"Қазіргі заман мұғалімі"
проект по теме

 

«Ғасыр мақсаты –қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл esse.docx18.3 КБ

Предварительный просмотр:

Қазіргі заман мұғалімі

«Ғасыр мақсаты –қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»

Нұрсұлтан Назарбаев

Әр баланың ата-анадан кейінгі ақылшы, сенімді тәрбиешісі, жүректері лүпілдей қаққан ең жақын адамы ретінде сезінетіні – ұстаз. Мұғалім әрбір оқушыны білім мен ғылым нәрімен сусындатады, балаларды мейір-шапағатқа, онан соң ақыл-парасатқа, соңында еңбекке, адамгершілік сезімге, патриотизм мен мақсаттылыққа үйретеді, жүрек жылуы мен аялы алақаны арқылы оқушы бойына небір тамаша қасиеттерді сіңіреді.

Ұлағатты ұстаз – ұрпақ бақыты. «Ұстазын сыйламаған елдің болашағы азалы» - дейді халық даналығы. Ертеңіне лайықты ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол тәрбиелеудегі қастерлісі – ұстаз еңбегі. Ол – Ұлы еңбек.

Ұстаздың ұлылығы мен ұлағаты  туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан елі сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр да жауапты сын» деген.

Адамзат ХХІ ғасырға қадам басып, дүниежүзілік ғаламдану үдерісін бастан кешуде. Заман талабына сай Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған мамандармен қамтамасыз ету, өркениетті, ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, кәсіптік білімді ақпараттандыру, сонымен қатар білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды іс. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында басты мақсаттың бірі ретінде білім беру аталды.

Білім – адамның ішінен шығатын емес, сырттан келетін нәрсе. «Оқымай, маңдай терлерін шашпай білімді болам» дегендер тормен су алғысы келгенмен тең. Біз қанша білсек, сонша нәрсені жүзеге асыру қолымыздан келеді. Сондықтан да «Білім - күш» деп ағылшын ойшылы бекер айтпаған. Білім өмірде таяныш, жолдас, қуанышта бастаушы, қайғыда медет, күресте құрал, зұлымдыққа қарсы айла деп те айтуға болады. Өмір озған сайын, қоғамдағы әлеуметтік- саяси қарым-қатынас дамыған сайын, мемлекетаралық интеграция күшейген сайын мұғалім қызметі қиындай береді.

Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселенің бірі – білімді де іскер, ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру. Қазіргі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау. Ендеше, бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып келеді. Солардың бірі – қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен даму арқылы дамыту» кеңінен қолданылуда. Өз тәжірибемде осы технологияны жиі қолданамын. Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, атап өтсек, сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ең бастысы, жеке тұлға болып дамудың шыңына әкелер жолдың бірі осы технология болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау – ең алдымен, шығармашылық ойлау  

Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді.

        Бүгінгі ұстаз шәкіртіне әр пәннен берілетін ғылым негіздерінен білім, мәдениет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат кеңістігіне шығуға тәрбиелеуі  керек. Ол тек өз мамандығын сүйген, өз ісіне табанды ұстаздардың ғана қолынан келеді. Әрине, ұстаздың бұл үшін өз кәсібінің майталманы болып, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын, жоғары адами қасиеттерін салу керектігі айтпаса да түсінікті.

         Міне, сондықтан да ХХІ ғасырдағы жаңа заман мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқталатын болсақ: мұғалім жеке көзқарасы бар әрі соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман болуы қажет; өз ісін жетік біліп, қызметін табанды жүргізе алу керек; мұғалім педагогтік, психологтік білімін жетілдіріп үйренумен қатар сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білуі керек; жаңа технологиялық оқытуды енгізу және олардың мазмұнын, ерекшеліктерін ескере отырып білім беру сапасын арттыру; жан-жақты дамыған жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету; оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұлттық тәрбие жүйесінде тәрбиелей отырып Отансүйгіштік қабілеттерін ашу; оқушылардың ерекше қабілеттерін тану арқылы дарындылықты дамытудың нақты бағытын іске асыру; оқушының жеке пәндерге деген қызығушылығын арттыру арқылы шығармашылыққа баулу және тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін дамыту; дарынды балалардың қабілетін дамытуға жол ашу арқылы қабілетті, дарынды балалардың тобын құру, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру; мұғалім шәкірт алдында әркез ұстамды, сабырлы, шыншыл бейнесімен көрінуі тиіс; жеке тұлғаның өз-өзіне сенімділігін, өзін еркін ұстай білуін, елжандылық қасиеттерін дамыту және өз құқығын қорғай білу біліктілігін дамыту; адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, оны оқушы тәрбиесі мен білім беру саласына орынды қолдана білуі қажет.

        Еліміздің жас ұрпағы дүниежүзінің өркениетті елдері жастарымен терезесі тепе-тең дәрежеде білім алуына мектептегі педагогикалық ұжымның, яғни, қазіргі заман мұғалімінің осы талаптарды орындауымен тікелей байланысты деп ойлаймын.

        Ұстаз ұлылығы мен ұлағатын, тынымсыз еңбегін бағалай келе, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім – мектептің тынымсыз соққан жүрегі» десе, Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын - мұғалімдікі» деген екен. Данышпан ұстаздар ұжымы ХХІ ғасырдағы болашақ еліміздің, қоғамның тағдырын шешетін жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеу міндеті жүктелгенін түсініп, оларды білімді, сапалы азамат етіп шығару жолында еселі еңбектерін қосады деп сенемін.

        «Қыран түлегі – қайырылмас қанат сыйлайды, Ұстаз түлегі – алға бастырар талап сыйлайды», ұстаздық жауапкершілікті үнемі есте сақтағанымыз абзал.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Билгеле киләчәк заман хикәя фигыл

дәрескә кирәкле материал...

Бигесез киләчәк заман хикәя фигыль

морфология буенча дщрескщ материал...

Укучыларның фәнни-тикшеренү эшләрен оештыру – заман таләбе

Укучыларның фәнни-тикшеренү эшләрен оештыру – заман таләбе.Укучыларны эзләнү-тикшеренү эше  белән шөгыльләндерә алу бик зур мөмкинлекләр ача, укучыларның сөйләм телен, иҗади сәләтен үстерергә ярд...

Билгесез үткән заман хикәя фигыль

Плантатарском урока на татарском зыке на тему "Прошедшее неопределенное время в татарском языке" для учеников 3 класса, по учебнику И.Л. Литвинова...

Хәзерге заман хикәя фигыле, аның ясалышы һәм мәгънәсе.

Фәния Зарипова, Яңа Чишмә районы Зирекле лицееның татар теле һәм әдәбияты укытучысы.Аннотация.  Әлеге дәрес эшкәртмәсе татар мәктәпләренең (авторлары:Д.Г.Тумашева, Ф.Ю.Юсупов, К.З.Зиннәтуллина, Б...

Хәзерге заман һәм билгеле үткән заман хикәя фигыльләр.(Барлык формасы)

Максатлар:1)лексик тема буенча укучыларның белемнәрен тулыландыру, ныгыту;2)грамматик материалны сөйләмдә куллануга ирешү,укучыларның фикер йөртү күнекмәләрен үстерү;        ...

Хәзерге заман һәм билгеле үткән заман хикәя фигыль (карточка)

Максатлар:1)лексик тема буенча укучыларның белемнәрен тулыландыру, ныгыту;                                  ...