Музыкадан тесттік тапсырмалар
тест по музыке (5 класс) по теме
Онлайн-тренажёры музыкального слухаМузыкальная академия
Теория музыки и у Упражнения на развитие музыкального слуха для учащихся музыкальных школ и колледжей
Современно, удобно, эффективно
Предварительный просмотр:
5 класс 1 нұсқа
1. «Абай» операсын жазған композиторларды тап.
А) Мұқан Төлебаев,Еркеғали Рахмадиев; Ә) Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди;
Б) Еркін Ынтықбаев, Н.Тілендиев; В) Б.Байқадамов, Мұқан Төлебаев.
2. Музыкадағы романтизм бағыты қай елдерде қалыптасып, дамыды?
А) Ресей,Украина; Ә) Түркия, Монғолия; Б) Қытай, Ресей, В) Австрия, Германия, Италия
3. Опера басталар алдында орындалатын оркестрге арналған кіріспе
А) романс, ә) увертюра; Б) кантилена; в) ария.
4. 30 симфониялық поэма жазған венгр халқының композиторы
А) Эдвард Григ; ә) Ференц Лист; б) Фридерик Шопен; в) Георг Гендель.
5. Қытайдың ұлттық музыка аспаптарының түрлері қанша?
А) 80 –нен аса; Ә) 100 – ден аса; Б) 70 – тен аса; в) 50 – ден аса.
5. Макам қай халықтардың вокалды аспаптық жанрының үлкен циклын құрайды?
А) ұйғыр, дүнген; ә) өзбек, тәжік; б) әзірбайжан, қырғыз; в) кәріс, ұйғыр.
6.Сахнада қойылу үшін жазылған үлкен музыкалы – драмалық шығарма:
А) концерт; ә) опера; б) соната; в) кантата.
7. Европаның дәл ортасына орналасқан Австрия қай елдердің профессионалдық өнерімен тікелей байланысты болды?
А) Германия мен Италияның; ә) Франция мен Польшаның; б) Венгрия мен Италияның; в) Бельгия мен Польшаның
8. Н.Тілендиевтің «Өз елім» әнін орындайтын белгілі эстрадалық ұжым.
А) «МузАрт»; ә) «Тарлан»; б) «Жігіттер»; в) «Заман».
9. Орындаушылық мүмкіндікті дамытуға арналған шығарма
А) прелюдия; ә) рондо; б) поэма; в) этюд.
10. Қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі.
А) Қуыршақ театры; ә) драма театры; б) балалар театры; в) балалар мен жасөспірімдер театры.
11.Бақытжан Байқадамовтың әнін тап:
А) «Су тасушы қыздың әні»; ә) «Алатау»; б) «Тәуелсіз Қазақстан», в) «Ұстазым».
12.Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
А) батырлар жыры; ә) айтыс; б) дастан; в) ертегілер.
13. Башқұрт халқының мақтанышы болған қандай аспап?
А) Қурай; ә) гармонь; б) кеманча; в) гусли.
14. Өзінің ойын, әңгімесін би қимылдары арқылы шебер жеткізетін халық
А) татар; ә) монғол; б) үнді; в) қытай.
15. Қазақтың көп ішекті музыкалық аспабы
А) шертер; ә) жетіген; б) сазген; в) қобыз.
16. «Домбырасыз сән қайда» әнін жазған композитор
А) Ибрагим Нүсіпбаев; ә) Күнсайын Қуатбаев; б) Әбілахат Еспаев; в) Жасарал Еңсепов.
17. Қиыр Шығыстың ежелгі музыкалық дәстүрлеріне жататын, қайнар көзі біздің заманға дейінгі I мыңжылдықтан бастау алатын қай халықтың музыкасы?
А) Кәріс музыкасы; ә) монғол музыкасы; б) қытай музыкасы; в) вьетнам музыкасы.
18. Монғол халқының ысқышпен ойналатын көне аспабы
А) моринхур; ә) йочин; б) богжун; в) ситар.
19. «Абай» операсының либреттосын жазған кім?
А) Қастек Баянбаев; ә) Сәбит Мұқанов; б) Тұманбай Молдағалиев; в) Мұхтар Әуезов.
20. Ахмет Жұбановтың әнін тап:
А) «Ақ көгершін»; ә) «Айгөлек»; б) «Төлдер»; в) «Туған жер».
21. Орыс халқының музыкасы қызуқанды, ойнақы, көңілді болуымен қатар тағы қандай сипатта?
А) ойлы да, салмақты; ә) мұңды, ауыр; б) көңілсіз; в) түсінуге ауыр.
22. «Айтыс» сөзі қандай сөзден шыққан?
А) күй тартыс; ә) ертегі; б) сөз жарыстыру, дауласу; в) терме.
23. Қобызды ойлап тапқан күй атасы кім?
А) Кетбұға; ә) Қорқыт; б) Байжігіт; в) Дәулет.
24. Бір дауыстан көп дауысқа өту Италияда қай ғасырдың соңында жүзеге асырылды?
А) XIII ғасыр.; ә) Х ғасыр.; б) ІХ ғасыр.; в) ХІУ ғасыр.
25. Поляк халқының әлемдегі ең ірі, асқан пианиношысы, ұлы әрі дарынды композиторы
А) Мануэль де Фалья; ә) Ян Сибелиус; б) Фридерик Шопен; в) Золтан Кодай.
5 класс 2 нұсқа
1.Қазақстанда алғаш хор ұжымын ұйымдастырған композитор
А) Б.Байқадамов; ә) Қ.Мусин; б) М.Төлебаев; в) И.Нүсіпбаев.
2. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди бірігіп жазған опера қалай аталады?
А) «Қыз Жібек»; ә) «Абай»; б) «Махамбет»; в) «Назугум»
3. Поляк халқының әлемдегі ең ірі, асқан пианиношысы, ұлы әрі дарынды композиторы
А) Мануэль де Фалья; ә) Ян Сибелиус; б) Фридерик Шопен; в) Золтан Кодай
4. Бір дауыстан көп дауысқа өту Италияда қай ғасырдың соңында жүзеге асырылды?
А) XIII ғасыр.; ә) Х ғасыр.; б) ІХ ғасыр.; в) ХІУ ғасыр.
5. 30 симфониялық поэма жазған венгр халқының композиторы
А) Эдвард Григ; ә) Ференц Лист; б) Фридерик Шопен; в) Георг Гендель.
6. 18 – ғасырдың екінші жартысында Венаның классикалық мектебі қалыптастырған композиторлар:
А) Й.Гайдн, В.Моцарт; ә) Э.Григ, З.Кодай; б) Н.Паганини, Г.Берлиоз; в) Ф.Лист, Ф.Шопен.
7. Орыс классикалық музыкасының негізін салушы композитор
А) Михаил Глинка; ә) Георгий Свиридов; б) Дмитрий Шостакович; в) Сергей Рахманинов.
8. А.Қоразбаевтың «Сағындым Алматымды» әнін орындайтын белгілі эстрадалық топ
А) «Ринго»; ә) «Жебе»; б) «Заман»; в) «МузАрт»
9. Қызуқанды, ойнақы, көңілді сонымен қатар ойлы, салмақты болып келетін қай халықтың музыкасы?
А) орыс; ә) монғол; б) неміс, в) белорус.
10. Сөз жарыстыру, дауласу, сайысу қандай өнер?
А) айтыс; ә) күй тартыс; б) терме; в) спектакль.
11.Абылай ханның ел басқарудағы кеңесшісі болған жырау
А) Ақтан жырау; ә) Бұқар жырау; б) Сүйінбай; в) Әбубәкір.
12.Қобыз аспабын жасаған күй атасы кім?
А) Кетбұға; ә) Ұзақ; б) Қорқыт; в) Ықылас
13.Қазақтың аңға шыққанда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланған ұрмалы аспаптарын тап:
А) дабыл, кепшік, шыңдауыл; ә) сақпан, қоңырау; б) мүйіз сырнай, ұран; в) сазсырнай, үскірік.
14. Қазақстанның мемлекеттік хор капелласы кімнің атында?
А) Б.Байқадамов; ә) Ғ.Құрманғалиев; б) К.Байсейітова; в) Л.Хамиди.
15. Оңтүстік Кореяның музыка өнері 1948 жылдан бастап қай елдің музыкалық мәдениетінің ықпалында?
А) Италия; ә) АҚШ; б) Венгрия; в) Франция.
16. Алтын Орда ыдырай бастаған кезде өмір сүрген дала абызы, күйші
А) Доспанбет; ә) Асанқайғы; б) Кетбұға; в) Байжігіт.
17. Құрманғазының күйлерін тап:
А) «Сарыарқа», «Балбырауын»; ә) «Той бастар», «Домалатпай»; б) «Қос алқа», «Жігер»; в) «Тепеңкөк», «Бес төре».
18. Бақытжан Байқадамов мектепте қай пәннен сабақ берді?
А) химия; ә) математика; б) музыка; в) қазақ тілі.
19. Үндінің ұлттық музыка аспаптарының саны нешеу?
А) 300 – ден аса; ә) 100 – ден аса; б) 70 –тен аса; в) 50 – ден аса.
20. « Қыз Жібек» операсын жазған композитор?
А) А.Жұбанов; ә) А.Затаевич; б) Е.Брусиловский; в) М.Төлебаев.
21. Макам қай халықтардың вокалды аспаптық жанрының үлкен циклын құрайды?
А) ұйғыр, дүнген; ә) өзбек, тәжік; б) әзірбайжан, қырғыз; в) кәріс, ұйғыр.
22. Музыкадағы романтизм бағыты қай елдерде қалыптасып, дамыды?
А) Ресей,Украина; Ә) Түркия, Монғолия; Б) Қытай, Ресей; В) Австрия, Германия, Италия
23. Қытайдың ұлттық музыка аспаптарының түрлері қанша?
А) 80 –нен аса; Ә) 100 – ден аса; Б) 70 – тен аса; в) 50 – ден аса.
24. «Ақ көгершін», «Қарлығаш» әндерін жазған композитор кім?
А) Б.Жұманиязов; ә) Е.Рахмадиев; б) Ұ.Жолдасов; в) А.Жұбанов.
25. Қазақтың үрлеп ойналатын музыкалық аспаптарын ата:
А) сақпан,тайтұяқ; ә) үскірік, сазсырнай,тастауық; б) кепшік, сазген; в) шертер,қоңырау.
6 класс 1 нұсқа
1. Қазақстан композиторлары арасында ең алғаш кім симфониялық поэма жазды?
А) С.Мұхамеджанов; ә) Қ.Мусин; б) Қ.Қожамияров; в) Н.Тілендиев.
2. Ең алғаш фортепиано қай елде жасалды?
А) Қытай; ә) Франция; б) Италия; в) Ресей.
3.Конфуций, Пифагор, Гераклит, Платон, Аристотель, Лукреций Кар қандай ғылым туралы еңбектер жазды? А) тарих, ә) әдебиет; б) музыка; в) химия.
4.Жеке дауыс, хор және оркестрге арналған бірнеше бөлімді күрделі музыкалық шығарма
А) прелюдия; ә) кантата; б) месса; в) соната.
5. Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әнін орындаған белгілі әнші?
А) Р.Есімжанова; ә) Р.Бағланова; б) Ж.Ысқақова; в) М. Дәулетбақова.
6. «Армандастар» әнін жазған композитор?
А) Е.Рахмадиев; ә) Е.Хасанғалиев; б) М.Төлебаев; в) Ж.Еңсепов.
7.Музыкалық шығармаларды әр түрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы
А) оркестр; ә) хор; б) прелюдия; в) соната.
8. «Әлем әртісі» атағын алған қазақстандық скрипкашы
А) Г.Мырзабекова; ә) А.Мұсаходжаева; б) А. Тәжібаева; в) Г.Қаспақова.
9. «Менің атым Қожа» кинофильмінде орындалған Н.Тілендиевтің әні
А) «Атамекен»; ә) «Отан»; б) «Сүйікті мектебім», в) «Сарыжайлау».
10. Француз тілінен аударғанда дирижер сөзі қандай мағынаны білдіреді?
А) шағын алаң; ә) рондо; б) бағыттау, басқару; в) екпін.
11. 1981 жылы АҚШ-қа барып күй тартқанда, американдықтар сахнадан жібермей тұрып алған күйші.
А) Асылбек Еңсепов; ә) Нұрғиса Тілендиев; б) Қаршыға Ахмедияров; в) Секен Тұрысбеков.
12. «Үш бақытым» әнін жазған композитор?
А) Ш.Қалдаяқов; ә) Н.Меңдіғалиев; б) К.Қуатбаев; в) Ж.Еңсепов.
13. «Қайран, Нарын» күйінің авторы?
А) Құрманғазы; ә) Махамбет; б) Есжан; в) Дина.
14. Жас кезінде Сүйінбай ақынға шәкірт болған айтыскер ақын, сазгер?
А) Естай; ә) Жамбыл; б) Нұртуған; в) Тұрмағамбет.
15.Құрманғазыға 10 жылдай шәкірт болған күйші?
А) Есбай; ә) Абыл; б) Дина; в) Алтынай.
16. «Учитель», «Шыныаяқ» күйлерінің авторы?
А) Сүгір; ә) Әлшекей; б) Қазанғап; в) Боғда.
17. Ақан серінің атын үш жүзге танытқан әні?
А) «Сегіз аяқ»; ә) «Ақбақай»; б)«Адасқақ». в) «Құлагер»;
18. Қазақтың дәстүрлі ән өнерінде Батыс өңіріндегі әншілік мектептің негізін салған әнші?
А) Мұхит; ә) Ғарифолла; б) Төреш; в) Біржан сал.
19. Қазақтың жазба кәсіби музыка мәдениетін дамытуға музыкалық білім алған мамандар қай елден шақырылды?
А) Италиядан; ә) Кореядан; б) Қытайдан; в) Ресейден;
20. Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижері болған кім?
А) Ж.Шанин; ә) А.Жұбанов; б) Т.Қажығалиев; в) А.Жайымов.
21.Қазақтың кәсіби би өнерінің негізін қалаушы, ұстаз, актриса
А) Гауһар Шомбалова; ә)Шәрипа Түрікбаева; б)Шара Жиенқұлова; в)Жамал Омарова.
22. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің есімімен аталады?
А) Елубай Өмірзақов; ә) Мұхтар Әуезов; б) Қапан Бадыров; в) Шәкен Айманов.
23.Дыбысқа жылылық беретін тербеліс әдісі
А) вибрация; ә) вариация; б) рапсодия; в) динамика:
24. Орындаушылық мүмкіндікті дамытуға арналған шығарма
А) прелюдия; ә) рондо; б) поэма; в) этюд.
25. Опера басталар алдында орындалатын оркестрге арналған кіріспе
А) романс; ә) каденция; б) увертюра; в) хор.
6 класс 2 нұсқа
1.Музыкадағы дыбыс күшін азайту немесе күшейту дәрежесі
А) фермата; ә) месса; б) екпін; в) динамика.
2. Құрманғазыға 10 жылдай шәкірт болған күйші?
А) Есбай; ә) Абыл; б) Дина; в) Алтынай.
3. Француз тілінен аударғанда дирижер сөзі қандай мағынаны білдіреді?
А) шағын алаң; ә) рондо; б) бағыттау, басқару; в) екпін.
4. 1981 жылы АҚШ-қа барып күй тартқанда, американдықтар сахнадан жібермей тұрып алған күйші.
А) Асылбек Еңсепов; ә) Нұрғиса Тілендиев; б) Қаршыға Ахмедияров; в) Секен Тұрысбеков.
5.Айымгүл Меңжанованың әні:
А) «Сарыжайлау»; ә) «Алатау»; б) «Үш қоңыр»; в) «Қоңырау».
6. Бір уақытта естілетін, өзара белгілі бір тәртіппен орналасқан үш немесе одан да көп дыбыстардың үндестік үйлесімі
А) фермата; ә) ария; б) аккорд; в) поэма.
7. «Адай», «Аман бол, шешем, аман бол!», «Кісен ашқан», «Балбырауын» күйлерінің авторы?
А) Дәулеткерей; ә) Қазанғап; б) Тәттімбет; в) Құрманғазы.
8. Көп дауысты вокалды музыка
А) вариация; ә) хор; б) оркестр, в) ариозо.
9. Қазақстанда вальс жанрының негізін салушы композитор?
А) Дүнгенбай Ботбаев; ә) Мұқан Төлебаев; б) Латиф Хамиди; в) Марат Омаров.
10. «Армандастар» әнін орындап, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген әнші
А) Нұрғали Нүсіпжанов; ә)Тоқтар Серіков; б) Ақжол Мейірбеков; в) Марат Әйтімов.
11. Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау» әні балаларға арналған қай кинофильмде пайдаланылған?
А) «Саған күшік керек пе?»; ә) «Менің атым Қожа»; б) «6 жасар Алпамыс мектепке барады»;
в) «Шоқ пен Шер».
12. «Домбыраның Жамбылы» атанған күйші
А) Абыл; ә) Мәмен; б) Дина; в) Жантөре.
13. «Қайран, Нарын», «Жайық асу», «Исатайдың Ақтабаны - ай» күйлерінің авторы кім?
А) Есбай; ә) Құрманғазы; б) Дәулеткерей; в) Махамбет.
14. Музыкалық шығарманы әр түрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы.
А) концерт; ә) оркестр; б) термешілер; в) хор.
15. Музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаратын жетекші.
А) дирижер; ә) көркемдік жетекші; б) директор; в) концертмейстер.
16.24 жасында Кеңес Одағының халық артисі атағын алған қазақ әншісі
А) Шабал Бейсекова; ә) Рабиға Есімжанова; б) Жамал Омарова; в) Күләш Байсейітова.
17. Қазақстан симфониялық оркестрі қай жылы құрылды?
А) 1940 жылы; ә) 1944 жылы; б) 1958 жылы; в)1950 жылы.
18.Париждегі Дүниежүзілік көрмеде және этнографиялық топ құрамында Берлинде өнер көрсеткен әнші:
А) Иса Байзақов; ә) Манарбек Ержанов; б) Жүсіпбек Елебеков; в) Әміре Қашаубаев.
19. «Атамекен» әнінің музыкасын жазған композитор
А) Ибрагим Нүсіпбаев; ә) Әбілахат Еспаев; б) Ескендір Хасанғалиев; в) Айтқали Жайымов.
20.Ақан серінің әнін тап:
А) «Көзімнің қарасы»; ә) «Жанбота», б) «Жай қоңыр»; в) «Құлагер».
21.Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі қай жылы құрылды?
А) 1940 жылы; ә) 1930 жылы; б) 1929 жылы; в) 1934 жылы.
22. .Сахнада қойылу үшін жазылған үлкен музыкалы – драмалық шығарма:
А) концерт; ә) опера; б) соната; в) кантата.
23.Ішекті, ысқышты, үрлемелі, ұрмалы аспаптарда музыкалық шығармаларды бірігіп орындайтын музыканттардың үлкен тобы:
А)хор; ә) симфониялық оркестр; б) оратория; в) поэма.
24. «Көкіл», «Құс қайтару», «Учитель», «Шыныаяқ» күйлерінің авторы кім?
А) Дәулеткерей; ә) Боғда; б) Байжігіт; в) Қазанғап.
25. «Ақ көгершін», «Қарлығаш» әндерінің авторы, қазақтың тұңғыш кәсіби композиторы
А) Мұқан Төлебаев; ә) Қали Жантілеуов; б) Ахмет Жұбанов; в) Науша Бөкейханов.
6 класс тесттерінің жауаптары:
1 нұсқа
1.Ә. 2.Б. 3.Б. 4.Ә. 5.Ә. 6.Ә. 7.А. 8.Ә. 9.В. 10.Б. 11.Б. 12.В. 13.Ә. 14.Ә. 15.Б. 16.Б. 17.В. 18.А. 19.В. 20.Ә. 21.Б. 22.В. 23.А. 24.В. 25.Б.
2 нұсқа.
1. В. 2.Б. 3.Б. 4. Б. 5.В. 6.Б. 7.В. 8. Ә. 9.Б. 10.А. 11.Ә. 12.Б. 13.В. 14.Ә. 15.А. 16.В. 17.Б. 18.В. 19.Б. 20.В. 21.В. 22.Ә. 23.Ә. 24. В. 25.Б.
5 класс тесттерінің жауаптары:
1 нұсқа
1.Ә. 2.В. 3.Ә. 4.Ә. 5.Ә 6.Ә. 7.А. 8.А. 9.В. 10.А. 11.А. 12.Ә. 13. А.
14.Б. 15.Ә. 16.А. 17.А. 18А. 19.В. 20.А. 21.А. 22.Б. 23.Ә. 24.А.
25.Б.
2 нұсқа
1 А. 2.Ә. 3.Б. 4.А. 5.Ә. 6.А. 7.А. 8. В. 9.А. 10.А. 11.Ә. 12.Б. 13.А.
14.А. 15.Ә. 16.Ә. 17.А. 18.Б. 19.А. 20.Б. 21.Ә. 22.В. 23.Ә. 24.В.
25.Ә.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты
5 класс. Музыкадан тест сораулары
5 класста музыкадан кабатлау өчен тест сораулары...
6 класс музыкадан тест
6 класста музыкадан кабатлау өчен тест сораулары (җаваплары белән)...
7 класс музыкадан тест
7 класста узыкадан кабатлау өчен тест сораулары (җаваплары белән)...
физика пәнінен 7 класқа арналған тест тапсырмалары
7 кластың физика пәнінен жылдық бақылауға арналған тест тапсырмалары...
7 класқа арналған физика пәнінен тақырыптық тест тапсырмалары
бұл материалда 7 кластың физикасына арналған тақырыптық тест тапсырмалары бар....
7 класқа арналған физика пәнінен тақырыптық тест тапсырмалары
бұл материалда 7 кластың физикасына арналған тақырыптық тест тапсырмалары бар....
Тестт "Глаголсь кода корхтамань пялькс" темать коряс
1. Тестт "Глаголсь кода корхтамань пялькс" темать коряс...