Біріккен сөздердің емлесі.
план-конспект урока (8 класс) на тему

 

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің емлесі. 

Сабақтың мақсаты:а)білімділік: оқушыларға біріккен сөздер, оның түрлері, біріккен сөздердің емлесі жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.  ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл м»әдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.   б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл urok.docx20.95 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің емлесі.

Сабақтың мақсаты:а)білімділік: оқушыларға біріккен сөздер, оның түрлері, біріккен сөздердің емлесі жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.  ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл м»әдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.   б)        тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымы-мен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.( Сергіту бөлімі)

  • амандасу, «Сәтті күн» тілек білдіру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:   Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

Өткенді шолу, сұрақтарға жауап беру: «Миға шабуыл»

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, түтас бір үғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоцсан де-ген сөздер екі сөзден күралып (бел жэне бау, баспа жөне сөз)

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1)аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары:, тас-бақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан,бәйшешек.
2)географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық,  Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, т. б.;

3) кісі   аттары:   Орынбасар,   Сейілбек,   Мухаметжан,   Ерасыл,   4)дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа,
5)ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел, қылтамақ, қарасан, т. б.;

  1. ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек,
  2. ән, күй, өлең аттары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қараторгай,

8)        қоғамдық өмірге,  күнделікті түрмыска байланыс-ты әр түрлі  атаулар:  баспасөз,қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн,

9)        мезгілге байланысты атаулар: биыл, бүгін, қыстыгүні, жазғытүрым, күздігүні, т. б.;

10)        белгісіздік, болымсыздык мәндегі атаулар: ешкім,  ештеңе,  қайсыбіреу,  әлдекім,

Шығармашылық  жұмыс:   Мына  қосарлы айқындауышты қатыстырып сөйлем құраңдар.

 Абылай хан, жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, әйел-ана, күйші Құрманғазы, би-шешендер, ғалым-ұстаз, әнші Күләш,

Өз      Өздік жұмыс:  1. Біріккен сөзді тап.

А       А) Талдықорған        В) Ашық ауыз        С) бес дәптер         Д) қоңыр ала           Е) тісін қайрады

2.           2. Дара сөзді тап.

А)     А) тізесін бүкті          В) әкімшілік        С) бес жүз          Д) отыз бестерге      

Е  ) жақсы көру

3.         3. Күрделі сөзді тап.

А         А) қолын жуды    В) миллионның жартысы   С) жарақаттану   Д) жығылып қала жа        жаздады    Е) Ел отырды

4.          4. Кіріккен сөзді тап.

А)      А) Мөлдір су        В) Ақыр заман орнату        С) күздігүні          Д) Қазақстан

    Ре        Республикасы       Е) Қабағынан қар жауды.

5             5.Қысқарған сөзді тап.

А)        А)Көз шырымын алды            В) Әлек салды               С) Кетіп бара жатыр      

Д)       Д) Оқуды үздік оқиды               Е) педколледжді бітірді

 

ІV. Бекіту бөлімі: 2-тапсырма. Жүмбақтардың шешуі біріккен сөз, шешуі болған сөзді сатылай комплексті талдау.

Тарбаң-тарбаң тарбиған,        Сап-сары көйлегі,

Түрі жаман жарбиған.        Қап-қара түймелі.

(тасбақа)        Көрсетер сүйгенін

Басының игені.   (Күнбағыс)

 а) жаттығумен жұмыс:           93-жаттығу.   Берілген сөйлемдерден  қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.                              

ә) тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді  талдау жүргізеді.

V. Қорытынды:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.  

Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне тоқталады.

VІ. Бағалау. Үй тапсырмасы:

«Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру.

Нәтижелі жұмысқа «Үш шапалақ».


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Қазақ поэзиясын сүйсініп оқыған дарынды оқушымның кейбір аудармаларын сіздердің назарларыңызға ұсынамын.

Барабаш Надежда –Петропавл қаласындағы Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің 11 сынып оқушысы.  Сегізінші сыныптан бері  ұлы қазақ ақындарының өлеңдерін орыс тіліне аударуға құштар. Қ...