Мақала
статья по теме

Қазіргі кездегі тілдің алатын орны. Тілдің игерілу деңгейі ойланатын жай. Тіл-халық байлығы, аталар аманаты. Тілдің байлығын сақтай біздің парызымыз.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл makala.docx19.95 КБ

Предварительный просмотр:

Қалмағамбетова Гүлжамила Шынтасовна

Ақтөбе қаласы № 1орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ тілін меңгеруде  жаңа технологиялардың алатын орны.

«Ұлттың сақталуына да,

 жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл»

Ахмет Байтұрсынов

         «ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз»- деген Қазақстан халқына жолдауында елбасымыз Н Ә Назарбаев. Міне, сондықтан білімі дамыған елдердің қатарынан өзімізді, ұрпағымызды көргіміз келсе дұрыс, сапалы бағытты ұстануымыз керек. Ал, бұл ұстаным, бағыт ең алдымен жаңа технологияларды тиімді игеру.

        Заман талабына сай,соңғы кездері жаңа технологиялар туралы көп сұрақтар көтерілуде. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту өз жалғасын таба бермек. Тек, бастысы дұрыс және тиімді пайдалана білуіміз қажет.

       Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психолого-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

      Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге итермелейді.

       Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауда, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

   «Инновация»  деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөздерінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңарту, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Зерттеулер бойынша «инновация» - педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық, яғни жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.

     Инновациялық технология дегеніміз не? Технология – амал-тәсілдердің жиыны, іс-қимыл, адамның шеберлігі, өнері ( Г. Хайруллин) Педагогикалық технология – оқу үрдісін жүзеге асырудың техникасы ( В. Беспалько ).

       Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

        Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады.Дегенмен де, ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

   Инновациялық технологиялар:

  • Жобалау технологиясы
  • Саралай-даралап оқыту технологиясы
  • Дамыта оқыту технологиясы
  • Модульдік оқыту технологиясы
  • Биоақпараттандыру және синергетика технологиясы
  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
  • Сатылай комплексті талдау технологиясы
  • Деңгейлеп оқыту технологиясы
  • Проблемалық оқыту технологиясы
  • Ойын технологиясы
  • Ірі блокты шоғырландыра оқыту технологиясы

 Инновациялық технологияларды қолдану барысындағы күтілетін нәтижелер:

  • Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі
  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады
  • Әр оқушының білім деңгейін анықтай аласың
  • Класты толық бағалауға мүмкіндік туады
  • Оқушыны ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді
  • Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады
  • Жеке тұлғалық сипатын дамытуға,шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

    Тиімді қолданылған инновациялық технологиялар қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында білім сапасын арттырады:

  • Кластың жас ерекшелігін әрдайым ескеріп отыру
  • Әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру
  • Әр сабақта мүмкіндігінше интерактивті әдістерін қолдану
  • Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу
  • Инновациялық технологияларды тәжірибе жүзінде сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу
  • Оқушылардың тілін, сөздік қорын дамытуда, өздік жұмыс жасауға, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізіп ғана қоймай, оны дәлелдеуге баулу.

    Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің басты мақсаты. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.

    Соңғы уақытта мультимедиялық құралдар кеңінен қолданылады. Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдардың тиімді жақтарын атап өтсек:

- оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады

- танымдылық қабілетін арттырады

- этнопедагогикалық тәрбие береді

- оқытушының уақытын үнемдейді

- оқулықтан тыс қосымша материалдар береді.

  Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін  және танымдық процестерді жадынын алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекітіп, шығармашылық деңгейін арттыру. Сабақтың қызықты, тартымды, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Осы жерде белгілі ғалым Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген асыл сөздерін айта кеткен жөн сияқты. Сабақтың әр кезеңдерінде, түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы  сапалы нәтижеге жетуге болады.

   Биоақпараттандыру және синергетика технологиясының ерекшелігі: мұғалім басқарушы,білім алуды және пікірталасты ұйымдастырушы. Оқушылар арнайы жоспар бойынша өз бетінше жұмыс жасайды, дағды қалыптасады, өз білгенін басқаға үйретеді. Жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс түрлері орындалады. Машықтану жаттығулары жасалады, жұмыс жасау уақыты шектеледі. Әр оқушы өз білім деңгейіне қарай жұмыс жасайды. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін, зейінін, жұмыс жасау жылдамдығын дамытуға ықпалы зор. Оқушылардың өзіндік ізденіс дағдылары қалыптасады. Оқушылар өздерін, жұбын бағалауға үйренеді. Ынтымақтастық тәжірибесі жүзеге асады.  

        Қазақ тілін оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолдарының бірі.