Халықтардың ұлы қоныс аударуы
учебно-методический материал по истории (5 класс) по теме

Аяпова Жумагул Исагаликызы

Ғұндардың қоныс аударуы, шаруашылығы мен тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері туралы білім беру. Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру. Елін, жерін,сүйетін ұлттық рухы биік мәдениетті азамат тәрбиелеу.

Шағын жинақталған мектепте қатар оқытатын кластарда ұқсас тақырыптарды бір сабақта кіріктіріп өткізу тиімді.

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon 5.0.doc70 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы: Халықтардың ұлы қоныс аударуы (5 класс)

                                          Халықтардың ұлы қоныс аударуы (6 класс)                                

Сабақтың мақсаты: 

1.Ғұндардың қоныс аударуы, шаруашылығы мен тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері туралы білім алу;

2.Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай   білімін толықтыру;

 3.Елін, жерін,сүйетін ұлттық рухы биік мәдениетті азамат   тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, өлең құрастыру, жалғастыру, тест жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, Аттила т.б.тарихи тұлғалардың  

                                        суреттері,сызбалар, нақыл сөздер,ТОС.

Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы: 

І. КІРІКТІРІЛГЕН    БӨЛІМ

БАҒДАРЛАУ – МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ

  • «Қоныс аудару» деген сөзді қалай түсінесің, басқаша қалай айтуға болады (синонимін тап)
  • Шаруашылық дегенде көз алдарыңа не елестейді?

Егін

 Аң аулау

Балық аулау

                                 

ІІ. САРАЛАНҒАН  БӨЛІМ

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ – ОРЫНДАУШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ

Тапсырма №1 Сұраққа жауап беріңіздер: 5-6 класс

1.Әскерлерінің негізін кімдер құрады?

2.Жауынгерлердің негізгі қарулары қандай болды?

3.Ғұндар соғыс құралдарын  неден жасады?

4.Қамал бұзатын қару түрі суреттеп айт?

5.Ғұндардың мемлекет басшысының лауазымды аты мен қызметі туралы әңгімеле.

Тапсырма №2    Жалғастырыңыздар:

        «… Олар ертелі-кеш ат үстінен түспейді…. »

Тапсырма № 3

5 класс   Ой-толғаныс-5 жолды өлең құрастыр.

  1. Ғұндар
  1. Жауынгер батыр
  2. Шабуылдады, қосылды, қоңыстанды.
  3. Ғұндар тарихы өте қызықты.
  4. Тайпа

6 класс

Ұлы ақын  М. Жұмабаевтың «Пайғамбар»өлеңін оқып,талда.

ІІІ.  КІРІКТІРІЛГЕН    БӨЛІМ

РЕФЛЕКЦИЯЛЫҚ – БАҒАЛАУ КЕЗЕҢ

Тапсырма № 4

5 класс       ЭССЕ  жазыңыздар.

Ғұндар қазақ жеріне Орталық Азиядан келді. Олардың тарихы Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Ғұндардың б.з.б ІҮ ғ. көптеген көшпелі тайпалармен қосылып, Оңтүстік орыс даласына, одан әрі Дунай өзеніне барып, «ғұндар» деген атпен қазіргі Венгрия жеріне барып қоныстанып,одан әрі Италия, кейін Рим империясының құлауына себепкер болады. Рим бастап барған Аттиланың ерлігінің өзі қаншама!

 6 класс Кестені толтырыңыздар.

Білемін

Білгім келеді

Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы маңызда орында болды. Бір жайылымнан екінші жайылымға көшіп жүрді.

Егіншілікпен айналысқан, аң аулау кәсіпші-лігімен айналысқанын білемін.

Ғұндар негізінен киіз үйде тұрды.Тұрмысқа қажетті керекті заттарды өздері қолмен жасап алды.Қолданатын ыдыстарды ағаштан, теріден, қыштан   жасаған.

Сүт, қымыз, айран, қаймақ т.б. тағамдарын ыссы күндері қалай сақтағанын білгім келеді.

   

Тапсырма№ 5

  5класс   Тест сұрақтары.

1.Б.з ІҮ ғасырда ғұндар қай жерді қоныстанды?

А)Сырдария.     В)Орталық Қазақстан      С)Орал даласы.    Д)Рим.    Е)Венгрия.

2.Солтүстік ғұндардың билеушісінің есімі?

А)Мөде.           В)Атилла.       С)Чжи-Чжи.      Д)Елұй Дашы      Е)Үшелік.

3.Ғұндардың егіншілікпен айналысқанын кімнің деректерінен білеміз?

А)Ж. Баласағұн     В)М. Дулати  С)М.Қашқари     Д)А. Яссауи     Е)Қ.Жалайри

4. «Ғұн түркілердің арғы атасы»деп тұжырым жасаған қазақ зиялысы кім?

А)Ш. Уәлиханов. В)М.Қозыбаев С)Ә.Марғұлан  Д)М.Жұмабаев Е)С.Асфендияров

5.Ғұндарда қасиетті орын не болып есептелген?

А)Төр      В)Шаңырақ    С)Ошақты      Д)Бұлақ маңы    Е)Тау беткейі.

6.Шаньюй кімдер билеушісіне тән атау?

А)Түріктер     В)Андоновтар   С)Қарақытай   Д)Ғұн      Е)Қыпышақ

 6 класс

Ой-толғаныс: өзі таңдаған тақырыптарына жазады.

Мысалы:  Р- роль                       Р- 6 класс оқушысы

                 А- аудитория              А- Аттила

                 Ф – форма                   Ф –хат

                 Т – тақырып               Т- «Ерлігіңізбен есіміңіз мәңгі есімізде сақталады».  

 Тапсырма № 6             6класс   Оқулықтан тыс тапсырма  «Не білдім?»

-Қосымша дерекпен жұмыс. «Аттила – нағыз қолбасшы».

Ғұндардың 2-қоныс аударуы 93-жылы болды. Олар Сырдарияға, Аралға, Орталық және Батыс Қазақстанға орнықты. ІҮ ғасырда оңтүстік орыс даласындағы Дунайға өзеніне дейін жетіп, Венгрия жеріне Гундар деген атпен қоныстанды. Осы кезеңдегі Ғұндардың бірден-бір даңқты қолбасшысы Аттила шамамен 400-453 жылдары өмір сүрген еді. Аттиланы қазақтар Еділ деп атайды. Өйткені, ғұндардың орталығы батыс Қазақстандағы Еділ мен Жайық өзені аралығында орналасқан. 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан грек тарихшысы Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі, көзі өткір, сұсты болған. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды, әрі құлаққа жағымды».

Ол Еуропаны, Африканың солтүстік бөлігін, батыс Азияны қамтыған рим империясын жеңіліске ұшыратты. Нәтижесінде:

  • Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті;
  • Құл иеленушіліктің жойылуына әсер етті;
  • әскери-демократиялық құрылысты нығайтты.

Еуропаның ақсүйектері Аттилаға балаларын оқытып тәрбиелеуге берген. Себебі:

  • батырлығы мен адалдығы;
  • соғыс тактикасын шебер ұйымдастыра білуі;
  • бодан елдерге шектен тыс қиянат жасамағандығы;
  • ақылдылығы мен көрегендік қасиеттері үшін.

Даңқы мен атағы жер жарған Еділ Рим империясын бағындырған соң: «Маған яғни түрік жұртына енді қарсы тұрар ешкім жоқ, сондықтан мен енді соғыспаймын» деп, астындағы Алтынжал атты тұлпарын босатқан екен.

   

Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы – 5 класс

Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.

65-60 ұпай – «5

59-50 ұпай – «4

49-35 ұпай – «3

Тапсырмалар

Мұғалім берген ұпай   саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1

Сұраққа жауап беру

20

2

Жалғастыр

5

3

Ой толғаныс

5

4

Эссе

5

5

Тест

30

Барлығы

65

Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы – 6 класс

Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.

45-40 ұпай – «5

39-30 ұпай – «4

29- 23 ұпай – «3

Тапсырмалар

Мұғалім берген ұпай   саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1

Сұраққа жауап беру

20

2

Жалғастыр

5

3

Өлеңді талдау

5

4

Кестені толтыру

5

5

Ой толғаныс

5

6

Қосымша дерек

5

Барлығы

45

Үйге тапсырма. 5 класс Мәтінді оқу. Оңтүстік ғұн мен парсылардың қарым-қатынасын

                                             сипаттау.

                    6 класс. Мәтінді оқу. Ғұндардың әлемдік алатын орны туралы деректер жинау.