Тақырыбы | Үшбұрыш. Үшбұрыштың түрлері. |
Сыныбы | 7 «Ә» |
Күні | 16.10.2014 |
Мақсаты | Сын тұрғысынан ойлай отырып, оқушылардың геометрия пәні бойынша білімдерін кеңейту. Тақырыпқа қатысты мәтінді оқыта отырып, оқушылардың оқылым, айтылым әрекеттерін қалыптастыру. Үшбұрыштың түрлерін білуі. Түрлеріне қарай үшбұрыштарды салуы. |
Міндеттері | - Ұшбұрыш ұғымымен танысу және оларды өмірде қолдана білуге үйрету;
- оқушылардың уақытын тиімді пайдалануын дағдыландыру;
- оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже | Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуы қамтамасыз етіледі. Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады . Оқушылар іс-әрекеттер барысында бірін-бірі және өзін-өзі бағалау арқылы ізденімпаздыққа, жауапкершілікке деген дағды қалыптасады. Үшбұрыштың түрлерін біледі. Түрлеріне қарай үшбұрыштарды салады. Өзгелерді тыңдайды. Өз идеяларын ортаға салады. Әлеуметтік өзара әрекеттестікке түседі. |
Ресурстар | Шыныбеков Ә.Н. Геометрия, 7 сынып, Алматы, «Атамұра» 2012. Интерактивті тақта, электрондық оқулық, флипчарт, маркер, түрлі түсті бояу, бағалау парақтары, интернет, планшет, үлестірме қағаздар |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Кіріспе | - Сәлемдесу
- Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысу
- 1, 2, 3, 4-ке саналу арқылы топтарға бөлу. (4 топ)
- Топтың алтын ережесін құруға тапсырма берді.
- Топ мүшелерінің міндеттері туралы айтты.
|
3. 1-топ: тікбұрышты, 2-топ: тең қабырғалы, 3-топ: тең бүйірлі, 4-топ: әртүрлі қабырғалы үшбұрыштар бойынша топтарға бөлінді 4. Топтың алтын ережесін құрды. 5. Топ мүшелері міндеттерін бөліп алды. |
Тұсаукесер | Ұйымдастыру кезеңі. - Электронды оқулықпен жұмыс. (Үшбұрыш туралы анықтама және оның элементтері, периметрі)
- Миға шабуыл. Сұрақтарға жауап беру.
«Үшбұрыштарды өмірде қай жерлерде қолданамыз?» - Үшбұрыштың шығу тарихы
|
- Оқушылар мұқият тыңдады.
- Сұрақтарға жауап берді.
Топ ішінде сұрақтарды талқылау. - 1 оқушы планшетпен интернет желісі арқылы «Үшбұрыштардың тарихы» туралы ақпарат тауып, оны бүкіл сыныпқа таныстырды.
|
Негізгі бөлім | - 4 топқа тақырыптарына байланысты мән-мәтін таратып берді.
- Оқулықпен жұмыс. №46-1 топ, 47-2 топ, 48-3 топ, 49-4 топтарға бөліп берді.
- №56, 60 есептерді барлық топтарға орындауға берді.
| - Әр топ мүшелері өз тақырыптарына байланысты топта талқылау жасап, одан соң постермен жұмыс жасады. Постерді қорғады.
- Топтар есептерді А3 форматына жазып, тақтада есептің шығарылу жолдарымен таныстырып, жауабын айтты.
- Топ мүшелері есептерді шығарды.
|
Сергіту сәті | Оң қолмен мұрынды, сол қолмен оң құлақты ұстап, қолдардың орнын ауыстыру. |
Қорытынды бөлім | Иртерактивті тақтада «Сөйлемді аяқта» тапсырмасын ұсынды. - Үшбұрыш тең бүйірлі деп аталады, егер...
- Үшбұрыш тең қабырғалы деп аталады, егер...
- Үшбұрыш әртүрлі қабырғалы деп аталады, егер...
- Үшбұрыш тік бұрышты деп аталады, егер...
- Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы ...... тең
| Сөйлемдерді аяқтап жазды. |
Бағалау
| Формативті бағалау: топтық, өзара, жеке бағалау; смайлик жинау, мадақтау, сенім білдіру. Смайлик арқылы бағалау.
|
Рефлексия | Топтың әр мүшесі рефлексия жасайды. - Мен жеке жұмыстың нәтижесінде ... болады деп ойлаймын.
а) теориялық материалды талдауға ә) есеп шығаруға үйрендім б) өткен материалдың барлығын қайталадым 2. Есеп шығаруға не жетпеді? а) білімім ә) уақытым б) ынтам в) өз дәрежесінде шығардым 3. Сабақ барысында қиындықты жеңуге кім көмектесті? а) сыныптастарым ә) мұғалім б) оқулық в) ешкім |
Үй жұмысы | № 61 есеп 28-бет |
|