіршіліктің шырағы жанбас болар”.
Махмұмқұлы.

Махаббат адамды танымастай қылып өзгерте алады. Теренций

Махаббат сыртқы құбылыс емес, ол үнемі біздің ішімізде. Луиза Хей 

Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді. Цицерон

Махаббат мәні
Адамзатты аялаған ақ арман,
Барлық ғалам махабббаттан жаралған.
Өмір-өзен сан тарапқа ақса да,
Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.
Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,
Адамзаттың талмай айтар әні ме?
Өзіңді де өзгені де сүйе алсаң,
Жете аларсың махаббаттың мәніне.

Махаббат дегеніміз не?

                                                                     МАХАББАТ

АТА-АНАҒА             ЕКІ АДАМ             ҚОРШАҒАН ОРТАҒА                Отанға

                                АРАСЫНДАҒЫ

Махаббат, сүйіспеншілік – өте құдіретті асыл сезім. Осы сезім арқасында адамдар бір-бірін сыйлай, құрметтей, түсіне, кешіре алады және де бағалай біледі. Ерекше сезім болғандықтан, әрине ол жүректен шығады.

Қоршаған ортаға деген махаббат – Ол Отанға және айналаңдағы адамдарға деген махаббат.

Әкем-біреу, анамда біреу менің, 
Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім, 
Олар барда – мереке. Көрген емен, 
Қабақтарын шытқанын түнергенін 
Әке-білек, саусағы-балалары, 
Қан тамырмен жалғасқан аралары. 
Ана-тамыр бойымен бәріне де, 
Тіршіліктің жылуы таралады.

Ақиық ақындарымыз туралы цитаталар:

М. Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Қазақ жырының құдыреті.

                                                                                                                      Фариза Оңғарсынова

М. Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның ... Өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.

                                                                                                                      Әбіш Кекілбаев

Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі – біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы  - болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы.

                                                                                                                     Зейнолла Серікқалиев

Махаббат жыршысы атанған Әзілхан Нұршайықов ағаның осынау эпистолярлық хикаяты өмір ұғымының махаббатпен әдіптелген терең мәнін, айшықты туынды екенін оқыған барша оқырман мойындайды.

                                                                                                                    Нағым Құсайынұлы

Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің.

                                                                                                                   Қадыр Мырзалиев

Ойланайық пікірлесейік
- Адамға махаббат не үшін қажет?
- Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
- Махаббат пен сүйіспеншілік ұғымдарын қалай түсінесіздер?
- Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?
- Махаббат неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?

-Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?

Қорытынды 

Махаббат дегеніміз – қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі –  ата- аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық,отанға деген сүйіспеншілік бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі” – деп атап көрсеткеніндей, махаббаттың адам өмірінде алар орны ерекше.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Әмирхан Еникинең “Әйтелмәгән васыять” әсәре буенча китап укучылар конференциясе.

Ә.Еникинең “Әйтелмәгән васыять” әсәре белән танышу. Ана хакы,кешеләрнең ата-ана алдындагы бурычлары турында фикер алышу. Олыларга , туган туфракка, халкыбызның гореф-гадәтләренә хөрмәт хисләре тәрбиял...

Роза Хафизованың "Кирлемән" әсәре буенча китап укучылар конференциясе сценарие.

Конференция рус төркемендә укучы  балалар өчен үткәрелде....

Укытучыларның регионара фәнни – гамәли конференциясе: "“Милли мәгарифне үстерү өлкәсендәге эзләнүләр” темасына ( эш тәҗрибәсеннән чыгып) чыгыш"

      Татарстан Республикасы милли мәгарифенең, Россия Федерациясе мәгариф системасының безнең, татар теле укытучыларының, алдына куйган максатларын үтәүдәге уңыштагы баскычлар б...

Әзілхан Нұршайықов. Махаббат қызық, мол жылдар

  Махаббат қызық мол жылдар — Әзілхан Нұршайықовтың 1970 жылы шығарған романы. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі тү...

Фаил Шәфигуллинның “Ак маңгайлы бүреләр” повесте буенча “Табигать һәм кеше” исемле китап укучылар конференциясе

Якташ язучыбыз Фаил Шәфигуллинның "Ак маңгайлы бүреләр" повесте буенча "Табигать һәм кеше  исемле китап укучылар конференциясе эшкәртмәсе....

"Татар теле һәм әдәбият дәресләрендә экологик белем һәм тәрбия бирүнең әһәмияте", III Россиякүләм фәнни гамәли конференциясе җыентыгында басма (159 бит),-Казан 2015 ел;

quot;Татар теле һәм әдәбият дәресләрендә экологик белем һәм тәрбия бирүнең әһәмияте", III Россиякүләм фәнни гамәли конференциясе җыентыгында басма (159 бит),-Казан 2015 ел...