барыс септік
план-конспект урока по теме

4-класс "Барыс септік" тақырыбында ашық сабақ жоспары

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon kazak_tili_barys_septik.doc32 КБ

Предварительный просмотр:

                                  Қазақ тілі                             4  -класс                  15.01.2013

Сабақтың тақырыбы: Барыс септік

Сабақтың мақсаттары: 1.Оқушылардың зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейте түсу, өз бетімен жұмыс жасату арқылы барыс септік туралы білім алуға жағдай жасау, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2. Ойындар арқылы пәнге қызығушылығын арттыру, білімділігін дамыту,
 шығармашылық қабілетін шыңдау
3. Оқушыларды оқу білімге шақыру, білімпаздылыққа, сауаттылыққа,  ұжымдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Түрі: жаңа білімді меңгерту

Әдістері: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, ойын, баяндау, ізденіс әдісі, жазба жұмысы, өз бетімен жұмыс

Көрнекілік: слайд, сызба, деңгейлік тапсырма карточкалар

                             

                                                         Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.

- Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр, олармен амандасып алайық!

- Қайырлы күн!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

27, 29-жаттығу ауызша тексеріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Ой қозғау.  Желбіреген аспан түсті байрағы,

                        Батыр елмін барыс сынды айбары.

                        Мен қазақпын деп айтуға мақтанам,

                         Ынтымақты бұзылмаған қаймағы.

- Балалар, біздің еліміздің символына айналған барыс туралы не білеміз? - деп оқушылардың ойын тыңдау.

- Барыс қандай жануар?

- Алғыр, күшті, жылдам, қырағы, жүйрік

- Ендеше бүгін сабақты бір бірімізге барыс сөзін қатыстырып, жақсы тілек айтып бастайық,

Арайлым:   Мирас жазуда барыстай жылдам, епті бол!

Исатай:      Арайлым,  оқуда барсытай алғыр бол!,

Мирас:       Исатай, сабақта барыстай қырағы бол!

Жантілек:  Барлығына барыстың сұлулығын берсін!

    Осы айтқандарынды іске асырасындар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

2,  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу

    - Балалар, байқап отырған шығарсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Барыс септік» Сабақта жеті септіктің бірі барыс септігінің сұрақтары, жалғауларымен кеңірек танысамыз. №5 слайд

3. - Балалар, өткен сабаққа шолу жасап кетейік.  Ол үшін жеті санына қатысты ұғымдарды еске түсіріп, сол ұяшықтың артындағы сұраққа жауап берсек, сол атаумен жақын танысамыз. Слайдтан ұяшық тандап, өткен сабаққа қатысты материалдарды пысықтау. №6 слайд

4. - Өте жақсы, ендеше бүгінгі сабаққа оралып, барыс сөзін шапшаң септеп берейік. Слайд №14

5. 31-жаттығу ауызша орындалады. Қарамен жазылған сөздер сөз құрамына талданып, сұрақ қойылады

6. 32-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Кімге? Неге? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу. Слайд №15

                                           

                                               Сергіту сәті

         Слайдтағы мультфильм кейіпкерлерінің қимылын қайталау Слайд №16

7.   Слайдтағы тірек сызба көмегімен барыс септігінің ережесімен танысу. Есте сақтау    Слайд №17

8  33-жаттығу.  Ойын «Баскетболшы» Ауызша орындалады. Слайд №18-19

9. Көркем жазу. Бб  Бб Бб   Берік Баянауылда барысты байқап бақылады

10. 34-жаттығу.  Тай, ауыл, мал, мектеп, теңіз. Сөздері барыс септігіне қойып, сөйлем құрап жазу. Тақтаға бір сөйлемнен  жазу. Қалған сөйлемдерді дәптерге жазу.

IV. Қорытынды 

11.  Карточка таңдап, Деңгейлік тапсырмамен өзіндік жұмыс орындау.

V. Үйге тапсырма.

 35, 36-жаттығу

Сұрақ жауап арқылы сабақты бекіту.

VI.  Бағалау  Естелік ретінде барыс бейнесіндегі суретті күнтізбе сыйлап, бағалау


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

7-сынып, қазақ тілі пәні. Септік жалғаулары

Жалпы мақсаттар-жеті септік сұрақтары, жалғаулары туралы түсінік беріп, меңгерту, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; диалогтік оқыту арқылы сабақтың мазмұнын ашу; формативті бағалауды сы...

Біздің қала. Септіктер.

орыс тілінде оқитын мектептің 5 сыныптағы "қазақ тілі" пәнінен сабақ жоспары....

«Үткәннәрем бер җыр, бәет, барысы чагыла җырымда»

Гөлшат Зәйнашевага багышланган әдәби-музыкаль композиция...