Ата-анаға он ақыл
учебно-методический материал по теме
Ата-аналар жиналысының соңында, ата-аналардың санына қарай парақтарға немесе кітапша түрінде дайындалып, таратылады. Кітапшаны әшекейлеп жасауға болады. Ата-аналар үнемі жадында сақтауы керек.
Скачать:
Вложение | Размер |
---|---|
ardakty_kalam.doc | 11.46 КБ |
Предварительный просмотр:
Ата-анаға он ақыл
Ата-аналар жиналысының соңында, ата-аналардың санына қарай парақтарға немесе кітапша түрінде дайындалып, таратылады. Кітапшаны әшекейлеп жасауға болады.
Балаға сенім көрсету негізінде оның іс-әрекетіне үнемі қолдау көрсетіп, демеп отыру керек.
Бала бойындағы қабілет нышандарының ашылуына мүмкіндік жасау.
Еңбек, оқу, ойын іс-әрекеті арқылы баланың өз құрбылары, достары үлкендер арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын жеке түсіндіру.
Баланы бар болмысымен сүю, құрметтеу қажет.
Баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс
Балаға үйрететініңізді алдымен өзіңіз үйреніп, біліп алыңыз.
Бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді, ата-анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйетінін есте сақтаңыз.
Баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды.
Баланы қиындықтар ортасында жалғыз қалдыруға болмайды.
Өз балаңызға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтарғаныңызға мән беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тәуелді.