ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
классный час (8 класс) на тему

 

Оқушылардың жақсы денсаулығыныңжан жақты дамуының кепілдігі тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын«Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналарменмектеп дәрігеріменаспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл kl_chas.docx22.32 КБ

Предварительный просмотр:

Класс сағатының тақырыбы:
ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
Класс  сағатының мақсаты:
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;
Міндеттері:
Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін;
- Тамақтану сауаттылығының бес негізін;
- Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін;
- «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю.
Қолданылатын көрнекіліктер:
- Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы ;
- Кеңестер слайдтар арқылы;
- Дәрумендер жиыны; Дәрумендер туралы слайдты презентациялар;
- Көкөністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы;
- Жарнамалар;
- Кинофильм «Саламатты Қазақстан» 2011 -2015 денсаулық бағдарламасы
- Кинофильм «Әдемілік және диета»
- Слайдты презентациялар «Адам ағзасына фаст -фудтың зияны»

Класс сағатының барысы :
І - бөлім : конверт
1.Бой жазу: 
Мұғалім:
- Балалар, сендерге Данышпан атай жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар , өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі тәрбие сағатымыз да сол жұмбақтың жауабымен аталады.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сұреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)
2. Шаттық шеңберін құру: 
- Шаттық шеңберін құрайық.
- Бір – бірімізге жақсы тілек тілейік!

1-оқушы:
Салауатты өмір салтын қолдайық! Өзімді өзім жақтаймын,
Ата – ана ел үмітін ақтайық. Денсаулықты сақтаймын.
Өмірдегі басты байлық дейтұғын, Жүректен жылы соншама,
Бірінші байлық – денсаулықты сақтайық. Тілейміз саулық баршаға.
2-оқушы:
Денсаулық – ол күлуің, Басты байлық – денсаулық
Болсаң да әлі қаршадай. Құру үшін сен сауық.
Көңіл күйің жадырай, Бабам айтқан даналық,
Ойнау үшін шаршамай. Керек жақсы денсаулық.
3-оқушы:
Денсаулық – ол жүруің,
Оқу үшін мектепте.
Ешбір жерің ауырмай,
Дұрыс тамақтану үшін де.
3. Жағдаяттарды шешу:
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дүрыс тамақтансаң қайтер еді ?» деді. Самат анасына : « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша ?» деді.
- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па ?
Оқушылар:
Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен
тиімді тамақтану қажет.
Мұғалім:
- Балалар. Біз бүгін сендермен ата-аналардың, мектеп дәрігерінің, аспаздың ынытымақтасуымен «Салауатты өмір салтының » қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдаймыз.

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-16.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Ыстық тамақтың бағасы 84 теңгені құрайды. Салат түрлері үнемі өзгертіліп, ауыстырылып отырылады. Салатқа жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.

Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.

Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.

 

Дұрыс тамақтану ережелері:

 

         тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

         тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

         тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.

         таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

 

1.     Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

«Демалыс бағының адам денсаулығын жақсартудағы және жергілікті жердегі табиғи процестерге әсері »

Научный проект ученицы 11 класс СОШ им.Т.Жарокова Жанибекского района ЗКО Коныровой Айман.Руководитель проекта-учитель биологии Закарина Гулия Сансызбаевна.Ссылка для закачки  -  http://depo...

Компьютер және денсаулық Салалас құрмалас сөйлемдер

Нұрмақанова Зайра Әбікейқызы- қазақ тілі және әдебиет пәні мұғаліміСолтүстік Қазақстан облысыҒабит Мүсірепов атындағы аудан«Рузаев орта мектебі»2 санатты мұғалім Сабақтың тақырыбы: Компьюте...

«Денсаулық сақтаймыз – өзімізді баптаймыз»

6 «А» сыныпКүні:                   Тақырыбы: «Денсаулық сақтаймыз – өзімізді баптаймыз»Сабақтың мақсаты:1. оқу...

Спорт – денсаулық кепілі. Сын есім және оның түрлері.

Спорт – денсаулық  кепілі.  Сын есім  және  оның  түрлері.Бұл сабақ орыс мектебіндегі  қазақ тілі  пәнінен. Сабақ  жаңа формат әдісімен құрастырылды. сабақта ...