Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету
план-конспект урока по технологии (5 класс) на тему
Жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс істеудің сарамандық дағдысын игеру.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
agashty_kesu.docx | 14.02 КБ |
Предварительный просмотр:
Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі
Шүкіров Сүйінғали Сағынтайұлы
Сабақ жоспары /25-26 сабақ/
Технология пәні. 2011-2012 оқу жылы.
Мұғалімі: Шүкіров Сүйінғали Сағынтайұлы
Мерзімі: 6 желтоқсан
Сыныбы: 5«А»
І. Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс
« Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»
ІІ. Сабақтың мақсаты:жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс істеудің сарамандық дағдысын игеру.
ІІІ. Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс
ІV. Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекілігі жақ ара, қысқыш, екі сапты ара, қол ара, наградка, ағаш кесетін үстел, сүргі, үшбұрышты сызғыш, метр өлшегіш, сызғыш көлемі 200х20х1000 мм тақтай.
V. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
VI.Сабақтың мазмұны мен өту барысы:
- Ұйымдастырылуы оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу - 3 мин
- Жұмысты орындау реті:
- Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу.
- Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу;
- Ағашты талшық бойымен тігінен кесу;
- Қол арамен кесу.
Жұмыс туралы қажетті мағлұматтар.
Кесу – ағаш материалдарын белгілі бір мөлшерге лайықты етіп дайындау.
Кесінді – дайындалған ағашқа неғұрлым дұрыс пішін мен мөлшер беру мақсатында материалдардың артық бөлшектерін алып тастау.
Аралап кесу – әртүрлі пішінде бөлшектер алу үшін ағашты аралау, ішінара тілу.
Ағаш талшығының орналасуына қарай кесуге байланысты аралаудың бірнеше тәсілі бар: а) талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу; ә) талшықты кесе көлдеңенінен тілу; б) талшыққа қиыстай жүргізілетін бұршытап кесу.
Өзінің құрылысына қарай қол аралары екі топқа бөлінеді керіп созылған аралар, қатты аралар. Керіп созылған аралар тобына – жақ тәрізді аралар, қатты аралар тобына – қарапайым қол аралар, екі сапты аралар жатады.
Жақ тәрізді ара дегеніміз – жақтың ағаш бөлігіне бекітілген ұзын жұқа ара. Құрылысы екі тіреуден, екі тұтқадан, тіректен, адырнадан және бұраудан тұрады.
Жақ тәрізді аралардың үш түрі болады: ірі тісті - дайындама тақталарды кесуге және көлдеңен аралауға арналған, орташа тісті – бұдыр алуға және біріктірілетін бөлшектерді тесіп жасауға қолданылады, ұсақ тісті – қисық сызықпен кесуге және әшекейлеу жұмыстарына қолданылады.
Қол ара – жалғыз тұтқалы, қатты ара. Ағашты қайта кескенде және көлдеңен бағытта мол дайындама жасау кезінде қолданылады.
VII. Сабақты қорытындылау:Әр оқушыға практикалық жұмыс орындату,
талқылап бағалау.
VIIІ. Үйге тапсырма: §6.2. оқулықтың 47-48 беттері
ІХ. Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Мектептегі технология» әдістемелік журнал
- 5 сынып Технология оқулығы
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
Inkscape – те мәтінмен жұмыс жасауды үйрету.
А) Inkscape бағдарламасында қарапайым мәтіндерді жаза алады.В) Inkscape бағдарламасында мәтінді жазып оны әр түрлі етіп безендіре алады.С) Inkscape бағдарламасында мәтінді жазып оны әр түрлі етіп безе...