Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ "Дара және күрделі сан есімдер"
план-конспект занятия (5 класс) на тему

Жармулдинова Динара Рашидовна

 

Сабақтың мақсаты: дара және күрделі сан есім туралы алған білімдерін бекіту;сөйлем ішінен сан есімдерді ажырата білу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл Қазақ тілінен сабақ жоспары25.31 КБ

Предварительный просмотр:

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЧИР АУДАНЫ ВОСКРЕСЕНКА ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ

ҚҰРАСТЫРҒАН: ЖАРМУЛДИНОВА ДИНАРА РАШИДОВНА

2014 – 2015 оқу жылы

Күні: 26.11.14                  Пәні:қазақ тілі                         Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер

Сабақтың мақсаты: дара және күрделі сан есім туралы алған білімдерін бекіту;сөйлем ішінен сан есімдерді ажырата білу.

Сабақтың түрі: саяхат

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау,практикалық,көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

А)оқушылармен амандасу: Сәлеметсіңдерме балалар!қалдарың қалай? Бүгін далада қандай ауа-райы?

Ә)оқушыларды түгендеу,кезекшілік орындауын тексеру,кім бар?кім жоғын? Тексеру

Б)оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

В)Психологиялық дайындық.

-Балалар мына  тақтадағы суретте не бейнеленген?

-Бұл күн.

-Күннің қандай қасиеті бар?

-Жер бетіне жылуын таратады.

-Күн көзінен тараған жылуды бойымызға таратайық және бір-бірімізге жылылықпен,мейірімділікпен күлімдеп қарайық.Күннің жан-жағында айналып жүретін 9 планета бар.Оны біздер күннің айналасында орналасқандықтан «Күн жүйесі» деп атаймыз.Біздің бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі,сол планеталарға саяхатқа барамыз.Тоғыз планетаны атау.

-Саяхатымызды қазір жалғастырамыз,алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық.

ІІ.Үй тапсырмасы

76 бет 158-жаттығу.

Берілген тірек сөздерді қатыстырып,сан есімі бар сөйлемдерден тұратын мәтін құраңдар.Үлгі: Атам мен әжемнің екі-үш сиыры,он-он бестей қойы бар.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

Сан есімдер құрамына қарай  дара сан есім және күрделі сан есім деп екіге бөлінеді.Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады.Мысалы:он,үш,бес,мың,жүз,ондаған,сегізінші,жетеу, т.б.Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім  деп аталады.Мысалы:екі жүз,үш мың тоғыз жүз елу алты,жүз қаралы,оннан бір,үштен екі,бес ондық,бір-бірден,үш-төрт, т.б. Сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады.Мысалы: қырық - елу,жетпіс-сексендей,бес-бестен,он-он бес, т.б.

Көркем жазу минуты:    Пп    пиала,перде

-Ал саяхатымызды жалғастырайық.Ғарышқа немен ұшамыз? Дұрыс, зымыранмен.Ұшу үшін бізге билет қажет.Билетті жұмбақты шешкенде ғана ала аламыз.Саяхатымыздың ерекшелігі сол,біз ұшып барған ғаламшардың тапсырмаларын орындауымыз керек.Соған дайынбыз ба?

-Алғашқы тоқтайтын ғаламшарымыз Меркурий.Оның тапсырмасы:

1-тапсырма:

Дара сан есімдерді күрделіге айналдырып жаз. Жеті,он,отыз,сегіз,тоғыз,елу, қырық,бір,бес. Үлгі: жеті – жетпіс жеті, ........

Келесі ғаламшарымыз – Шолпан.

2 – тапсырма (77 бет 159-жаттығу)

Мәтіннің құрамынан дара сан есімдерді бір бөлек,күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.

Үлгі: дара сан есімдер:                                          күрделі сан есімдер:

              жүзінші                                            мың тоғыз жүз қырық екінші

Келесі ғаламшарымыз – Марс.

3 – тапсырма: Сөйлемдерді көшір.Сан есімдерді сөзбен жаз.

Жер шарында 4 мұхит бар.Тынық мұхитының ең терең жері 11 километрдей болады.Ал теңіздің саны – 30.Жан-жағын құрлық қоршап жатқан теңіз 2 ғана. Олар:Каспий және Арал теңіздері.

Ендігі ғаламшарымыз – Юпитер.

Есте сақтау жаттығуы. (уақытқа 1 мин)

Келесі ғаламшарымыз – Сатурн.

4 – тапсырма (77 бет 160-жаттығу).Төмендегі сандарды сөзбен жазып,оларды дара және күрделі түріне ажыратыңдар.

Үлгі: дара сан есімдер: үш, ..........

         күрделі сан есімдер: қырық бір, ...........

3,41,68,7,5-6,50-60,4,27,9,1000,50,70,1597,789,15257, 7 , 5,27,20.

Келесі қонатын ғаламшарымыз – Уран.

6 – тапсырма: Жұмбақтар

1.Екі,бес,он,

Жиырма,елу,

Жүз,екі жүз,мың бар.

Әрқайсысының құны бар. (теңгелер)

2.100 мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. (киіз үй)

3.Қос құлақты 100 тісті,

Жүзінен бірақ іс түсті. (ара)

                                                                                                                                  Келесі ғаламшарымыз – Нептун.       Шығармашылық тапсырма:

1.Піл к3ті,піл к3ті емес,тіл к3ті.

2.6н балдақ қол сәні,әшекей кесте т10 сәні.

3.1еу білмегенді,1еу біледі.

4.Әкесіз 7м – жарты 7м

Шешесіз 7м – анық 7м.

                                                                                                                         ІV.Сабақты бекіту

Жерге қонамыз.

  • Сан есім дегеніміз не?
  • Сан есімнің сұрақтар қандай?
  • Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  • Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

Ал,балалар сабақ ұнады ма сендерге? Несімен ұнады?

V.Білімді бағалау: Сабаққа қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау.

Рефлексия:

Сабақта білдім

Узнал на уроке

Тақырып жөнінде өз пікірім

Личное отношение к изучаемому

Мұғалімге  бүгінгі сабақ жөнінде хат

Письмо учителю о сегоднешнем уроке

VІ.Үй тапсырмасы: 78 бет 161-жаттығу. Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма құрастырып жазыңдар.

Сабақ аяқталды!Сау болыңдар!!!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Оқушылардың бойында туған жеріне деген ыстық-ықласын оятып, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу

Туған қаласының өткені туралы, оның басынан кешірген талай-талай сындарлы күндері: көрген қиындықтары мен аштық күндері, қуғын-сүргінге ұшыраған күндері, оның ҰОС жылдарындағы өмірі, халқының елге-Ота...